Желілік адаптердің тақшалары компьютер мен желілік кабельді қосатын физикалық интерфейс ретінде қолданылады. Тақшалар желідегі барлық компьютерлер мен серверлердің кеңейту слоттарына қойылады.
Компьютер мен желі арасында физикалық қосылысты қамтамасыз ету үшін сәйкес разъемге немесе портқа тақшалар (әрине, орнатылғаннан кейін) желілік кабель арқылы қосылады. Желілік адаптердің тақшаларының қызметі: компьютерден түскен деректерді желілік кабель арқылы жіберуге даярлау; деректерді басқа компьютерге жіберу; компьютер мен кабельдік жүйе арасындағы деректер ағымдарын басқару.
Деректерді даярлау. Деректерді желіге жібермес бұрын желілік адаптердің тақшалары оларды компьютерге түсінікті пішіннен желілік кабель арқылы жіберуге болатындай түрге келтіруі керек.
Компьютердің ішінде деректер шиналар бойымен жіберіледі және деректер биттері параллель қозғалады. Желілік кабельде деректер биттердің тізбектелген ағымдары түрінде қозғалуы керек. Сонымен, желілік тақшаның міндеті параллель деректерді қабылдап, оларды бит бойынша тізбектей жіберуді ұйымдастыру болып табылады. Бұл продесс компыотердің цифрлік деректерін желілік кабель бойынша жіберілетін әлектрлік және оптикалық сигналдарға ауыстырумен аяқталады. Бұл түрлендіруге трансивер жауап береді.
Деректерді түрлендірумен қатар желілік адаптердің тақшасы өзінің орны немесе адресін көрсетуге тиіс. Желілік адрестерді IEEE комитеті анықгайды. Бұл комитет желілік адаптердің тақшаларын өндірушілердің әрқайсысы үшін адрестер интервалын бекіткен. Өндірушілер бұл адрестерді микросхемаларға «тігіп» қояды. Осыньщ арқасында желідегі әрбір тақша, яғни әрбір компьютер ерекше адреске ие.
Желі бойынша беріліс алдында желілік адаптердің тақшасы қабылдаушы тақшамен әлектрондық диалог жүргізеді, бұлдиалог барысында олар төменгі мәселелер жайында келіседі:
- жіберілетін деректер блоктарының максималды ұзындығының өлшемі;
- қабылданғаны жайлы хабарламасыз жіберілетін деректер көлемі;
- деректер блоктарын жіберу интервалдары;
- әрбір тақшаның толып кетпей қабылдай алатын деректер көлемі;
- деректердің беріліс жылдамдығы.
Егер жылдам тақша баяулау тақшамен әсерлесетін болса, олар ортақберіліс жылдамдығын анықтаулары керек. Сондықтан желідегі әрбір тақша басқаларына өзінің параметрлері жайында хабарлайды және олардан дәл сондай ақпаратгы қабылдайды да соған икемделеді. Барлық детальдар анықталғаннан кейін тақшалар деректер алмасуды бастайды. Көбінесе түскен деректерді желілік адаптердің тақшасы жіберіп үлгермейді, ондай жағдайда олар уақытша буферге орналастырылады.
Желілік адаптердің тақшаларының кейбір параметрлерін дұрыс икемдеу керек. Олардың қатарына: үзу (IRQ), енгізу мен қорытындылаудың негізгі портының адресі және жадтың негізгі адресі жатады.
Үзу сұранысының сызықтары дегеніміз — физикалық сызықтар. Үзу сұранысы құрылымның оның назарын өзіне аудару үшін продессорға жіберген сигналы болып табылады (оның ағымдағы іс-әрекетін тоқтатуға). Мұндай сигнал әдетте жаңа деректер пайда болғанда немесе қандай да бір операцияны аяқтау барысында беріледі. Әрбір құрылым IRQ-дің ерекше мәнін қолдануы қажет. 4 — кестеде әртүрлі құрылымдар қолданатын енгізу-шығару порттары және IRQ нөмірлері келтірілген.
Енгізу мен қорытындылаудың негізгі порты компьютер құрылымы мен орталық продессор аралығында деректер жүретін арнаны анықтайды. Орталық процессор үшін порт адрес сиякты. Жадтың негізгі адресі желілік адаптер тақшасының енгізілген және шығарылған деректер кадрлары үшін буфер ретінде қолданылатын компьютер жадысының аймағына көрсетеді.
Желілік адаптер тақшасы келесі талаптарды қанағаттандыруы керек:
- компьютердің ішкі құрылымына сай болуы (деректер шиналарының архитектурасы);
- желілік кабельге қосылатын қосқышы болуы (ол қосқыш кабель жүйесінің типіне сәйкес болуы тиіс).
Кең тараған деректер шиналарының архитектураларының типтеріне: ISA, EISA. Micro Channel және PCI жатады. Олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар.
- ISA (Industry Standard Architecture) — бұл IBM PC компьютерлерінде қолдаиылатын архитектура. 1984 жылы ISA 8-рязрядтан 16 разрядқа дейін кеңейтілді. Compaq және бірнеше баска компаниялар EISA шинасын құрғанға дейін бұл дербес компьютерлер үшін стандартгы архитектура болып келді.
- EISA (Extended Industry Standard Architecture) — бұл стандарт 1988 көрсетілген және ISA үйлесімді 32-разрядты шинаныүсынған. Сонымен қатар ол Micro Channel Architecture шинасында бар қосымша мүмкіндіктерге ие.
- MCA (Micro Channel Architecture) — 16-разрядты да, 32-разрядты да шина сияқты жұмыс істейді. Бұл архитектура әлектрлік және физикалық жағынан да ISA шинасымен үйлеспейді.
- PCI (Peripheral Component Interconnect) — көптеген Pentium процессорлі компьютерлерде және Apple Power Macintosh компьютерлерінде қолданылатын 32-разрядты жергілікті шина. Қазіргі заманғы РСІ архитекгурасы Plug and Play технологиясының көптеген талаптарын қанағаттандырады – бұл дербес компьютердіқұру философиясымен қатар оның архитектурасының спедификадияларының жинағы. Plug and Play технологиясыныңмақсаты- дербес компьютердің конфигурадиясын қолданушының қатысуынсыз өзгерту, яғни кез-келген құрылымды қосуды максималды қарапайымдату