Анықтама.«Жүлдызша» — компьютерлер кабель сегменттеріне бір нүктеден қосылады
«Жулдызша» топологиясы — компьютерлер кабельдің көмегімен концентратор (hub) деп аталатын орталық компонентке қосылған. Сигналдар жіберуші компьютерден концентратор арқылы басқаларына таратылады. Кемшілігі — үлкен желілер жағдайында кабель шығыны арта түседі және орталық компонент істен шықса, барлық желі жұмысы тоқтатылады. Бірақ қандай да бір компьютер бұзылса, желідегі басқа компьютерлерге оның кері әсері болмайды.
Анықтама.«Сақина» — кабель өзіне компьютерлермен сақинаға тұйықталған.
«Сақина» топологиясы — сигналдар сақина бойымен бір бағытта жіберіліп, әрбір компьютерден өтеді. «Шина» пассивті топологиясынан айырмашылығы мұнда әрбір компьютер репитордың рөлін атқарады, яғни сигналдарды күшейте отырып келесі компьютерге жібереді. Сондықтан да егер бір компьютер істен шықса, бүкіл желі жұмысын тоқтатады.
«Сақина» топологиясында деректер маркердің көмегімен жіберіледі. Адрес қабылдаушының адресімен бірдей болғанша, маркер тізбектей жіберіледі. Қабылдаушы компьютер деректердің қабылданғаны жайлы хабарлайды. Растауды қабылдаған соң, жіберуші компьютер жаңа маркер құрып, оны желіге қайтарады. Маркердің «сақина» бойынша қозғалыс жылдамдығы жарық жылдамдығына пара-пар.
Құрама топология — «жұлдызша-шина» — «шина» және «жұлдызша» топологияларының қиыстыруы, яғни бірнеше «жұлдызша» топологиясымен қосылған желілердің магистральдық сызықты «шинамен» біріктірілуі.
«Жүлдызша-сақина» топологиясының «жүлдызша-шина» топологиясынан айырмашылығы концентраторлар бас концентратордың негізінде жұлдызша құрайды.
Түйін:
Топология дегеніміз — компьютерлердің нақты физикалық орналасуы. Барлық желілер базалық үш топология негізінде құрылады: «шина», «жұлдызша», «сақина». Осы топологиялардың қиысулары арқылы әртурлі құрама топологиялар, мысалы «жұлдызша-шина», «жұлдызша-сақина» алынады.
«Шина» — кең қолданылатын қарапайым топология. Барлық компьютерлер 6ip кабель бойымен қосылып сызықтық құрылым құрайды. Сигналдар желінің барлық компьютерлеріне бірдей жіберіледі. Олардың шағылысуын болдырмау үшін кабель соңына терминаторларды жалғайды. Деректерді 6ip уақытта тек 6ip компьютер жібере алады. Желідегі компьютерлер саны өскен сайын оның өткізу жылдамдығы төмендейді.
«Жулдызша» топологиясында әpбip компьютер концентратор деп аталатын орталық компонентке тікелей жалғанған. Егер орталық компонент істен шықса, желі жұмысы тоқтайды.
Сигнал немесе маркер әp6ip компьютерден өтiп «сақина» бойымен жүріп отырады (сағат тілінің бағыты бойынша). Компьютер бос маркерді қабылдағаннан кейін деректерді желіге жібереді. Қабылдаушы компьютер деректердің көшірмелерін алып, олардың қабылдандығы жайлы белгі жасайды. Деректер ары карай желі бойынша жіберуші компьютерге жетеді, ол деректерді жойып бос маркерді желіге қайтарады. Концентратор трафикті 6ip нүктеге орталықтандыру ушін кажет. Егер концентратор орнатылған желідегі кабель узілсе, онда ол букіл желіге емес, тек осы желі сегментінің жұмысына ғана әсер етеді. Концентраторлар желінің ұзартылуын жеңілдетіп, әртүрлі кабельдерді пайдалануға мүмкіндік береді.