Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ҚАЖ Комитетінің Академия қабылдау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2007 жылғы 19 қыркүйектегі № 265 Бұйрығы
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
2007 жылғы ___ тамыз
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің міндетін
атқарушының 2007 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 265 бұйрығымен
бекітілген
ҚАЖ Комитетінің Академия қабылдау ережесі
- Жалпы ережелер
- Осы ереже «Білім туралы», «Әділет органдары туралы», Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымдағы№ 774қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы халықтың дене тәрбиесі даярлығының Президенттік сынамалары туралы ережеге, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 638бұйрығыменбекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережелеріне (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2008 жылғы 28 қаңтарда № 5115 болып тіркелген, «Заң газетінде» 2008 жылғы 22 ақпандағы № 28 (1428) жарияланған), (бұдан әрі — Үлгі ереже), және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Академиясына (бұдан әрі — Академия) оқуға қабылдау тәртібін айқындайды.
- Академия мемлекеттік мамандырылған ведомстволық білім беру мекемесі болып табылады және Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесіне (бұдан әрі- ҚАЖ) мемлекеттік бюджет есебінен жоғары кәсіптік білімі бар мамандарды мынадай мамандықтар бойынша дайындайды:
«050303 — Құқық қорғау қызметі» — сырттай және күндізгі оқу нысаны бойынша оқып, «Құқық қорғау қызметінің бакалавры» академиялық дәрежесіне ие болады.
«050103 — Педагогика және психология» күндізгі оқу түрі бойынша оқып, «Педагогика және психология бакалавры» академиялық дәрежесіне ие болады.
- Академияға Қазақстан Республикасының жалпы орта, техникалық, кәсіптік және жоғары білімі бар, ҚАЖ қызметке жарамды азаматтар қабылданады.
- Шетел азаматтары Академияға Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен қабылданады.
- Азаматтарды Академияға күндізгі оқуға қабылдау жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімі бар адамдар ішінен, сондай-ақ жоғары білімі жоқ, ұлттық бірыңғай тестілеуден (бұдан әрі — ҰБТ) немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттар Ұлттық орталығы әзірлеген технологиялар бойынша өткізілетін кешенді тестілеудің (бұдан әрі — кешенді тестілеу).
- Кешенді тестілеу өткен жылдардағы жалпы орта білім беретін ұйымдардың бітірушілеріне; бастауыш және кәсіптік орта оқу орындарын бітірушілеріне (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі); ұлттық бірыңғай тестілеуге (бұдан әрі — ҰБТ) қатыспай, халықаралық алмасу жүйесі бойынша оқыған жалпы орта мектептердің түлектеріне; өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын жалпы орта білім беретін мектептің бітірушілеріне, республикалық музыкалық мектеп-интернаттарының бітірушілеріне, сондай-ақ оқу орындарын шетелде бітірген азаматтар үшін өткізіледі.
Кешенді тестілеу білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен Академия бекітілген тестілеуді өткізу пункттерінің базасында (базалы ЖОО) өткізіледі.
Ұйымдастыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін талапкерлердің кешенді тестілеуін ұйымдастыру мен өткізу жөнінде мемлекеттік комиссиялар құрылады (бұдан әрі — мемлекеттік комиссия).
- Академияға сырттай оқу бойынша ҚАЖ органдарының қатардағы және басшы құрамының қатарынан, жоғары заң білімі жоқ және кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша сертификаттары бар болса қабылданады, ал жоғарғы білімі барлар, әңгімелесу нәтижелері бойынша қабылданады.
- Жоғары кәсіптік білімі бар, бірақ жеделдетіп оқыту курсының қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша екінші жоғары кәсіптік білімді алғысы келетін ҚАЖ қызметкерлері Академияға сырттай оқу бойынша мамандық профилі бойынша сұхбаттасу негізінде қабылданады.
- Академияға қабылдау тәртібі
- Академияға күндізгі және сырттай оқу бойынша түсетін азаматтарды қабылдауды, іріктеуді ұйымдастыру үшін 1 мамырға дейін қабылдау комиссиясы және 1 маусымға дейін мандаттық комиссия құрылады.
Қабылдау комиссиясының төрағасы болып Академия бастығы болып табылады. Қабылдау комиссиясының персоналдық құрамы, міндеттері Академия бастығының бұйрығымен белгіленеді.
Қабылдау комиссиясының төрағасы шешімімен қабылдау комиссиясы мүшелерінің қатарынан жауапты хатшы тағайындалады.
