Компьютер жүйелерінде ақпарат қауіпсіздігі. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар

Ежелгізаманнан адамды ақпаратты қорғау проблемасы қызықтырып келеді. Ақпаратты қорғау қажеттілігі әскери тараптарды жәнеде дипломатиялық қатнастарды құпия ақпарат ұзату тарапынан келңп шықты.Мысалы Ежелгі спартандықтар өздерінің әскери хабарларын шифрлайтын болған.Ал қытайлықтар үшін ероглифтер көмегінде жазылған хабарларын шетелдіктер үшін құпия болып қала берді.

Құпия(жасырын) байланыс саласында “Криптология” термині қолданылады.Ол сөздің келіп шығу тегі гректердің “Criptos”- шекаралаған екі бағыты бар:

  1. Криптография.
  2. Критоанализ.

Криптографтардың басты мәселесі ұзатыратын хабарлардың конфиденттігін (жасырындығын)және аутенттігін (шынайлығын) қамтамасыз етеді.

Криптоаналиктердің басты мәселесі криптографтардың істеп шығарған қорғаныс жүйесін бұзып ашу.

Криптографиялық жүйелерде екі класс криптожүйелері ажыратылады.

  1. Бір кілтті симетриялық крипта жүйелер (жасырын кілтпен).
  2. Екі кілтті асиметриялық крипта жүйелер(ашық кілтпен).

Компьютер жүйелеріндеақпарат қауіпсіздігі .

Негізгі ұғымдар мен анықтама.

АӨАЖ(ақпараты өңдеудің автоматтандырылған жүйелер).

АӨАЖ-ң қауіпсіздігі деп оның нормаль жұмыс істеуіне кездейсоқ немесе қасақана араласудан қорғануына, сондай-ақ оның компонентін ұрлау, өзгерту немесе бұзудан сақтануға түсінеді.

Ақпаратқа енуге рұқсат деп- ақпаратпен танысу, оны өңдеу, дербес жағдайларда көшіру, модификациялау (түрін өзгерту) немесе ақпаратты жоюға түсініледі.Ақпаратқа енудің рұқсат етілуі екі түрде болады. Санкцияланған және санкцияланбаған.

Субьект-бұл жүйенің белсенді компонентті болып, ақпараттың обьектіден субьектіге қарай тасымалдануы немесе жүйе күйінің өзгеруіне себеп болуы мүмкін.

Обьект-жүйенің паcсив компоненті болып, ол ақпаратты сақтап, қабылдап немесе ұзатып беруге арналған.