Аппараттық желілік компоненттердіңқызметін қамтамасыз ететін программалар — драйверлермен танысуды бастайық.
Анықтама. Драйверлер (driver) — компьютерге әртүрлі құрылымдармен жұмыс істеугемүмкіндік жасайтын программалық жабдық.
Компьютерлердің әрбір құрылымдық типімен сыртқы құрылымдардың драйверлері бар. Драйверлердің колданылуының жақсы мысалы ретінде принтердің драйверін қарастыруға болады. Принтерлерді көптеген фирмалар шығарады және олардың функциялары да ерекшеліктері де артүрлі. Компьютерлерді шығарушыларөздерінің компьютерлерін принтерлердің әртүрлітипімен жеке-жеке жұмыс істеуге қажетті программалық жабдықтармен қамтамасыз ете алмайды. Оның орнына принтерді шығарушылар өз принтерлері үшін драйверлер құрады. Сіздің компьютеріңіз принтерге құжаттарды жіберу мүмкіндігіне ие болуы үшін, ол қүрылғының компьютермен әрекетгесуін жүзеге асыратын драйверін жүктеуіңіз қажет.
Желілік адаптер тақшасының драйверлері ортаға енуді басқару бағыныңқы деңгейінде (OSI үлгісінің арналық деңгейі) орналасқан. Ортаға енуді басқару бағыныңқы деңгейі желілік адаптер тақшасының физикалық деңгейне ортақ енуін қадағалайды, ягни драйверлер компьютер мен тақшаның өзі арсындағы тікелей байланысты орнатады. Бұл өз кезегінде компьютерді желімен байланыстырады.
Қазір сіздің компьютеріңіз бен сыртқы құрылғылар бірімен-бірі әрекетгесуге мүмкіндік алган кезде, желі компьютерлер арасында деректер тасымалдауға дайын. Бірақ файлдардың көпшілігінің көлемі оларды кабель бойымен бүтіндей тасымалдауға тым үлкен. Біріншіден, ондай үлкен блоктар кабельді толтырады да желінің бүкіл жұмысын «байлап» тастайды; екіишіден, қандай да бір қателіктің тууы блокты түгелдей қайталап жіберуге мәжбүр етеді. Деректерді желімен тездетіп және жеңіл тасымалдау үшін оларды кішігірім басқарылатын блоктарға бөліп тастаған тиімді.
Аныңтама. Пакеттер дегеніміз — файл бөлінгеннен кейін алынған деректердің кішігірім басқарылатын блоктары.
Пакет — компьютерлік желілердегі ақпараттың негізгі өлшем бірлігі. Деректерді пакеттерге бөліп тастағаннан кейін оларды тасымалдау жылдамдығының өсетіні соншалық, әрбір компьютер деректерді желідегі басқа компьютерлермен бір мезетте жіберу және қабылдау мүмкіндігін алады.
Пакеттің компоненттері: тақырыбы, деректер, трейлер. Тақырыпқа кіретіндер:
- пакеттің жіберілетіндігі жайлы «айтатын» сигнал;
- шығыс көзінің адресі;
- орналасу адресі;
- берілісті синхронизациялаушы ақпарат.
Трейлер көбінесе қайталанатын артық код деп аталатын қателерді тексеруге арналған ақпаратгы сақтайды (Cyclical Redundancy Check, CRC). CRC — пакет пен алғашқы ақпаратқа қатысты орындалған математикалық түрлендірулер нәтижесінде алынған сан. Пакет барар жеріне жеткен кезде түрлендірулер қайталапорындалады. Егер нәтиже CRC-тің мәнімен бірдей болса, онда пакеттің қатесіз қабьшданганы.
Өзара байланысқан компьютерлер халықаралық ұйымдарды еске түсіреді. Бұл ұйымдар көптеген тілдер мен қатынас эдістерін пайдалана алады. Теқ өзара толық түсіністікке әкету үшін коммуникацияға қатысушылар бір тілде сөйлесіп, ортақ ережелерді немесе хаттамаларды ұстануы қажет екенін есте ұстаған абзал.
Анықтама. Хаттама дегеніміз — қандай да бір байланысты реттейтін ережелер мен процедуралардың тобы.
Хаттамаларғақатыстынегізгітұжырымдардыұмытпау керек:
- 1. Хаттамалардың саны көп. Әрбір хаттама әртүрлі тапсырмаларды орындайды, өз мақсаты, өз артықшылықтары бар және оларға қандай да бір шектеулер қойылады.
- 2. Хаттамалар OSI үлгісінің әртүрлі деңгейлерінде жұмыс істейді. Хаттамалардың функциялары өздері жұмыс істейтін деңгеймен анықталады.
- 3. Бірнеше хаттамалар бірігіп жұмыс істеуі мүмкін. Оларды хаттамалар стегі немесе тобы деп атайды.
Желілікортадахаттамалардеректердітасымалдаудың ережелері мен процедураларын анықтайды. Деректер берілісі мұлтіксіз, өз ретімен орындалуға тиіс бірнеше қадамнан түрады. Компьютер-жіберуші және компьютер – қабылдаушы хаттамаларды келесі процедураларды орындау үшін пайдаланады:
- деректерді пакеттерге бөлу;
- пакетке адрес туралы ақпаратты қосу;
- пакеттерді жіберуге даярлау;
- кабель бойымен жіберілген пакеттерді қабылдау;
- пакеттен деректердің көшірмелерін алу үшін, деректер
блоктарының алғашқы мәндерін жинақтау; - қалпына келтірілген бұл блоктарды компьютерге жіберу.
Желінің дұрыс жұмыс істеуіхаттамаларды орнатумен шектелмейді. Кабель бойымен деректерді жіберу үшін компъютер әртүрлі ену әдістерін қолданады.