Анықтама. Маршрутизатор дегеніміз — әрбір сегменттің адресін білетін, ең тиімді бағытты анықтайтын және кең таралған хабарламаларды сүзгіден өткізетін құрылғы. Ол OSI үлгісінің Желілік деңгейінде жұмыс істейді. Олар пакеттерді көптеген желі арқылы бағыттап отырады және адрестерін анықтайды.
Бағыттауыш кестесінде желілік адрестер сақталады. Желіде қолданылатын әрбір хаттама үшін өзінің бағыттауыш кестесі құрылады. Ол келесі ақпараттан түрады:
- барлық белгілі желілік адрестер;
- басқа желілермен байланыс тәсілдері;
- бағыттауыштар арасындағы мүмкін жолдар;
- бұл жолдар бойынша беріліс құны.
Әртүрлі варианттардың мүмкіндігін және жолдардың құнын салыстыра отырып бағыттауыш деректер үшін ең тиімді бағытты таңдайды.
Бағыттауыштар хатгамалардың барлығымен жұмыс істей бермейді. Бағыттауыштармен жұмыс істейтін хаттамаларды бағытталушы деп атады. Оларға DECnet, IP, IPX, OSI, XNS хаттамалары жатады. Бағытгалмайтын хаттамаларға LAT, NetBEUI жатады.
Бағыттауыш желіні «тыңдап», оның қай бөлігінің көбірек жүктелгенін анықтайды. Ол желі сегменттері арасындағы транзиттер санын орнатады. Осы ақпараттарды пайдалана отырып, бағыттауыш деректерді жіберу бағытын таңдайды. Егер жолдардың біреуі артық жүктелген болса, басқа жолды көрсетеді.
Көпірлер мен бағыттауыштардың айырмашылығы олардың OSI үлгісінің әртүрлі деңгейінде жұмыс істейтіндіктерінде. Бағыттауышта ақпарат көбірек, ол адрестер мен қатар хаттамалар типтерін де ажырата алады. Ал көпір желілер арасындагы тек бір жолды ғана ажыратады. Бағыттауыш бірнеше мүмкін жолдардың ішінен қазіргі мезеттегі ең тиімдісін анықтай алады.
- Анықтама. Көмей — әртүрлі хаттамаларды пайдаланатын ақпараттық желілерді қосатын қүрылғы. Көмейлер OSI үлгісінің Қолданбалы деңгейінде жұмыс істейді.
Көмейлер әртүрлі архитектуралар мен орталардың байланысын қамтамасыз етеді. Олар әртүрлі ортада түсінікті болуы үшін деректерді қайта біріктіру және түрлендірумен айналысады. Көмей қабылдау жүйесінің талаптарына сай деректерді қайта біріктіреді; қабылдаушы жақтың қолданбалы программасы деректерді түсінуі үшін хабарламаның форматын өзгертеді. Мысалы электрондық пошта көмейлері хабарламаларды бір форматта қабылдап, оларды өзгертіп, басқа форматпен жібереді.
Көмейлер екі жүйені қосады, егер олар әртүрлі:
- коммуникациялық хаттамаларды қолданса;
- құрылымды және деректер форматгары болса;
- тілді;
- архитектураны.
Көмейлер нақты мақсатты орындау үшін, деректерді нақты типке түрлендіруге қолданылады. Деректерді өңдей отырып, көмейлер келесі операцияларды орындайды:
- деректерді қабылданған пакеттерден алып қарастыра отырып, оларды жіберуші желіде төменнен жоғары қарай барлық хаттамалар стегі арқылы өткізеді;
- оларды қабылдаушы желіде жоғарыдан төмен қарай барлық
хаттамалар стегі арқылы өткізеді де алынған деректерді қайтадан топтастырады.
Көбінесе желідегі көмейлердің рөлін бөлінген серверлер орындайды, сондықтан бұл желіні үзарту үшін жеткілікті түрде қымбатқа тусетін құрылым болып есептеледі.
Бұл бөлімде қарастырылған компоненттер жергілікті және ауқымды желілерде қолданылады, соның ішінен Сіздің өз желілеріңіздің өлшемін және өнімділігін арттыруға қажеттілерін таңдай білу керек.