Модульді програмиалау

Басқапрограммалармен бірлесе отырып бірнешерет жұмыс істеуге есептеліп жасалған әрі тиісті түрдебезендірілген программа модуль деп аталады.

Стандартты бағыныңқыпрограмманың өзімодуль болып табылады , өйткені әрбір бағыныңқы программаны басқапрограммаларда пайдалануға болады. Бағыныңқы программаның кемшілігі сонда, ол өзінін шақырғанпрограма мен ғана жұмыс істейді, ал бағыныңқыпрограмманыңорындалуынақажетті барлық информациясол шақырушыпрограммаарқылы беріледі. Бұдан басқа кейбір жағдайларда бір программаның бірден бірнешепрогрммаменжұмысістеу қажеттілігі пайда болады.

Модульдің бағыныңқыпрограмаданайырмашылығы басқа модульдермен кеңінен жұмыс істеуге мүмкінедік береді. Бұл модуль ұғымы бағыныңқыпрограммаұғымыныңодан әрі дамытыулыдеген сөз, ал соғысы модульдіңдербес жағдайыболып табылады.

Қазіргі заманғы программалау жүйелері осы модульді программалаудыескеріп құрылды. Программалау жүйесінде модулдердің үш түрі қолданылады.

-Пайдаланушымодулі

  • Жүктелуші модуль;
  • абсолютті модуль;
  1. Пайдаланушы модулі.

Бұл үлгідегі модуль адамға ыңғайлы програмалау тілінде жасалады. Пайдаланушы модуль екі бөлімнен тұрады:

  • модуль денесі;
  • паспорт.

Модуль денесі модульдің мәнін анықтайтын оның негізгі бөлігіболып табылады, ал паспорт-бұлоны түсіндіруші бөлігі. Паспорттамодульді келесі кезектеқалай пайдалану туралы қажетті қосымша информация болады.

  1. Жүктелуші модуль.

Модульдербірнеше қайтара пайдалануға арналғандықтан компьтюрде арнайы ұйымдастырылған кітапханада сақталады, одан қажетболуына қарай шақырылады.

Программаны алгоритмдік тілден машина тілінеаудару екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде модулді басқа модульдерменжұмыс істей алу күйінекелтіретін пайдаланушымодульдіңпішінінен машиналық пішінгеөту орындалады. Модульдіұсынудыңосындай пішініжүктелетін модуль деп аталады. Пайдаланушы модулінен жүктеуші модульге өту соғансай транслетордың көмегімен жүзеге асырылады. Әрбір модульдітрансллетциялау болғныбір рет орыдалады, одансоң ол кітапхана да жүктелушімодуль түрінде сақталады.

Екінші кезеңде жүктелетін модульді нақтылыпрограммамен жұмыс істеуге икемдеу жұмысы орындалады.Бұл кезең жүктеу деп, ал ол орындалатынпрнограмма жүктеуші  деп аталады. Компютердің жадына модулді ендіруді, оның жадтағы оған бөлінген орынға икемделіп орналасуын, сонымен бірге модульдіберілген параметірлерге икемдеуді жүктеу деп түсінеміз.

Модульді жүктеу жаңапрограммаға модуль қосылған сайын орындалатындықтан,жүктеуқарапайым әрі тез орындалу үшін жүктелуші модуль машина тіліне мүмкіндігінше жақын болуы тиіс.

Жүктелуші модуль пайдаланушы модуль сияқты екі бөліктен тұрады:

  • модуль денесі;
  • паспорт;

Модуль туралы қосымша информациясы бар жәнеп оны жүктеуге пайдаланылатын паспорт жүктеушіге ыңғайлы пішімде ұсынады.

  1. Абсолютті модуль

Бұл жүктеу нәтижесіндеалынған модуль. Ол машина тілінде ұсынылады, жадта өз орынында және басқа модульдермен бірлесіп жұмыс істеуге икемделеді, сондықтанда абсолютті модуль компьютерде тікелей орындауға жарамды машина түрінде программаның бөлегі болып табылады.

Модульді программалауда нақтылы есепті шешуге арналған программа осы программаны құрайтын барлық модульдерді жүктеп, оларды біріктіру жолымен алынады. Егер бұл жағдайда кітапханада сақтаулы дайын модульді пайдалануға болатын болса, онда тек жетіспейтіндерін ғана қайта құруға тура келеді. Бұдан модульдердің бай кітапханасы программалауды жеделдетіп әрі қысқартатындығын көреміз. Пайдаланушының компьютер көмегімен белгілі бір жұмыс атқаратын программаны программалау жүйесінде тұжырымдап беру мүмкіндігі бар. Бұл үшін адамның жүйемен қарым-қатынас тілі пайдаланылды. Тапсырманың құрамында мыналар болуы мүмкін:

  • трансляциялауға жататын пайдаланушы модульінің мәтіні;
  • қандай модульдерді трансляциялаған соң кітапхана жазу керектігі туралы информация ;
  • жеке модульдерден, оның ішінде дайын модульдерден пайдаланушыны қызықтыратын программаларды жинау туралы жүйеге берілетін нұсқау;
  • алынған программаларды орындау туралы нұсқау;

Қазіргі заманғы, программалау жүйесі көп тілді болып табылады, яғни программа жазу үшін және оның әртүрлі модульдерін жазу үшін ең ыңғайлы әртүрлі программалау тілдері пайдалынады.

 Транслятор пайдаланушы модульін жүктелуші тілге аударады, сондықтанда бұдан әрі жүктелуші модуль қай модуль қандай транслятордың көмегімен алынғандығына қарамастан пайдаланыла беретін болады.

Жүктелуші модульдеркомпьютордың сыртқы жадындағы бір кітапханада сақтанады. Әрбір модуль үшін кітапхана каталогында белгіленген модульдің аты, оның ұзындығы және кітапханадағы орны болады. Модульдің паспортын жеке сақтауға болады, сонда каталогта берілген модульдің паспортын ұзындығы және оның жадтағы орны туралы информация болады.

Біріне-бірі сілтіме жасай толтырылған паспорт тар болван жағдайда машиналық прогрмманы Алу үшін модульдерді жүктеу процесін негізгі екі кезеңгебөлуге болады. Бірінші кезеңде берілген программаны Алу үшін жүктелуге жататын барлық модульдерайқындалады, программалық модуль арасында жадты бөлу бөлу жұмысы атқарылады және әрбір модуль үшін барлық сыртқы және жалпы объектілердің шын адрестері анықталады.

Бұдан әрі модульді тікелей жүктеу жұмысы атқарылып, екінші кезең орындалады.