Тармақталу командасының (шартты өту операторы) қысқа формасы:
IF <шарт >THEN
операторлар тізбегі (серия)
ENDIF
Мысалы
DIM X AS SINGLE
x#=5
IF x#>3,14 THEN
PRINT “x 3,14 үлкен”
x#=3,14
ENDIF
PRINT X#
Тармақталу командасының қысқа формасында шарт сақталса серия орындалып, тармақталу командасы аяқталады. Егер шарт сақталмаса, тармақталу командасынан кейінгі командаларды орындайды.
<шарт>- сандық және жолдық шамаларды салыстыратын салыстыру операторы. Ол мынадай қатыстар арқылы орындалады >,>=, <, <=, =,< >. Бір қатыстан тұратын шарты жай шарт деп атайды.
Тармақталу командасының толық формасы.
IF <шарт> THEN
операторлар тізбегі (серия 1)
ELSE
операторлар тізбегі (серия 2)
ENDIF
Шарт сақталса THEN қызметті сөзінен кейінгі серия1 орындалып, тармақталу командасы аяқталады, шарт сақталмаса ELSE қызметтші сөзінен кейінгі серия2 орындалып тармақталу командасы аяқталады.
IF -егер THEN-ондаELSE-әйтпесе
Мысалы:
y= µрнегініњ мәнін табу керек
Өрнектің мәнін табу
Dim x,y As Single
INPUT X
IF X>0 THEN
Y=X+1
ELSE
Y=4
ENDIF
PRINT Y
Кейбір жағдайларда бір тармақталу командасын еrіншісінің ішіне орналастыруға тура келеді.
IF I%>100 THEN
PRINT “I 100-ден үлкен”
ELSE
IF I%>10 THEN
PRINT “I 10-нан үлкен’
® ELSE
IF I%>0 THEN
PRINT “I 0-ден үлкен
PRINT “ I O-ден кіші немесе тен”
Бұлай жазылуды оқып түсіну қиындау. Сондықтанбұл If операторын былайша жазуға блады.
IF I%>100 THEN
PRINT “I 100-ден үлкен”
ELSEIF I%>10 THEN
PRINT “I 10-нан үлкен”
ELSEIF I%>0 THEN
PRINT “I 0-ден үлкен”
ELSE
PRINT “I 0-ден кіші немесе тең”
ENDIF
- Құрама шарт
Бірнеше жай шарттан тұратын шарт кұрама шарт деп аталады. Құрама шарттың құрамына жай шарттар AND, OR, NOT қызметші сөздері арқылы бірігеді.
Мысалы 2<X<4X>2 AND X<4
X<1,X>5X<1OR X>5
AND-және – құрама шартқаенген жай шарттардың барлығының орындалуын білдіреді.
OR-немесе- құрама шартқа енген жай шарттардың біреуінің орындалуын білдіреді.
NOT-емес- шарттарды теріске шығарады.
Мысалы a<b<c теңсіздігі орындала ма соны тексеру
теңсіздікті тексеру
DIM a, b, c as SINGLE
INPUT a, b, c
IF a<b and b<cTHEN
PRINT “теңсіздік орындалады”
ELSE
PRINT “теңсіздік орындалмайды”
ENDIF
- Тањдау командасы
Шартты тексерудің ұзын тізбегінбасқаша -таңдау операторы SELECT CASE арқылы жазуға болады.Жазылу үлгісі:
SELECT CASE {басты өрнек}
CASE {тексерілетін 1-шарт}
1-операторлар блогы
CASE {тексерілетін 2-шарт}
2-операторлар блогы
CASEELSE
n-операторлар блогы
ENDSELECT
Басты өрнек мәні CASEқызметші сөзінен басталатыншарттарды тексеру үшін пайдаланылады. Тексерілетін шарттардың біреуі ақиқат мән қабылдаса, сәйкес операторлар блогы орындалып, таңдау командасы аяқталады. Егер тексерілетін шарттардың барлығы жалған мән қабылдасаCASE ELSEқызметші сөзінен кейінгі операторлар блогы орындалады.
Басты өрнек –Бейсикте рұқсат етілген кез-келген өрнек, мәні саннемесе жол болатын. Мысалы 3, (X%+10)*2, S$+”890” Бұл өрнектің мәні мынадай үш түрлі форманың бірі арқылы жазылатыншарттарда тексеріледі.
*{өрнектер тізбегі}
CASE1, 30,y%-2
Тексерілетін мән осы үтір арқылыажыратылып жазылған өрнектің біріне тең болса, шарт ақиқат болады.
*{1-өрнек} TO {2-өрнек}
Тексерілетін мән 1өрнек пен 2-өрнекаралығында жатуы керек.
CASE5TO25
Басты өрнек 5 пен 25 аралығында жатады.
*CASEIS {щарт операция} {тексерілетін өрнек}
CASE IS<100
Шарт ақиқатмән қабылдайды, егер басты өрнек мәні 100-ден кем болса.Мысалы
SELECTCASE X%
CASEIS< >4
PRINT “ X-мәні 4-ке тең емес”
CASE1, 2, 20
PRINT “X мәні1, 2 немесе20-ға тең”
CASE3TO 12
PRINT “X мәні 3 пен 12 аралығында жатыр”
СASEELSE
PRINT“X мәні анықталмаған”
- Шартсыз µту операторы
Бейсиктепрограммадағы командалардың орындалу ретін өзгертетін тағы біроператор бар.Ол шартсыз өту операторы.
GOTOтаңба
Таңба ретінде басқару берілетін оператордың жол нөмірі немесе шартсыз өту операторыныңбасқаруды беретін жерінкөрсететін,программа текстінің бір жерінде орналасқан текстікидентификаторқолданылады. Бұл идентификатор қос нүктемен аяқталады.Мысалы
X%=1
Label:
X%=X%+5
IFX%<100THENGOTOlabel
Жол нөмірін пайдаланып былайша жазуға да болады.
- X%=1
110X%=X%+5
120IFX%<100THENGOTO110