Мандаттық комиссия құрамы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ҚАЖ Комитетінің төрағасымен (бұдан әрі — ҚАЖ Комитеті төрағасы) бекітіледі.
- Талапкерлерді іріктеу және қабылдау бойынша барлық іс-шараларды жүзеге асыру үшін Академия бастығының бұйрықтарымен сондай-ақ:
штаттан тыс уақытша әскери-дәрігерлік комиссия;
әңгімелесу жүргізудегі емтихан комиссиясы;
талапкерлердің дене шынықтыру дайындығын тексеру бойынша топ;
техникалық топ құрылады.
ҚАЖ-да қызмет өткеруге денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығын анықтау мақсатында оқудың күндізгі түрі бойынша оқығысы келген адамдар арасынан талапкерлерге медициналық куәландыру жүргізу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру үшін маман дәрігерлердің қатысуымен Академияның медициналық бөлімі бастығының төрағалығымен штаттан тыс уақытша қолданыстағы әскери-дәрігерлік комиссия құрылады.
Емтихан комиссиясы жеделдетіп оқыту мерзімі, қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша, екінші жоғары, кәсіптік білімді алғысы келетін азаматтармен әңгімелесу түрінде емтихан қабылдау үшін құрылады.
Талапкерлердің дене шынықтыру дайындығын тексеру бойынша топ Академияда күндізгі оқу түрі бойынша оқығысы келетін адамдарды дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша талапкерлерді іріктеуді ұйымдастыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру үшін құрылады. Топ құрамына талапкерлердің дене дайындығын тексеретін Академияда жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығы кафедрасының оқытушылары кіреді.
Техникалық топ талапкерлердің жеке және оқу істерін іріктеу және өңдеу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру үшін құрылады.
- Академияға күндізгі оқу түрі бойынша оқуға қабылдау бекітілген жоспарға сәйкес үш кезеңде өтеді:
1) бірінші кезеңде Академиялық қабылдау комиссиясы талапкерлер контингентін қалыптастырады, оларды кадрларды даярлаудың аймақтық принципін есепке ала отырып, медициналық, психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша іріктейді.
2) екінші кезеңде Академияның қабылдау комиссиясы ҰБТ немесе кешенді тестілеу нәтижелері бойынша берілген балл сертификатына сәйкес іріктеу жасайды.
3) үшінші кезеңде Академияның мандаттық комиссиясы тыңдаушылар қатарына қабылдауды өткізеді.
- Сырттай оқу түрі бойынша оқуға түсетін ҚАЖ қызметкерлерін қабылдауы екі кезеңнен тұрады:
1) бірінші кезеңде Академияның қабылдау комиссиясы кешенді тестілеуде немесе әңгімелесуде алған нәтижелері бойынша берілген сертификаттағы баллдарымен сәйкес іріктеу жүргізеді.
2) екінші кезеңде Академияның мандаттық комиссиясы тыңдаушылар қатарына қабылдауды өткізеді.
- Академияның қабылдау комиссиясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен (бұдан әрі — ҚР БҒМ) келісілген мерзімде медициналық және дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеу жүргізеді.
Кешенді тестілеу, сертификат және әңгімелесу түріндегі емтихан баллдарына сәйкес іріктеу, Академия тыңдаушылары қатарына қабылдау ҚР БҒМ келісімі бойынша ғана өзгертілуі мүмкін белгіленген Типтік ережелерімен мерзімінде өткізіледі.
- Кешенді тестілеуге қатысу үшін азамат Академияның қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішін, кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік) немесе кәсіптік орта (ортадан кейінгі) оқу орнын бітіргені туралы растайтын аттестатты немесе дипломды (түпқұжат);
бюджет қаржыландыру арқылы ақысыз жоғары білім алуға құқығын растайтын құжатты;
тестілеуге төлем жасағаны туралы түбіртекті;
3×4 мөлшерлі екі фотосуретті, жеке басын куәландыратын құжат көшірмесін ұсынады.
Жоғары аталған құжаттарды тапсырғаннан кейін қабылдау комиссиясы талапкерге кешенді тестілеуге қатысу үшін рұқсатнамасын береді.
Шетел тілінде ұсынылған құжаттардың қазақ немесе орыс тілінде ноториалдық түрде расталған аудармасы болуы керек.
Білім беретін шетел ұйымдарымен берілген білім беру туралы диплом белгілеген тәртіппен нострификациялануы керек.
