Apple Talk желілік технологиясы
Apple Computer, Inc компаниясы 1983 жылы Apple Talk-ті кішігірім топтарға арналған «фирмалық» желілік архитектура ретінде ұсынды. Желілік функциялары Macintosh компьютерлерінің ішінде орналасқандықтан, Apple Talk желісі басқа желілермен салыстырғанда қарапайым орындалады.
Apple Talk желісінің негізгі сипаттамалары:
- дәстүрлі топологиясы шина немесе бұтақ
- беріліс типітаржолақты
- ену әдісі CSMA/CA
- деректердің беріліс жылдамдығы 2 кбит/с
- кабельдік жүйесі UTP, оптикалық талшықты кабель
Apple Talk клиент-серверлі таратылған жуйе ретінде құрылған болатын. Басқаша айтқанда, қолданушылар желілік ресурстарды (файлдар және принтерлер сияқгы) ортақ пайдаланады. Бұл ресурстарды қамтамасыз ететін компьютерлер қызмет көрсетуші немесе қызметші құрылымдар деп (servers), ал желілік қызметші құрылымдардың ресурстарын пайдаланатын компьютерлер клиенттер (clients) деп аталады. Қызметші құрылымдармен әрекеттесу қолданушы үшін айтарлықтай дәрежеде айқын болып табылады, себебі қажетті материалдың орнын компьютердің өзі анықтап, қолданушының қатысуынсыз оған хабарласады. Таратылған жүйелер қарапайым болумен қатар, барлығы тең басқа жүйелерге қарағанда экономикалық артықшылығы бар, себебі маңызды материалдар көп жерлерде емес, бірнеше жерде ғана орналасуы мүмкін.
LocalTalk — Apple компаниясының патенттелген таратушыға енуші жүйесі. Ол жүйе кіруге мүмкіндік алуға бәсекелестікке негізделген, біріктіруші топологиясы шина және сигналдар негізгі жолақ бойынша беріліске (baseband signaling) түседі, таратушысы — 230,4 Кбит/с жылдамдықты экрандалған шиыршықталған жүп. LocalTalk сегменттері 300 метр қашыктыққа таралуы мүмкін және 32 түйінді қамтамасыз ете алады.
Apple Talk бірнеше желілік объекгілерді теңестіреді. Ең қарапайымы — Apple Talk желісіне қосылған кез-келген құрылым болып табылатын түйін (node). Ең кең таратылатын түйіндер Macintosh компьютерлері мен лазерлік принтерлер, бірақ басқа да көптеген компьютерлер IBM PC, Digital Equipment Corparation VAX және әртүрлі АЖО (автоматтандырылған жұмыс орындары) Apple Talk-пен байланыс орната алады. Apple Talk аныктаған келесі объект желі болып табылады. Apple Talk желісі жеке логикалық кабельді қурайды. Бұл логикалық кабель көбінесе жеке физикалық кабель болғанымен, кейбір есептеу орталықтары бірнеше физикалық кабельдерді қосу үшін көпірлерді пайдаланады. Соңында, Apple Talk-тьщ аймағы — (zone) бір-бірінен алыс жатқан, бірнеше желіден тұратын логикалық топ.
Arc Net ортасы — Datapoint Corporation компаниясының 1977 жылы құрылган өнімі. Бұл — қарапайым, арзан және икемді, жұмыс тобы аумағына арналған желілік архкгектура.
Arc Net желісінің негізгі сипаттамалары:
- дәстүрлі топологиясы жұлдызша — шина
- беріліс типі таржолақты
- ену әдісі маркерлік беріліс арқылы
- деректердің беріліс жылдамдығы 2,5 – 20 Мбит/с
- кабельдік жүйесі коаксиал кабель
Arc Net маркерлік берілісті қолданатьш болгаңдықтан, Arc Net жедісіндегі компьютер деректер берілісін бастау үшін, маркерді қабылдауы керек. Маркер компьютерлердің физикалық орналасуына катыссыз өзіне тағайындалған реттік нөмір бойынша бірінен-екіншісіне өтеді.