Turbo Pascal-дағы негізгі ұғымдар

Программада қолданылатын берілгендердің элементіне тұрақты немесе айнымалы жатады. Программаның басында мәні анықтал,ан және программаның орындалу процесінде осы мәні өзгеріссіз қалатын шама тұрақты деп аталады.

Turbo Pascal-да тұрақтылардың сандық, логикалық, символдық, жолдық түрлері қолданылады. Сандық тұрақтылардың мәні нақты және бүтін сандар болады. Логикалық мазмұндағы ақиқат-жалған немесе 0-1 сигналдарын қабылдай алатын тұрақтылар логикалық тұрақты деп аталса, символдық және жолдық тұрақтылар жеке символдан және олардың жиынтығынан тұрады.

  1. 2. Айнымалылар.

Программаның орындалу барысында мәні өзгере алатын шама – айнымалы деп аталады. Программадағы айнымалы ұғымы түсінікті болу үшін оны компьютердің аты аталған (идентификаторы) ұяшығы деп қарастырайық. Мысалы: c:=2 яғни, с атаулы ұяшыққа 2 саны орналастырылды дейік. c:=c+4 амалы орындалғаннан кейін с ұяшығындағы 2 санына 4 қосылып, c:=6 болады. Ұяшыққа жазылған соңғы мәлімет бастапқы мәліметтерді өшіріп отырады. Мысалдан көргеніміздей, әр түрлі өңделуден кейін ұяшық ішіндегі мәлімет өзгереді. Ал ұяшық, яғни айнымалы атауы сол қалпында қалады. Айнымалының соңғы мәні ағымдағы мән деп аталса, айнымалы әр уақытта бір ағымдағы мәнге ие болады.

  1. Стандартты функциялар.

Паскаль тілінің стандартына қарағанда Turbo Pascal-да стандартты функциялар саны көбейген. Жолдармен, көрсеткіштермен және адрестермен жұмыс істейтін стандартты функциялар қызметі туралы кейінгі тарауларда айтылады. Ал, стандартты арифметикалық функцияларға тоқталар болсақ олар мына ережелер бойынша жазылады:

  • Стандартты функция атауы латын алфабиті әріптерімен жазылады;
  • Функция атауы алты әріптен аспауы қажет;
  • Функция аргументі жай жақшаға алынады;
  • Функция аргументі бірнешеу болса, олардың арасына үтір таңбасы қойылады;
  • Тригонометриялық функция аргументтері радиан өлшемісен беріледі.

Градуспен берілген аргументі радианға аудару үшін төмендегі теңдікті пайдаланамыз:

Паскаль тіліндегі арифметикалық функциялар мәні тек нақты және бүтін типті болады.

Кестедегі Random(x) функциясы 0 мен Х арасындағы кез келген бүтін оң санды береді. Мысалы, Random(3) болғанда 0 мен 3 саны аралығындағы бүтін сандар, 0,1,2. Егерa<=x<b аралықтағы кез келген санды алу қажет болса, өрнекті Random(b-a)+aтүрінде жазамыз. Random функциясы х параметрінсіз жазылса, нәтиже 0 мен 1-дің арасындағы кез-келген нақты санды береді.

Frac(x) функциясы х санының бөлшек бөлімін анықтайды. Мысалы, Frac(1.005) болса, нәтиже 0.005. Аргумент және нәтиженің типі нақты. Функцияны қолдануда аргументті өрнек түрінде жазса да болады. Мысалы, Frac(5*2.3), мұндағы 5*2.3=11.5 болғанда, нәтиже 0.5-ке тең.

Int(x) функциясы х нақты санының бүтін бөлігін анықтайды. Нәтиже типі де нақты болады. Мысалы, Int(13.05) болғанда, нәтижесі 13.00. Х-ті өрнек түрінде жазуға мысал келтірейік: Int(5*2.3), мұндағы 5*2.3 болғанда нәтиже 11.0. Сонда x=frac(x)+int(x).

Тізімде жоқ функцияларды жазу үшін түрлендіру формулаларын пайдаланамыз.

