Электрлік байланыстардың топологиясын таңдау желінің көптеген сипаттамасына әсер етеді. Мысалы, қосымша байланыстар желінің сенімділігін арттырып, жеке арналардың жүктелуін теңгеруге мүмкіндік береді. Кейбір топологияларға тән жаңа түйіндерді қосудың қарапайымдылығы желіні үзартуды жеңілдетеді. Әкономикалық жағынан тиімді болып есептелетін байланыс жолдарының үлындығы минималды болып келетін топологияларға таңдау түсетіні түсінікті. Жиі кездесетін топологияларға тоқталайық.
Анықтама. Желі топологиясы дегеніміз – компьютерлердің, кабельдердің және желінің басқа да компоненттерінің физикалық орналасуы.
Қандай да бір топологияны таңдау келесіге әсер етеді:
- қажетті желілік жабдықтардың қүрамына
- желілік жабдықтардың сипаттамасына
- желіні улғайту мүмкіндігіне
- желіні басқару тәсіліне
Әртүрлі топологияны қалай пайдалануды түсінсек, түрлі желілердің қандай мүмкіндіктері барлығын да түсіну қиын емес. Барлық желілер базалық үш топология негізінде қүрылады:
- «шина»
- «жүлдызша»
- «сақина»
Анықтама. «Шина» — компьютерлер магистраль бойымен бір-біріне тізбектей қосылған.
«Шина» топологиясымен қосылған компьютерлердің әсерлесуі. Сигналдарды жіберу. Деректер әлектрлік сигналдар түрінде желінің барлық компьютерлеріне жіберіледі; бірақ ақпаратты тек адресат қана қабылдайды. Бір уақытта тек жалғыз компьютер ғана беріліске қатыса алады. Желіні құраушы компьютерлер саны өскен сайын, оның жылдамдығы кеми түседі. Бұл — желі шапшаңдығына әсер етуші факторлардың бірі ғана. Одан басқа да факторлар жеткілікті:
- желідегі компьютерлердің аппараттық жабдықтарының сипаттамасы
- компьютерлердің деректерді жіберу жиілігі
- жұмыс істеуші желілік қосымшалар типтері
- желілік кабельдің типі
- желідегі компьютерлердің бір-бірінен қашықтығы.
«Шина» — пассивті топология, яғни компьютерлер желі бойынша жіберілетін деректерді тек «тыңдайды», бірақ олардың жіберушіден қабылдаушыға ауысуын қамтамасыз етпейді. Сондықтан да бір компьютердің істен шығуы басқалардың жұмысына әсер етпейді. Активті топологияларда компьютерлер сигналдарды қалпына келтіріп, оларды желі бойынша жіберуге қатысады.
- Сигналды шағылдыру — сигнал, адресатқа жеткеннен кейін өшуге тиіс, өйтпесе кабельдің соңына жетіп, шағылысады да басқа компьютерлердің деректерді жіберу жолын жауып тастайды.
- Терминатор — сигналдарды жүтушы. Ол кабельдің кезкелген бос ұшына жалғанады.
Кабель үзілген жағдайда желі жұмысы тоқтатылып әрбір компьютер автономды тәртіпте жұмыс істейді.
Кабельді ұзарту
а) кабель баррел-коннектордың көмегімен қосылады (бірақ
бұл тәсілсигналдың әлсізденуіне соқтырады,сондықтан да байқап қолданған дүрыс)
б) кабель репитордың көмегімен қосылады (сигналды күшейткіш құрал).