Сабақ жоспары және оның негізгі құраушылары

Сыныбы:9 а сынып

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік желілер тарауын қайталау

Сабақтың мақсаты:

білімділік:Оқушылардың білімділігін арттырып, өткентарауда алған білімдерін жетілдіру, тиянақтау,

еске түсіріп, білімдерін қорытындылау.

дамытушылық:Танымдық ойлау қабілетін, ой-өрісін, есте сақтауқабілетін дамыту, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

тәрбиелік: Алған білімдерін тиянақтай білуге, тапқырлыққа, ізденіп шешім қабылдауға, ауызбіршілікке, ойын жинақтай білуге, біріне-бірі көмектесуге баулу. Ой –пікір көзқарас қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Қорытындылау сабағы

Сабақтың әдісі: қайталау

Сабақтың көрнекілігі:мәнжазбалар, сөзжұмбақ, плакат(венн диаграмасы, бес жол өлең, топтастыру, үлестірмелі қағаздар, буклеттер)

Сабақта қолданылатын стратегиялар: венн диаграмасы, топтастыру, бес жол өлең, INSERT жүйесі.

Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру бөлімі(2 мин)

  1. Үй тапсырмасын сұрау.
  2. Тарау бойынша қайталау

а) ой қорыту ( венн диаграмасы, бес жол өлең, топтастыру)

ә) сергіту сәті

б)INSERT жүйесі

  1. Қорытындылау («Ғажайып тоғыздық»)
  2. Бағалау.
  3. Үйге тапсырма.

1) Ұйымдастыру кезеңі:Оқушыларды түгелдеп, оқу құралдарын тексеріп, сабаққа зейінін аудару.

2) Үй тапсырмасын сұрау:

Электрондық пошта

  • Электрондық пошта дегеніміз не?
  • Электрондық пошта арқылы хабарлама алмасу қалай жүзеге асады?
  • E-mail адресі қандай элементтерден тұрады?
  • Пошталық программалардың атқаратын қызметі қандай?
  • Outlook Express тономды жұмыс режимі не үшін қажет?
  • Outlook Express терезесінің элементтерін атаңдар.
  • Хабарламаны қалай қабылдап, оқуға болады?
  • Жөнелтушілер бойынша хабарламаларды қалай сұрыптауға болады?

3) Тарау бойынша қайталау

1) Ой қорыту:Үлестірмелі қағаз арқылы венн диаграммасын, бес жол өлеңді, топтастыруды толтыру.

  1. Венн диаграммасы

Электронды поштаКәдімгі пошта

  • Компьютерлік желі деген не?
  • Жергілікті желінің қызметі қандай?
  • Жергілікті желі топологиясын атаңдар.
  • Хаттама қандай топтарға жіктеледі?
  • Интернет дегеніміз не?
  • Электрондық пошта деген не?
  • Домен дегеніміз не?
  • Доменнің қандай жұрнақтарын білесіңдер?
  • Келіп түскен хаттар қай бумаға жазылады?
  1. Бағалау.
  2. Үйге тапсырма.

Сабақтың тақырыбы: While – do қайталау опрераторына программа жазу (1 сағ)

мақсаттары:

  1. Әзір-қайталау командаларын Паскаль опреторында программалауды үйрену, пысықтау.
  2. Программаны ықшам, сапалы жазу дағдысын қалыптастыру. Программаның математикалық моделі туралы түсінік қалыптастыру.
  3. Программа мәтінін экранға және дәптерге жазудың эстетикасын сақтауды ескеру.

көрнекілігі:

Паскаль редакторы – Паскал АВС, қайталау операторнының блок-схемасы, баспалық таратпа материялдар.

түрі:

Машықтану сабағы

барысы:(3 мин)

Ұйымдастыру.

  1. Оқушыларды түгелдеу, журнал толтыру, оқушылардың дәптерлерін, оқулықтарын қарап шығу.
  2. Сынып, тақта, партатазалығын қарап шығу, қажет болса ескертулер жасау.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

барысы: (10 мин)

Үй тапсырмасымен жұмыс.

  1. Үй жұмысының орындалуын тексеру, есепке алу

Үй жұмысы орындалған, бірақ дұрыс емес — 1 ұпай,

жартылай дұрыс — 2

толық дұрыс- 3

жоқ- 0

  1. Қысқаша сұрақ-жауап. (1-2 ұп)
  • Қайталау операторы не үшін қолданылады? (қайталанып келетін процестерді программалау үшін)
  • Әзір қайталау операторы қалай орындалады (шарт сақталмай қалғанша қайталау опреторы серия жарлықтарын атқара береді)
  • Қайталау параметрі деген не? (қайталау санын көрсететін, әр қайталау сайын 1-ге артып отыратын натурла типті шама)
  • Шарт деген не? (жауабы «иә» немесе «жоқ» болатын ұйғарым)
  • Серия деген не? (Паскаль опреторларының тізбегі)
  • ҚО Паскаль тілінде қалай жазылады? Әр қызметші сөздің қазақша мағанасы қандай? (әзір, дейін, басы, соңы)

Журналдағы тізім бойынша әр оқушы бір сұраққа жауап береді. Сұрақтар бітіп қалғанда басынан бастап қайтадан қойыла береді. Әр қайталанған сайын сұрақтар күрделене береді. Бір дұрыс жауапқа бір ұпай.

Жаңа сабақ

(10 мин)

  1. Бүгінгі сабақта осы әзір қайталау операторын есептің программасын жазу үшін қолданамыз. Алдымен мына сұрақтарға жауап берейік. (1-3ұп)
  1. Жұп сандарға мысал келтір.
  2. 10-ға дейінгі жұп сандарды айтып шық.
  3. 10-ға дейінгі жұп сандардың қосныдысын ауызша есепте.

Енді мына есепке программа жазып көрелік.

Е С Е П: Бүтін М санына дейінгі жұп сандардың қосындысын табатын программа дазыңыз.

Мат.мод.

Сынып жұмысы

(17 мин)

А. Осы программаны компьютерде теріп орындаңдар, (5ұп)

В. Осы прогмамманы тақ сандардың қосындысын табатындай етіп өзгертіп, компьютерде орындаңдар. (10ұп)

С. Оқулықтан №11 есеп (103). Бүтін М (100<=M<=200) санына дейінгі жұп сандар мен тақ сандардың қосындысын жеке есептеп, нәтижелерін экранға шығаратын программа жазып, компьютерде орындағңыз. (15 ұп)

Нұсқа:. Қателерін тексеріп, түрлі мән беріп бірнеше рет орындаңдар, файлды сыныптарыңның «9 сын» папкасына өз фамилияларың мен есеп нөмірін файл аты етіп сақтаңдар.

Бағалау:

(4 мин)

Қосымша ұпайлар:

белсенділік – 2 ұп,оқу-құралдары (кітап, дәптер, қалам) толық – 1 ұп

тәртібі – 2 ұп

35-40 үп — «5»25-34 ұп- «4»3 – 24 ұп – «3»… – 0-2 – «2»

Үйге тапсырма

(1 мин)

Оқулықтан 3.7 (91-92 бет)

Есеп №2ә, программа жазып келу, мүмкін болса дискіге жазуп келу.