Мысалы:

Logax = ln(x) / ln(a)

Lg x = ln(x) / ln(10)

Tg x = sin(x) / cos (x)

Ctg x = cos(x)/ sin(x)

Csc = 1 / sin(x)

Arcsin x= arctan(x / sqrt (1-sqr(x)))

Arcos x = arctan(sqrt(1-sqr(x))/x)

Turbo Pascal-да дәреже көрсеткішін логарифм қасиеттерін қолдана отырып, төмендегі теңдеумен есептейміз:

Ab = ebln(a) – exp(b*ln(a))

Бірақ, бұл теңдеу теріс таңбалы дәреже көрсеткішін есептеуге жарамсыз. Ол үшін цикл операторын қолданамыз.

  1. Арифметикалық өрнектер

Программадағы барлық есептеулер арифметикалық өрнектің көмегімен ұйымдастырылады. Өрнек – тұрақтылардан, айнымалылардан, функциялардан, амалдар таңбасынан және өрнектің орындалу ретін өзгертуге арналған жай жақшадан тұрады. Қарапайым жағдайда өрнек тек бір ғана айнымалыдан немесе тұрақтыдан тұруы мүмкін.Арифметикалық өрнек сызықты түрде, яғни бөлшектің бөлімі мен алымы, дәреже көрсеткіштер мен индекстер бір қатарда жазылады. Сондай-ақ, өрнектің әдеттегі жазылуынан айырмашылығы амал таңбалары міндетті түрде қойылады.Мысалы, 4a-bcөрнегіндегі көбейту таңбасы Паскаль тілінде міндетті түрде жазылады, 4*a-b*c.

Өрнектің нәтижесі бүтін немесе нақты сан болады. Арифметикалық өрнектегі амалдардың орындалуы жақша ішінен басталады. Өрнекте жақша болмаған жағдайда амалдар төмендегі кестедегі реттілік бойынша орындалады.

Унарлық амалдар элементтің таңбасын өзгертуге қолданылады. Мысалы, -а-унарлық амал, а+в бинарлық. Өрнекте екі таңба қатар кездескенде унарлық амалды жақшаға алу керек. Мысалы: а*(-с).

Өрнектің жазылуына мысалдар:

(a-b) (a+b) = (a-b)*(a+b)

a3x3+a2x2+a1x+a0 = a3*xp(3*ln(x))+a2*sqr(x)+a1+a0

2a2+3b5 = 2*sqr(a)+3*exp(5*ln(b))

sin2x + 3cosx2 = sin(2*x)+3*cos(sqr(x))

  1. Div және mod амалы

Divdivision сөзінен қысқартылып алынған. Бұл сөздің қазақша мағынасы – бөлу.Div амалының әдеттегі бөлуден айырмашылығы: бөліндінің тек бүтін бөлігі ғана алынады, бөлшек бөлімі қарастырылмайды.

Мысалы:40 div 8 =5

11 div 5 =2

10 div 3 =3

123 div 4 =30

6 div 5 =1

Div амалы орындалғанда нәтиженің таңбасына да мән беген жөн. Мысалы:

17 div (-5) =-3

-17 div (5) =-3

-17 div (-5) =3

Егер, div амалы бойынша жазылған өрнекте кіші сан үлкен санға бөлінсе, нәтиже0-ге тең болады.

Мысалы:

5 div 17 =0

4 div 10 =0

Бөліндініңбүтін қалдығын табу амалы –mod (modulus).

Мысалы: 11 mod 5 болса, 11-ді 5-ке бөлгендегі бүтін қалдық табылады. Сонда, өрнектің нәтижесі 1-ге тең.

Мысалы:10 mod 5 = 0

10 mod 3 = 1

14 mod 5 = 4

Егер, бөлінді немесе бөлгіштің таңбасы теріс болса,modамалы орындалғандағы нәтиже таңбасы төмендегідей:

17 mod -5 = 2

-17 mod 5 = -2

-17 mod (-5) = -2

Бөлінді бөлгіштен кіші болған жағдайда бөліндінің өзінәтиже болып қалады.

Мысалы:4 mod 6 = 4

7 mod 12 = 7

-5 mod 10 = -5

7 mod (-15) = 7

-6 mod (-8) = -6

Егер,modамалымен жазылған өрнекте бөлгіш 0-ге тең болса, мысалы:10 mod 5 = 0 нәтиже анықталмаған.

Div және mod операцияларының нәтижесі үнемі бүтін сан болады.