- Академияға түсетін азаматтар ҰБТ немесе кешенді тестілеуге қатысу үшін берілетін белгіленген үлгідегі бланкіге арызды толтыруда, біріншіде — Академияда мамандарды дайындауды жүзеге асыратын өзі таңдаған мамандықты көрсетеді («Құқық қорғау қызметі» немесе «Педагогика және психология»), екіншіде — Типтік ереженің 3-қосымшасына сәйкес мамандықты көрсетеді.
- Академияға түсу үшін кешенді тестілеуді тапсыруға келген талапкер жеке куәлікті (төлқұжатты) және емтиханға қатысу рұқсатнамасын ұсынуы қажет.
- Кешенді тестілеу талапкерлердің тілегі бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде орта білім беретін бағдарламаның көлемінде төрт пән бойынша жүргізіледі.
050303 мамандығы бойынша «Құқық қорғау қызметті»:
Қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі);
Қазақстан тарихы;
Математика;
Дүниежүзілік тарих.
050103 мамандығы бойынша «Педагогика және психология»:
Қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі);
Қазақстан тарихы;
Математика;
Биология.
- Әр пән бойынша тестілеу тапсырмаларының саны — 25. Әр тестілеу тапсырмасына берілген дұрыс жауабы бір балмен бағаланады.
- Кешендік тестілеуге 2 сағат 30 минут бөлінеді. Тестілеуді қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.
- Тестілеу аяқталған соң, жауаптар парағының көшірмесі шығарылып, дұрыс жауаптардың кодтары арнайы орнатылған жерде ілінеді.
- Кешенді тестілеудің нәтижелері Академияда талапкерлердің тестілеуін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиямен (бұдан әрі — мемлекеттік комиссия) өңделеді. Мемлекеттік комиссияның дербес құрамын және мемлекеттік комиссия қызметін ұйымдастыру ережесін ҚР БҒМ бекітеді.
- Кешенді тестілеу нәтижелерін оның өткізілген күнінде мемлекеттік комиссиямен жарияланады.
Мемлекеттік комиссия тестілеу кезінде тыйым салынған заттарды қолданған (ақпараттық материалдар, электронды жазба кітапшалары, калькулятор, ұялы телефон, пейджер және басқа да байланыс құралдары) талапкерлердің хаттама ресімдеу арқылы тестілеу нәтижелерін жою туралы шешім қабылдайды.
- Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша әр қатысушыға белгіленген үлгідегі мемлекеттік сертификат беріледі, ол тестілеуден кейін үш күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік комиссиямен беріледі.
- Талапкерлерді дене шынықтыру бойынша іріктеу тәртібі
- Дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеу тек қана күндізгі оқу түрі бойынша оқығысы келген талапкерлер арасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымдағы№ 774қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру дайындығының Президенттік тестілеуі туралы ережесімен сәйкес әзірленген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Академиясына оқуға түсетіндерге дене шынықтыру бойынша нормативтермен (бұдан әрі — дене шынықтыру бойынша нормативтер) сәйкес жүргізіледі.
- Дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеу келесі спорттық жаттығуларды орындау бойынша жүргізіледі:
100 метрге жүгіру (жігіттер, қыздар); 1000 метрге жүгіру (кросс) (қыздар); 3000 метрге жүгіру (кросс) (жігіттер); биік салмадан тартылу (жігіттер); арқада жатып денені көтеру (қыздар).
- Спорттық жаттығуларды орындау шарты:
100, 1000, 3000 метрге жүгіру стадионда жүгіру жолында өткізіледі;
биік салмадан аяғын еденге (жерге) тигізбей тартылу. Иегі салмадан асатын болса, жаттығу орындалды деп есептеледі. Тартылғанда 5 секундтен артық демалуға (тоқтауға) және тартылуды шайқалудан бастауға рұқсат етілмейді;
арқасында жатып, қолын иығына қойып, табанды басқа адам ұстап, тізесі 90 градус бұрышында бүгілген қалпында денені көтеру.
- Дене дайындығы бойынша Нормативтердің мазмұны және спорттық жаттығуларды орындау шарты талапкерге сынақтың басталуына дейін 24 сағаттан кешіктірілмей ескертіледі.
- Дене дайындығы бойынша Нормативтерді тапсыру алдында талапкерлердің дене дайындығын тексеру бойынша топ мүшелері олармен нұсқаулық жүргізуі тиіс, спорттық жаттығулар және техникалық қауіпсіздік ережелерін орындау ережелерін таныстыру барысында қол қойдырады.
- Дене дайындығы бойынша нормативтердің тізіміне кіргізілген спорттық жаттығулардың әр қайсысы жеке тапсырылады. Бір күнде екі жаттығудан артық орындауға жіберілмейді, сонымен бірге, кросс (1000 және 3000 метрлерге жүгіру) келесі күні басқа жаттығулардан бөлек орындалады.
