Көптеген ақпаратты қорғау құрылғылары криптографиялық шифрларды және шифрлау-кері шифрлау процедураларын қолдануға негізделген. ГОСТ 28147-89 стандартына сәйкес шифр деп берілген ашық мәліметтер жиынтығын шифрланған мәліметтер жиынтығында берілген кілт және криптографиялық түрлендіру алгоритм арқылы кері түрлендіре алатын жиынға айтады.
Кілт бұл мәліметтерді криптографиялық түрлендіру алгоритмдерінің берілген алгоритм үшін мүмкін болған жағдайларда тек бір нұсқасын таңдап алуды қамтамасыз ететін осы алгоритмнің кейбір параметрінің нақты жасырын күйі болады.
Шифрдың негізгі сипаттамасы болып оның криптотөзімділігі есептеледі. Ал оның криптоанализ әдістерімен ашылуы төзімділігімен анықталады. Әдетте бұл сипаттама шифрды ашуға қажет болған уақыт интервалымен анықталады.
Ақпаратты криптографиялық қорғау үшін қолданылатын шифрларға бірқатар талаптар қойылады:
-Жеткілікті дәрежедегі криптотөзімділік (мәліметтердің сенімді түрде жасырынуы);
- Шифрлау және кері шифрлау процедураларының қарапайымдылығы;
- Шифрлау кезіндегі ақпараттың аз мөлшердегі артықшылығы;
- Кішігірім шифрлау кезінде пайда болатын қателіктер кезінде сезінбейтіндігі;
- Қандай да бір мөлшерде бұл талаптарға төмендегі шифрлар жауап бере алады.
- Орын ауыстыру шифрлары.
- Орнына қою шифрлары.
- Гаммалау шифрлары.
- Мәліметтерді аналитикалық түрлендірілген негізделген шифрлар.