Қазіргі уақытта информатиканың негізгі ғылыми бағыттарының бірі модельдеу болып отыр. Информатика пәні, информатиканың негізгі компоненттерінің: есептеуіш техникасы, программалық жабдықтау, алгоритмдік құралдардың дамуын бейнелейтін модельдеу методолгиясына негізделеді. Модельдеу методологиясы компьютер көмегімен іздеу және болжау ғылыми зерттеулердің осы күнгі жаңа методологиясы бола отырып информатиканы ғылым «технологиялар қосындысы» және адам қызметінің саласы ретінде санауға мүмкіндік береді.ЭЕМ-ді көрсетілген салаларды пайдалану негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстарының жаңа технологиясы болып табылатын модельдеужатыр. Алғаш информаткиа курсының мазмұны- «компьютерлік сауаттылық» ұғымымен тығыз байланысты болды.Компьютерлік сауаттылық ұғымының алғашқы түйіні алгоритм мен нақты бағдарламалау тілін оқып үйрену болды. Осы бағыт алғаш рет «Информатика мен есептеуіш техникасы негіздері» курсына енген болатын А.П.Ершов, В.М.Монаховтардың редакциялауымен шыққан алғашқы оқулықтан бастап мектеп информатикасы жаңа пән ретінде қалыптасты.
Оқулықтың мазмұнында негізгі екпін алгоритмдік тілге негізделген. Оқу құралында информатика ғылымының жалпы білімдік сипатынбейнелейтін іргелі ұғымдардың ішінен есеп шығару мен алгоритм ұғымы таңдап алынған. Алгоритм тек есеп шығару үшін ғана емес, есептің ЭЕМ-дегі шешімін даярлау әдісінің тізбегі ретінде қарастырылады, яғни алгоритмнің жеке қадамдары есеп шешу кезеңдері болып табылады. Мұнда модельдеу туралы сөз болмаса да «Есеп шешу үшін алгоритмдер құру » деген тақырыпта оның идеясы жатыр. Бұл тақырыпты оқытуға оқу жоспарындағы 34 сағаттың 5сағаты бөлінген. «Математика және физика курстарынан есептер шешу үшіналгоритмдер құру» бөлімінде алгоритмдерді теориялық түрде жазып, орындау әдісі қолданылған. Орта мектептің 10-11-ші сыныптарына арналған эксперименталдыоқулықтың авторлары В.А.Каймин, В.А.Щеголев, Е.А. Ерохина, Д.П.Федюшин. Оқулық бойынша курстың мақсаттары:
- компьюетрлік сауаттылық;
- логикалық ойлау;
- ақпараттық мәдениет;
Міндеті- барлық оқушылардың кемінде компьютерлік сауаттылықты , ал барынша ақпараттық мәдениетті меңгеруін қалыптастыру болып табылады.
Логикалық ойлау- математикалық логика элементтеріноқып- үйренумен меңгеру болып табылады. Оқушыларда ақпараттық мәдениетті дамытуға арналаған курстың негізгі мақсаты- оларда алға қойған шешімдерді негіздеу, дәлелдеу және талдау біліктілігімен өрнектелетін логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру.
Модель ұғымы және түрлері.
- Есептің қойылуы және модельдерді таңдау.
- Есепті шығарудың әдісін таңдау.
- Оның дұрыстығын негіздеу.
- ЭЕМ-де есеп шығаруды қою.
- Сценарий ұғымы.
«Компьютерлік модельдеу элементтері» бөлімін оқу кезінде оқушыларда содельдердің типтері туралы компьютерлік модельдеудің ерекшелігі , ақпараттық модельдер туралы , модельдеу технологиясы , модельдер құрудың қазіргі заманғы компьютерлік құрылғылары туралы түсініктер қалыптастыру керек. Оқушылар қарапайым модельдер құрумен қатар есеп шешу үшін дайын компьютерлік модельдердіарнаулы оельдеуші бағдарламаларды пайдалана білулері керек.
Компьютерлік модельдеу- деп аталатын бөлімде обьектілер мен процестер модельдері.
Модельдердің жіктелуі- модельдерді қандай негізгі прициптер бойынша жіктеуге болады.