- Дене дайындығы бойынша нормативтері орындау үшін салмадан тартылу, арқамен жатып денені көтеріп, 100 метрге жүгіру бойынша нормативтерді орындауда бір уақытта кемінде 3 талапкер қатысады. 1000 және 3000 метрге жүгіру (кросс) кезінде жүгіруді кемінде 10 адам қатысады.
- Осы Ереженің қосымшасына сәйкес, дене шынықтыру жаттығуларды орындау нәтижелері дене шынықтыру бойынша нормативтерге сәйкес бағаланады.
- Ер және әйел жынысына дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеу нәтижелері бөлек бағаланады.
- Дене дайындығы бойынша нормативтерді тапсырмас бұрын, оларды қабылдайтын адамдар, талапкерлерге нұсқау беріп, спорттық жаттығуларды орындаудың нормативтері мен ережелерімен және қауіпсіздік техникасымен таныстырады. Талапкерлер танысқаны туралы дереу қол қояды. Жаттығуларды орындау нәтижелерін белгілегеннен кейін қайта тапсыру рұқсат етілмейді.
- Жеке дене жаттығулары бойынша ведомостердегі көрсеткіштер негізінде 1 тәулік ішінде талапкерлер барлық дене шынықтыру жаттығуларын орындаған соң, дене шынықтыру бойынша нормативтерді орындаудың салыстырмалы хаттамасы құрастырылады, ол Академияның қабылдау комиссиясына ұсынылады.
Салыстырмалы хаттамада талапкердің дене дайындығы бойынша сынақты тапсырғаны-тапсырмағаны туралы қорытынды жазылады. Нәтижелер бір сағат ішінде талапкерлер назарына жеткізіліп, арнайы бөлінген жерде ілінеді.
- Егер талапкер тестіде бір пәнді қанағаттандыраларлықсыз бағаға, ал қалғандарын «жақсыдан» төмен емес бағаға тапсырса, дене дайындығы бойынша тестілеу тапсырылды деп есептеледі. Мысалы: тартылу — «жақсы», 100 метрге жүгіру — «жақсы», 3000 метрге жүгіру — «қанағат» болса, тестілеу сынақ деп есептеледі. Тартылу — «өте жақсы», 100 метрге жүгіру — «қанағат», 3000 метрге жүгіру — «қанағаттандырарлықсыз» болса, сынақтан өтпеді деп есептеледі.
- Апелляциялық комиссияның жұмысы
- Кешенді тестілеу, дене дайындығы бойынша сынақ нәтижелерімен келіспеген азамат аппеляцияға беруге мүмкіншілігі бар.
- Кешенді тестілеу нәтижелерімен байланысты мәселелерді қарау үшін аппеляциялық комиссия құрамы мемлекеттік комиссиясының төрағасымен бекітіледі. Аппеляциялық комиссияның төрағасы ҚР БҒМ бұйрығымен бекітіледі.
Дене дайындығы бойынша сынақ нәтижелерімен байланысты мәселелерді қарау үшін аппеляциялық комиссияның құрамы Академия бастығының бұйрығымен бекітіледі.
- Кешенді тестілеуді немесе дене дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру нәтижелерін хабарлағаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін талапкердің өзі аппеляциялық комиссияға шағымдануға өтініш береді және аппеляциялық комиссиясымен бір тәулік ішінде қарастырылады. Арызданушыда өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.
- Талапкердің өтінішін қарау нәтижелері бойынша оның қалауы бойынша дене шынықтыру жаттығуының біреуін қайта тапсыру құқығын беруі мүмкін.
- Дене шынықтыру жаттығуларының бір түрін қайта тапсыруға рұқсат аппеляциялық комиссияның дәлелді шешімімен жүргізілуі тиіс.
- Аппеляциялық комиссия шешімі комиссияның тізімдік құрамының көпшілік дауысымен қабылданады. Бірдей дауыс кезінде комиссия төрағасы шешуші дауыс беруге құқы бар. Комиссия жұмысы төрағамен және барлық комиссия мүшелерімен қол қойылып, хаттамалармен ресімделеді.
Аппеляциялық комиссия шешімінің нәтижелері бойынша өтініш жасаған талапкерге аппеляциялық комиссия отырысының хаттамасынан үзінді беріледі.
- Тестік тапсырмаларды бағалау кезінде туындайтын даулы мәселелерді шешу үшін аппеляциялық комиссия төрағасы ҚР БҒМ кешенді тестілеу өткізу кезінде құрылатын шағымды қарау үшін республикалық комиссияға өтініш білдіре алады.
