Білім беруде ақпараттық жүйені пайдаланып іздеу мәселесін шешуді үйрету.
- Ақпарат -латынның іnformatіo деген сөзінен шыққан, яғни істің жай-күйі немесе біреудің іс-әрекеті туралы ақпарат, мәлімдеменемесе қандай да бір нәрсе туралымәліметтер жиыны.
Дегенмен, мәліметтерді ақпаратпен теңестіругеболмайды. Ақпарат тек бізді қызықтыратын істердің нақты есмес жақтарын азайтатын мәліметтерді ғанақамтиды.
Ақпаратты қандай да бір мәселелерді шешу үшін пайдалы болатын, қабылданыпалынған, түсінікті және бағаланғанжаңа білім деп түсінейік. Ақпарат дегеніміз, оны алушы кісігедейін қабылдаумеханизімінің қабылданды-түұсінікті-бағаланды деген үшщ сүзгісінен өткен нәрсе.
Мұндай анықтама ақпаратты үш деңгейде қарауға мүмкіндік береді: синтаксистік, семантикалық және программалық.
Синтаксистік деңгейде, ақпаратты қандай да бір қабылдап алушыкісі үшін тек тілдегі белгілер арасындағы қатынас қарастырылып, бұл жерде оның мазмұны мен құндылығыескерілмейді.
Семантикалық сүзгі(тезаурус) мәлімдеменің мазмұны меңгеруге мүмкіндік береді. Мәлімдеменіңмазмұны — белзгілі бір түрде реттелгенбілімболыптабылады.
Прогматикалықсүзгі ақпаратты қабылдаушының іс жүзіндегіқызметбарысындашешетінмәселелерінебайланысты, мәлімдемені бағалауына мүмкіндік береді.
Кибернетикалық жағдайда ақпарат, объектінің жағдайынсипаттайтынжабдық ретінде, сондай-ақ, басқару кезіндегімәліметтер мен оны қолданушылар арасындағы қатынас ретінде қарастырылады. Ал мәліметтерге — кез келген обьектінің жағдайы туралы деректер, мағлұматтар жатады.
Ақпарат жүйесінде элементтер арасындағы байланыс ақпарат арқылы, яғни осы жүйеге қатысы бар мәліметтер мен оны қолданушылар арасындағы байланыс ақпарат арқылы, яғни осы жүйеге қатысы бар мәліметтер мен қандайда бір оқиғалар туралы белгілер арқылы жүзеге асады.
Ақпарат жүйесіс(АЖ)– қандай да бір обьектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту,өңдеу,іздеу және шығарып беру жүйесі деп қарастырылады. Әрбір ақпарат жүйесі(АЖ) ақпараттық обьектілердің бірігуін қамтитын қандайда бір ақпараттық кеңістікті бейнелейтін пәндік саланы иемденеді.
Ақпарат жүйесін жіктеуде оны келесі ішкі кластарға бөлуге болады:
- ақпараттық анықтамалық жүйелер;
- ақпараттық- кеңес беретін жүйелер;
- ақпараттық қадағалаушы жүйелер.
Ақпараттық- анықтамалық жүйелер ақпаратты жинап, оны адамның пайдалануы үшін дайындайды.
Ақпараттық- кеңес беретін жүйелер объектінің күйімен жұмыс тәртібі туралы ақпаратты беріп, нақты жағдай үшін қажетті ұсыныстар мен пікірлерді ұсынады.
Ақпаратты қадағалаушы жүйелерде мәліметтер адамның қатысуынсыз ендіріліп , басқарылатын объектілердегі үрдіс автоматты түрде реттеледі.
Дегенмен, келтірілген жүктеулер шартты түрде қарастырылған. Оларды таңдау сәйкес факторлардан тәуелді.
Ақпарат жүйесіне қатысты ақпарат құрылымын қарастырсақ, оны ақпараттық бірліктерге:реквизиттер, көрсеткіштер, құжат массив, ақпарат ағыны және ақпарат жүйесі деп бөлуге болады. Мұндағы ақпараттың ары қарай бөлінуге жатпайтын ең кіші өлшем бірлігі- реквизит десек, оның екі түрі бар екендігі белгілі: реквизит- негіз және реквизит-белгі.
Әрбір реквизит әріптер мен сандар жиынтығынан тұрады және мән мағынаның сандық қасиетін сипаттайды. Бұл жағдайда ол реквизит негіз деп аталады.Ал ол мән- мағынаның сапалық қасиетін білдірсе, ол- реквизит белгі деп аталады.
Бұл ұғымдар экономикадағы ақпарат жүйелерін қарастыратын пәндерде осылай беріледі. Ал тек таза ақпарат жүйесінің теориясы төңірегіндегі пәндерде ақпараттың атрибут және құрамды бөлігі деп саналатын екі негізгі бірліктері қарастырылады. Атрибуттың аты және мәні(мән-мағынасы) болады. Атрибуттың аты мәліметтерді өңдеу барысындағы шартты белгілеуді білдіреді.Атрибуттың мәні деп, нақты бір жағдайды құбылыстың, жағдайдың, объектінің қандай да бір қасиеттерін сипаттайтын шаманы түсінуге болады. Атрибуттың барлық мүмкін болатын мәндері жиын ретінде біріктірілсе, ол осы атрибуттың домені деп аталады.