Транспорттық деңгей (Transport layer). Жіберушіден қабылдаушыға барар жолда пакеттер өзгеріске ұшырауы типті жоғалып кетуі мүмкін. Транспорттық деңгей пакеттердің өз адресатына тізбектей, жоғалмай, қайталанбай, қатесіз жетуін қамтамасыз етеді. Бұл деңгейде ұзын хабарламалар бірнеше пакеттерге бөлінеді де, қысқалары бір пакетке біріктіріледі. Бұл пакеттердің желі бойынша тиімді жіберілуіне жол ашады. Қабылдаушы компьютердің транспорттық деңгейінде хабарламалар ашылып, алғашқы қалпына келеді де олардың дұрыс жеткендігі жайлы сигналдар жіберіледі. Транспорттық деңгей ағындарды басқарады, қателерді тексереді, пакеттерді жіберу мен қабылдауда туатын проблемаларды шешумен айналысады.
Сеанстық деңгей (Session layer). Бесінші деңгей (Session) әртүрлі компьютерлердегі екі қосымша үшін сеанс деп аталатын қосылысты құрады, пайдаланады және біріктіруді аяқтайды. Бұл деңгейде желідегі екі қосымша арасында байланысқа қажетті атауларды түсіну және қорғау орындалады. Осы деңгейде қолданушылар тапсырмаларын деректер ағындарының арасына бақылаушы нүктелер деп аталатын нүктелерді қою арқылы синхронизациялау жүзеге асырылады. Сонымен, желілік қателік туған жағдайда, соңғы бақылау нүктесінен кейін орналасқан деректерді ғана қайталап жіберу қажет болады. Бұл деңгейде өзара эсерлесетін процестер арасында диалогты басқару, яғни, жіберу қай жақтан орындалып жатқандығы, қашан және қанша уақытқа созылатындығын анықтау жүзеге асырылады.
Көрсету деңгейі (Presentation layer). Алтыншы көрсету деңгейі (Presentation) желілік компьютерлер арасында деректер алмасуға қолданылатын форматтарды анықтайды. Бұл деңгейді аудармашы десек те болады. Жіберуші компьютердегі қолданбалы деңгейден түскен деректер бұл қадамда жалпыға бірдей аралық формат түрінде көшеді. Қабылдаушы компьютердегі сэйкес деңгейде ол деректер аралық форматтан сол компьютердің қолданбалы деңгейінде пайдаланылатын формат түріне көшіреді. Көрсету деңгейі хаттамаларды түрлендіруге, деректерді таратуға, оларды шифрлеуге, қолданылатын символдар тобын ауыстыруға немесе өзгертуге (кодтау кестесі) графикалық бұйрықтарды кеңейтуге қатысады. Көрсету деңгейі соныымен қатар, жіберілетін биттер санын азайту үшін дерекрді сығуға да қатысады. Бұл деңгейде редиректор (redirector) деп аталатын утилита жұмыс істейді. Оның қызметі енгізу-қорытындылау амалдарын сервердің ресурстарына бағыттау.
Қолданбалы деңгей (Application layer). Жетінші OSI үлгісінің ең жоғарғы деңгейі. Ол қолданбалы процестердің желілік ресурстарға енуіне арналган терезенің ролін атқарады. Бұл деңгей қолданушы қосымшаларын тікелей қолдайды және файлдарды жіберуші программалық жабдықтау, мэліметтер қорларын пайдалану, электрондық пошта, гипермэтіндік Web-сияқты қызмет түрлерін көрсетеді. Төменде орналасқан деңгейлер қолданбалы деңгейде орындалатын тапсырмаларды қолдайды. Қолданбалы деңгей желіге жалпы енуді, деректер ағындарын, қателерді өңдеуді басқарады. Қолданбалы деңгейдегі деректер бірліктері әдетге хабарламалар (message) деп аталады.