OSI үлгісінің деңгейлері

Физикалық деңгей (Physical layer) Бірінші физикалық дең­гей (Physical) OSI үлгісінің ең төменгі деңгейі. Бұл деңгей құры­лым­дық емес деректерді, биттердің ағындарын физикалық орта арқы­лы (мысалы, желілік кабель) жібереді. Мұнда интерфейспен ка­бель арқылы электрлік, оптикалық, механикалық және функци­оналдық байланыс орнатылады. Физикалық деңгей өзінен жоғары жатқан барлық деңгейлерден түсетін деректерді тасымалдайтын сигналдарды қүрады. Бұл деңгейде желілік кабель мен желілік ад­ап­тер тақшасының қосылу тәсілі және де желілік кабель арқы­лы деректерді жіберу тәсілі анықталады. Физикалық деңгей бір ком­пьютерден екіншісіне биттерді (0-дер мен 1-лерді) жіберуге ар­нал­ған. Биттердің мазмұнының бұл деңгейге қатысы жоқ. Бұл де­ң­гей деректерді кодтауға, биттерді синхронизациялауға жауап бе­реді. Физикалық деңгей желілік кабель арқылы жіберілетін әр­бір биттің ұзақтығын және оның сәйкес электрлік немесе оптика­лық импульсқа көшірілуін орнатады. Бұл деңгейде сонымен қатар ра­зъемдердің типтері анықталып, әрбір қосылыс тағайындалады.

Арналық деңгей (Data Link layer) Физикалық деңгейде тек биттер тасымалданады. Байланыс арналары бірнеше өзара әрекет­тесетін компьютерлермен бөлініп пайдаланылатын кейбір желіле­рде физикалық беріліс ортасы бос болмауы мүмкін екендігі есе­п­ке алынбай қалады. Сондықтан да арналық деңгейдіңмақсатта­ры­ның бірі ортаның бостығын анықтау болып табылады. Ол үшін арналық деңгейде биттер кадрлар деп аталатын топтарға бі­рікті­рі­леді. Арналық деңгей кадрларды (frames) желілік деңгей­ден фи­зикалық деңгейге жібереді. Кадрлар деректерді орналасты­руға ар­налган логикалық ұйымдасқан қүрылым. Жіберуші ком­пьютер­дің арналық деңгейі физикалық деңгейден түскен биттер­дің ағы­мын деректердің кадрларына біріктіреді. Арналық деңгей (Data Link) физикалық деңгейдің көмегімен кадрлардың дәл жеткізілу­ін қамтамасыз етеді. Бұл желілік деңгейге деректерді жіберуді желі­лік бірігу арқылы қатесіз оқуға мүмкүндік жасайды. Көбінесе, ар­налық деңгей кадрларды жіберген кезде қабылдаушы жағынан оның алынғанын растауды күтеді. Қабылдаушының арналық дең­гейі мүмкін қателерді тексереді. Жіберу барысында бұзылған не­месе оларды қабылдағаны жайлы хабарлама түспеген кадрлар қайта жіберіледі. Дегенмен, кез-келген топологиялы және техно­ло­гиялы желілерде хабарламаларды сапалы тасымалдау үшін арналық деңгейдің функциясы жеткіліксіз, сондықтан да QSI үлгісінде бұл тапсырма келесі екі — желілік және транспорттық деңгейлерге жүктеледі.

Желілік деңгей (Network layer) Үшінші желілік деңгей хабар­ламаларды адрестеуге және логикалық адрестер мен атауларды физикалық адрестерге алмастырумен айналысады. Нақты желілік шарттарға, қызметтер үстемділігіне және басқа факторларға бай­ланысты жіберуші мен қабылдаушы компьютерлер арасындағы бағыт анықталады. Пакеттерді коммутациялау, бағыттау және шектеу сияқты желілік трафикке байланысты туатын проблема­лар да осы деңгейде шешіледі. Егер бағыттауыштыңжелілік адаптерідеректердің үлкен бөліктерін жібере алмаса, желілік деңгейде ол бөліктер бөлшектенеді. Ал қабылдаушы компьютер­дің желілік деңгейі оларды жинап, алғашқы қалпына келтіреді. Желілік деңгеңдегі хабарламалар пакеттер (packets) деп аталады.