- Академияға қабылдау тәртібі
- Академияның тыңдаушылар қатарына қабылдау мандаттық комиссияның ашық отырысында конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Конкурс ҰБТ нәтижелері бойынша берілген сертификаттағы балдар мен кешенді тестілеу нәтижелері, сондай-ақ медициналық, психофизиологиялық, дене көрсеткіштері мен мамандықтары бойынша жеке іріктеу нәтижелерін есепке алып және ҚАЖ комитеті төрағасының бұйрығымен бекітілген тәртіптемеге сәйкес ҚАЖ комитетіне, ҚАЖ комитетінің аумақтық басқармаларына бөлінген қабылдау орындарының негізінде жүргізіледі.
- ҰБТ сертификаты немесе кешендік тестілеу балдарына сәйкес Академия тыңдаушылары қатарына қабылдау конкурсын өткізуде келесі талапкерлердің артықшылық құқықтары бар:
— «Алтын белгі» белгісімен марапатталған оқушылар;
— соңғы үш жыл ішінде жалпы білім алу пәндері бойынша халықаралық олимпиадалардың және ғылыми сайыстардың (І, II, III дәрежелі) жеңімпаздары, сондай-ақ жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың ағымдық жылдың жеңімпаздары кіреді, олар өздері таңдаған мамандығы олимпиаданың, ғылыми жарыстардың пәніне сәйкес болуы шарт.
Халықаралық және республикалық олимпиадаларды, ғылыми жарыстарды дайындау мамандықтары мен пәндері бекітілген тізбеге сәйкес болу қажет.
- Егер сертификат, ҰБТ немесе кешендік тестілеу балдарының көрсеткіштері бірдей болатын болса, Академия тыңдаушылар қатарына қабылдануда ата-аналардың қамқорлығысыз қалған жетім балаларға; соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген адамдар, қызметтік міндеттерін өтеу кезінде қаза тапқан немесе мүгедек болып қалған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің балаларына; білімі туралы үздік құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар азаматтарға; аттестаттың немесе дипломның жоғары орта балл алған адамдарға беріледі.
- Оқуға қабылдау туралы мандаттық комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, оның негізінде Академия бастығының бұйрығы шығарылады. Бұйрықтан үзінді қызметтен бөлумен оқуға қабылданған адамдарды іссапарға жіберу үшін ҚАЖ Комитеті жинақтау органдарына жіберіледі.
- Конкурс бойынша өтпеген азаматтарды жеке істерін қайтарумен және қабылданбау себебін көрсетілуімен ҚАЖ Комитеті жинақтау органдарының қарамағына жіберіледі.
- Академиядағы сабақтар белгіленген оқу жоспары мен оқу процесі кестесі мерзімінде басталады. Оқу басталған күннен бастап 10 күн ішінде себепсіз оқуға кіріспеген тыңдаушылар Академиядан шығарылады.
Шығарылғандардың орнына Академияның қабылдау комиссиясы оқу басталғаннан бір ай ішінде қажетті балдарды ала алмаған тыңдаушыларды тыңдаушы ретінде қабылдай алады.
- Осы Ережелермен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес Академияның қабылдау комиссиясымен қаралады.
ҚАЖ КомитетініңАкадемиясынақабылдау ережелерінеқосымша
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Академиясынатүсетіндерге арналған дене шынықтыру дайындығы бойыншаНОРМАТИВТЕР
ЖІГІТТЕР
№ р/с | Жаттығу атауы | БАҒА | ||
өте жақсы | жақсы | қанағат | ||
1 | 100 метрге жүгіру (сек.) | 13,3 және төмен | 13,4-13,7 | 13,8-14,2 |
2 | 3000 метрге жүгіру (мин/сек.) | 12,3 және төмен | 12,31,-14,00 | 14,01-15,00 |
3 | Тартылу(неше рет) | 15 және одан жоғары | 14-12 | 11-9 |
ҚЫЗДАР
№ р/с | Жаттығу атауы | БАҒА | ||
өте жақсы | жақсы | қанағат | ||
1 | 100 метрге жүгіру (сек.) | 16,2 және төмен | 16,3-16,6 | 16,7-17,0 |
2 | 3000 метрге жүгіру (мин/сек.) | 4,35 және төмен | 4,36,-5,3 | 5,31.-6,0 |
3 | Арқасында жатып денені көтеру
(бір минутта неше рет) |
35 және одан жоғары | 34-30 | 29-25 |