Желі топологиясы дегеніміз – компьютерлердің, кабельдердің және желінің басқа да компоненттерінің физикалық орналасуы.
Қандай да бір топологияны таңдау келесіге әсер етеді:
- қажетті желілік жабдықтардың қүрамына
- желілік жабдықтардың сипаттамасына
- желіні улғайту мүмкіндігіне
- желіні басқару тәсіліне
Әртүрлі топологияны қалай пайдалануды түсінсек, түрлі желілердің қандай мүмкіндіктері барлығын да түсіну қиын емес. Барлық желілер базалық үш топология негізінде қүрылады:
- «шина»
- «жүлдызша»
- «сақина»