Алгоритмдеу негіздерін оқыту әдістемесі

Информацияны өңдеуге байланысты алгоритмдерде шамалар ұғымынеңгізу қажет. Шама ұғымы информатика курсының іргелі ұғымдарының бірі болып табылады. Шама дегеніміз типі анықталған, мәні мен атауы бар объект. Шамалар екіге бөлінеді: тұрақты және айнымалы. Егер алгоритмнің атқарылуы барысында мәні өзгермесе,онда тұрақты шама деп аталады, ал алгоритмнің атқарылуы барысында мәні өзгеріеп отыратын шамаларды айнымалы шамалар дейді. Шамалар типке қарай сандық және литрлік болып бөлінеді. Сандық шамалар өз кезегінде бүтін және нақты болып бөліненді. Мектептік алгоритмдік типте (МАТ) шамалар.

Бүт-бүтін, нақ- нақты, лит-литерлік қызметші сөздерімен белгіленеді.

Литерлік шама деп мәндері сөздер немесе текст болып келген шаманы айтамыз.

Алгоритмнің жазылуының жалпы түрі төмендегідей:

Алг атауы ( типтері көрсетілген аргументтер мен нәтижелер тізімі)

Арг аргументтер тізімі

Нәт нәтижелер тізімі

Басы типтері көрсетілген аралық шамалардың тізімі

СЕРИЯ

Соңы.

 Алгоритм үшін бастапқы берілгендер болып табылатын шамаларды  аргументтер деп атайды.

Олардың тізімі АРГ  қызметші сөзінен кейін жазылады. Алгоритмдегі аргументте ,нәтижеде болмайтын шамаларды аралық шама деп атайды ол алгоритм тақырыбынан кейінгі басы қызметші сөзінен кейін жазылады.

Мысал:Үшбұрыштың ауданын Герон формуласы бойынша есептеу.

S=

Алгаудан (нақ a,b,c)

Арг A,b,c

Нәт s

Басы нақр

P:=(a+b+c)\2

S:=sgrt(p*(p-a)*(p-b)*(p-c))

Соңы.

4.Тармақталған алгоритмдер.

Тармақталу ұғымын оқушыларға түсіндіру үшін төмендегідей логикалық тәсілдерді қолдануға болады. Алгоритмнің негізгі құрылымдарын бөліп көрсеткеннен кейін (сызықтық, қайталану, тармақталу), бірнеше командалардың ішінен тек біруі ғана орындалады. Ал енді қай команданың орындалатынын қалай білуге болады, әрине, ол қойылған шартқа тәуелдіМАТ-дегі тармақталу командасының жалпы түрі:

ЕГЕР шарт

ОНДА 1-серия

ӘЙТПЕСЕ 2-серия

БІТТІ

Қойылған шартқа тәуелді тармақталу командасына кіретін екі командалар сериясының біреуі ғана орындалады.Егер шарт сақталатын болса, онда 1-сеия орындалады,ал шарт сақталса онда екінші сеия орындалады.

Кеибір алгаритімдер және,емес,немесе сөздерімен жалғастырылған екі немесе одан да көп шарттардан құралады.

Мұндаи шарттарды құрама шарттар деп атаиды.

Мысал:

функцияның мәнін есептеитін алгоритм құру.

алг есеп (нақ х,у)

арг х

нәт у

басы

егер х>=0.7

онда у:=sin(x)+cos(3*x)

әйтпесе у:=cos(x)+авс(х)

бітті

соңы

2-мысал

Функциясының мәнін есептейтін алгоритмін құру.

алг есеп (нақ х,у)

арг х

нәт у

басы

егер х<2

ондау:=sin(3*x)+cos(2*x)

әйтпесе.егер (x<3) және (x>=2)

онда у:=sin(4*x)+cos(3*x)

әйтпесе у:=sin(5*x)-cos(4*x)

бітті

бітті

соңы

Бұл мысалда алгоритм үш тармақтан тұрады.

  1. Қайталанатын алгоритмдер.

“ӘЗІР” қайталану командасы. Кейбір алгоритмдерде белгілі бір шарттардың сақталуына тәуелді командалардың қандай да бір бөлігі бірнеше рет қайталанылады. Осы әрекеттерді жүзегеасыратын командаларды қайталану командасы деп атайды.

Е- практикум жүйесіндегі әзір қайталану командасының жалпы түрі:

ЦБ әзір <шарт>

СЕРИЯ

ЦС

ЦБ- циклдың басын, ЦС- циклдың соңын көрсетеді. Команда төмендегідей ережемен орындалады: алдымен шарт тексеріледі, шарт сақталудан қалғанша цикл денесіндегі командалар сериясы қайталана береді. Егер шарт басынан сақталмаса, онда командалар серияы бірле-бір рет орындалмайды.

  1. Мысал Берілген n натурал сан қанша сицфрдан тұатынын анықтау қажет. Бұл мысалда біз 10-ға бөлу командасының қанша рет орындалатынын алдын-ала білеміз, бірақ бөлінді 1-ден көп болса бөле беру керек екенін білеміз.

Алг есеп (бүт n,k)

Арг n

Нәт  k

басы лит М

k :=1

ЦБ әзір n/10>1

n: = n/10

k := k +1

ЦС

Егер  n/10=1

Онда k := k +1

Бітті
 М : =“нәтиже”

k := k

соңы 

“үшін” қайталану командасы.

І := 1

ЦБ үшін І бастап 1 дейін N

Серия

ЦС.