Клавиштердің басылуын өңдеу және музыканы ойнату

Осы уақытқа дейін берілгендерді енгізу үшін INPUT операторын қарастырып келдік. Ол математикалық есептеулерді, экономикалық және инженерлік есептерді шешуді жүзеге асыратын программалаушыларды қанағаттандырады, ал адаммен белсенді қарым-қатынаста болатын, оның іс-әрекеттеріне бірден әсер ететін және керекті берілгендерді енгізуді күтпей-ақ тоқтамайтын программа құруды қанағаттандырмайды. Мысалы, көптеген компьютерлік ойындар ойыншының әрекетін бақылап нақты уақыт режимінде жұмыс істейді, бірақ фигураның жылжуы тоқтатылмайды.

Белгілі бір клавиштерді басқанда қандай да бір әрекетті орындайтын етіп клавиштерге функциялар меншіктеп қоюға болады. Ол үшін ON KEY операторын пайдаланамыз.

Пайдаланушы программаның орындалу барысында ON KEY операторында мәні көрсетілген клавишті басса, басқару таңба көрсетілген жолға өтеді.

Клавиатурадан болатын үзілісті өңдеушіні қосу үшін

KEY ({клавиш мәні}) ON

операторын, өшіру үшін

KEY ({клавиш мәні}) OҒҒ

операторын, уақытша тоқтату үшін

KEY ({клавиш мәні}) STOP операторын пайдаланамыз.

  1. Музыканы ойнату.

Бейсикте компьютерге орнатылған дыбыскүшейткіштің көмегімен күрделі емес әуендерді орындауға мүмкіндік беретін дайын команда бар.

PLAY <жол-әуен>

Мысалы

PLAY “MBo3L8ED+ED+Eo2Bo3DCL2o2A”

Қанша нота ойналмай қалғанын білу үшін PLAY(0) функциясы пайдаланылады.

PRINT “Орындалатын”; PLAY(0);”нота қалды”

BEEPоператоры қысқа стандартты жүйелік дыбыстар шығарса,

SOUND {жиілік},{ұзақтығы}- операторы көрсетілген жиілікте және ұзақтықта дыбыс шығарады.

Жиілік50-20000 Гц

Ұзақтық 0-65535

  1. ON TIMER операторы

ON TIMER ({сан-секунд}) GOSUB таңба

операторы арқылы көмекші программаны периодты түрде шақыруға болады.

{сан-секунд}- басқару көрсетілген таңбаға қанша уақыттан кейін берілетінін анықтайды.

  1. Программадағы үзіліс

Кейде программаның жұмысын уақытша тоқтату қажет болады. Ол үшін

SLEEP {үзіліс} операторы қолданылады.

Егер {үзіліс} көрсетілмесе не 0-ге тең болса программа кез-келген клавиштің басылуын күтеді. Егер үзіліс (секундпен) көрсетілсе, программа көрсетілген уақытқа тоқтап қалады.

SLEEP 5