Token Ring желілік технологиясы
Token Ring желісін алғашында IBM компаниясы 1970 жылы құрған. Қазіргі кезге дейін жергілікті желілерге арналған IBM — нің негізгі технологиясы болып қалып отыр. Әйгілілігі жағынан тек Ethernet-ке жол береді.
Token Ring желісінің негізгі сипаттамалары:
- дәстүрлі топологиясы сақина
- басқа топологиялары жұлдызша-сақина
- беріліс типі таржолақгы
> ену әдісімаркерлік беріліс
> беріліс жылдамдығы4 және 6 Мбит/с
>кабельдік жүйесі UTP және STP
Token Ring желісінде бірінші компьютер жұмыс істей бастағанда, желі маркер генерациялайды. Маркер бір компьютерден екінші компьютерге олардың біреуі деректерді жіберуге даярлығы жайында хабарлап, маркерді басқаруды өзіне алғанға дейін сақина бойымен жылжиды.
Анықтама. Маркер дегеніміз — компьютерге деректерді кабель бойымен жіберуге мүмкіндік беретін алдын-ала анықталған биттер тізбегі (деректер ағыны).
Маркерді ұстап алған компьютер деректер кадрларын желіге жібереді. Кадр сақина бойымен, кадрдегі қабылдаушының адресіне сәйкес адресі бар түйінді тапқанша жылжиды. Компьютер-қабылдаушы кадрді қабылдау буферіне көшіреді де, оның өрісіне ақпаратгың қабылданғандығы жайлы белгі салады.
Кадр сақина бойымен жылжи отырып жіберуші компьютерге жеткенде, ол компьютер берілістің дұрыс өткендігі куәландырады. Бұдан кейін компьютер кадрды сақинадан жояды және оған бос маркерді қайтарады.
Желіде бір уақыт мезетінде бір бағытта тек бір маркер жіберіледі. Маркердің берілісі — детерминистік процесс. Бұл дегеніміз кез-келген соңғы станца беріліске қатысарға дейінгі максималды уақытты есептеуге болатындығын көрсетеді. Token Ring желісінің бұл сипаттамасы кідірісті алдын-ала болжауға мүмкіндік береді және желі жұмысындағы орнықтылықтың маңызын арттыра түседі. Бұл желіні қолданудың жарқын мысалдары зауыттардағы автоматтандырылған станцалар болып табылады.
ІВМ-нің Token Ring станцалар желісі кабельдердің көмегімен MAU-ға (Multistation Access Unit) тікелей қосылып -үлкен бір сақиналық желіні құрайды. Кабелдер-ұстатқыштар MAU-ды көршілес MAU-мен қосады. Кабельдер-жапырақшалар MAU-ды станцалармен қосады. MAU құрамында станцаны сақинадан шығаруға қажетгі реле бар. Сонымен істен шыққан компьютер (немесе қосылыс) Token Ring желісінің жұмысына әсер етпейді. Оған сегіз компьютерге дейін қосуға болады. Бірақ Token Ring желісі тек сақинамен шектеліп қоймайды, әрбір сақинада33 конценраторға дейін болуы мүмкін.
Сақина толған кезде, яғни MAU портына компьютер қосылған кезде, желіні тағы бір сақина қосу арқылы созуға болады. Орындауға тиісті жалғыз ереже: әрбір MAU сақинаның бөлігі етіп қосылуы керек. MAU-дың «ену» және «шығу» ұяшықтары бүтін сақинаға кабельдің көмегімен үйінді болып орналасқан 12 MAU-ға дейін қосуға мүмкіңдік береді.