Кабельдер типтері
Бүгінгі таңда компьютерлік желілердің көпшілігінде қосылыс ортасы ретінде сымдар мен кабельдер пайдаланылады. Олар компьютерлер арасында сигналдардың беріліс ортасының рөлін атқарады. Кіші және үлкен желілердің талаптарына сай кабельдердің түрлері көп. Бақытымызға қарай, желілердің көпшілігі үшін кабельдердің тек үш негізгі түрі қолданылады:
а) коаксиал кабель
б) шиыршықталған жұп (экрандалған және экрандалмаған)
в) оптикалық талшықты кабель
Коаксиал кабель
Кабель компьютерді желінің басқа машиналарымен қосатын байланыс арнасын қамтамасыз етеді. Кабельдерді орнату барысында оньщ ерекшеліктерін ескерген жөн. Ол ережелер ескерілмеген жағдайда түрлі ыңғайсыздықтар туады. Кабель мен кабель сегменті ұғымдарының айырмашылығын алдын-ала түсініп алған жөн. Кабель — желінің екі түйінінің арасын қосатын сымның бөлігі. Кабель сегменті дегеніміз -желінің бір ұшын келесісімен қосатын (терминаторлар арасыи қосатын) кабельдердің тобы. Терминаторлар — сегменттің екі шетіне орңатылып, кабельдің толқындық кедергісін қалыпқа келтіретін резисторлар. Сегмент соңына жеткен сигналды терминатор жұтады, мұның өзі паразиттік сигналдардың шағылысуын болдырмайды. Терминаторларды орнатпаған жағдайда, желі соңына жеткен сигналдар шағылысып, қайтадан кабельге түседі де оның бойымен деректер алмасуға кедергі жасайды, желінің жұмысын тоқтатуға дейін барады.
Бұған дейін коаксиальді кабель ең кең тараған кабельдердің бірі болып келді. Мұның екі себебі бар. Біріншіден, оның құны төмен, жеңіл, жұмсақ және қолдануға ыңғайлы. Екіншіден, коаксиал кабельдің кең таралуы оның сенімділігін арттырып, орнату жағынан қарапайым болуына әкелді.
Ең қарапайым коаксиал кабель мыс тамырдан,оқшаулауыштан, әкраннан және сыртқы қабықшадан тұрады.
Коаксиал кабельдің құны жағынан салыстырмалы турдежеңіл, иілгіш және қолдануға ыңгайлы. Ол полимерлік оқшауландырғыш қабатпен жабылған орталық өткізгіштен (тұтас немесе көптамырлы) тұрады, оның сыртында басқа өткізгіш (әкран) орналасқан. Әкран оқшаулаңдырғыштың сыртынан мыс сыммен қапталған орауды құрайды иемесе оқшауландырғыштың сыртынан қапталған фольгадан тұрады. Жоғары сапалы кабельдерде оплетка мен фолга қатар қолданылады. Коаксиал кабель шиыршықталган жұпқа қараганда кедергіге қарсы жоғары орныктылықты қамтамасыз етеді, бірақ оның құны жоғары. Коаксиал кабельдердің түрлері көп. Желіні жүргізген кезде кабельдердің түрлері талаптарға сай нақты таңдалуы керек. Сигналдың кабель бойымен жылжу барысында мөлшерінің азаюын оның өшуі деп атайды. Коаксиал кабель шиыршыкталған жұпқа қарағанда кедергіге қарсы жоғары орныктылықты қамтамасыз ететіндіктен, онда сигналдың өшуі аз кездеседі.
Коаксиал кабельдердің түрлері. Желіге қойылатын нақты талаптарға сай коаксиал кабельдердің түрі таңдалады
Кабельді қосуға арналған құрал — жабдыктар:
а) BNC — коннектор кабельдің ұшына дәнекерленеді немесе
қысылады.
б) BNC Е — коннектор желілік кабельді компьютердің желілік тақшасымен қосады.
в) BNC — баррел-коннектор жіңішке коаксиал кабельдің екі
бөлігін біріктіру үшін қолданылады.
г) BNC — терминатор бос сигналдарды жұтады.
Коаксиал кабельдердің жіктелуі
Поливинилхлорид (PVC) — көптеген коаксиал кабельдер үшін оқшаулауыш немесе сыртқы қоршау ретінде қолданылатын пластик. PVC кабелі жұмсақ болып келеді, оны бөлменің ашық жерлерінде жургізуге болады, бірақ жанған кезде улы газдар бөледі.
Пленум — бұл төбе мен шатыр арқалығы арасындагы кішігірім кеңістік, оны көбінесе ауа тазартқыш ретінде қолданады.Пленумдық кабельдің рқщаулауыш қабаты мен сыртқы қоршауы отқа төзгіш материалдардан жасалған, олар жанған кезде түтінді аз бөледі, бірақ құны жоғары және қатты. Коаксиал кабельдер келесі жағдайларда қолданылады:
- сөздерді, видео және екілік деректерді тасымалдаушы орта
ретінде - деректерді алыс қашықтықтарға жеткізу үшін (құны төмен
кабельдермен салыстырғанда) - деректерді қорғауды жеткілікті деңгейде қамтамасыз ететін
таныс технология