Excel электрондық кестесі мәліметтер базасы режимінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Әрине, оның мүмкіндіктері арнайы жасалған мәліметтер базасынан гөрі әлсіздеу. Дегенмен мұнда көптеген жұмыс істеуге болады. Берілгендер қоры бұл қордан тұратын мәліметтер категориясын жазатын өрісті анықтайтын берілген структурадағы тізім. Мәліметтер базасының құрылымына мынадай талаптар қойылады:
— Мәліметтер базасының 1- ші қатарында қайталанбайтын өріс атауы орналасуы тиіс.
— Мәліметтер базасының қалған қатары бос болмай онда жазбалар орналасуы тиіс.
- Өріс бойымен орналасқан мәліметтер 1 тексте болуы тиіс, яғни олар тек сандардан немесе мәтіндерден тұруы тиіс.