Шиыршықталған жүп
Қазіргі кезде коаксиалдан гөрі шиыршықталған жұпты қолданған тиімді. Шиыршықталған жұп негізіндегі кабель бірінің сыртына бірі оралған және арнайы пластикалық қоршаудың ішіне орналасқан екі сымнан тұрады. Мысалы, телефон аппараты телефон розеткасына шиыршықталған жұп арқылы қосылады. Кабель оның бойымен бірінің сыртына бірі оралған екі немесе одан да көп сымдар жұптарынан тұрады. Шиыршықталып оралу кабельдің кедергіге қарсынығын арттырып, әрбір жұп сымның басқаларына әсерін азайтады.
Шиыршықталған жұп негізіндегі кабельдің сыртқы қабығы болуы да болмауы да мүмкін, ал ішіндегі сымдарының саны әртүрлі. Бұл кабельдің екі түрі кездеседі: әкрандалған шиыршықталған жұп (shielded twisted pair- STP) , әкрандалмаған шиыршықталған жұп (unshielded twisted pair- UTP).
- a) Әкрандалмаған шиыршықталған жұп жергілікті есептеу желілерінде (ЖЕЖ) кең қолданылады, сегментінің максималды ұзыңдығы 100 метрді құрайды. Ол екі оқшауланған мыс сымнан тұрады.
Қабельдің атқаратын қызметіне қарай әрбір ұзындық бірлігіне сай шиыршықтарының саны реттеледі. Әкрандалмаған шиыршықталған жүптың (UTP) бес категориясын біріктіретін стандарттар анықталған.
1-кагегория — дәстүрлі телефон кабелі, оның бойымен деректер таратуға болмайды, тек сөз ғана жіберіледі.
2-категория — деректерді 4 Мбит/сек жылдамдықпен жібере алатын кабель. Төрт шиыршықталған жұптан тұрады.
3-категория — деректерді 10 Мбит/сек жылдамдықпен жібере алатын кабель. Әрбір метрге тоғыз шиыршықтан келетін төрт шиыршықталған жұптан тұрады.
4-категория — деректерді 16 Мбит/сек жылдамдықпен жібереалатын кабель. Төрт шиыршықталған жұптан турады.
5-қатегория — деректерді 100 Мбит/сек жылдамдықпен жібереалатын кабель. Мыс сымнан жасалған төрт шиыршықталған жұптан тұрады.
Қиылысқан кедергілер дегеніміз — көршілес сымдардағы сигналдардың әсерінен туатын әлектрлік әсерлер.
б) Экрандалған шиыршықталған жуп
STP электрлік кедергілердің әсеріаз,сигналдарды жоғары жылдамдықпен алыс қашықтықтарға тарата алады.
Шиыршықталған жұп негізіндегі кабель қолданылады, егер:
- қаржы шектеулі болса;
- орнатудың жеңілдігі қажет болса;
Деректердің бүтіндігін сақтау жағынан жоғары сенімділік және оларды у-зақ қашықтыққа жоғары жылдамдықпен тарату қажет болса, бул кабельдің турін пайдаланып керегі жоқ.
Шиыршықталған жұп негізіндегі кабельдің басқа кабельдерге қарағанда артықшылығы оның арзандығында. Сонымен қатар оны орнату жеңіл және қызмет көрсету ыңғайлы. Мұндай кабельдердің түрін орнату ғимарат салынып жатқан кезде есепке алынады, олардың қосылыс орындары телефондікіне ұқсас келеді.
Шиыршықталған жұп негізіндегі кабельдің басқа кабельдерге қарағаңда кемшілігі әлектромагнитті өрістерді сезгіштігі, соның салдарынан оларды алыс қашықгықтарға орнату шектеулі. Бірақ бұл жолдағы жаңа технологиялық жетістіктер аталған шектеулерді жақын арада жоятындығына күмән жоқ.