1.Есептеулер информациясымен жүргізілетін ежелгі жұмыстардың бірі.Диқандар, құрылысшылар, теңізде жүзушілер, саудагерлердің барлығына да қандай да болмасын, мысалы, алаңның ауданын табуға, құрылыс блоктарының өлшемдерін анықтауға, теңіз кемелерінің тұрған орнын анықтауға және т.б. есептеулер жүргізуге тура келеді.Ғылыммен техниканың дамуына, машиналар мен құрылыстардың күрделенуіне қарай есептеу жұмыстарына мұқтаждық арта түседі, есептеулер көлемі одан әрі ұлғая береді.
Есептеулерді автоматтандыру мұқтаждығы ЭЕМ –нің – электрондық есептеу машиналарының – пайда болуына ең басты себеп болды .
Жиі қолданып жүрген компьютер деген атаудың өзіде ағылшынныңcompute-санау , есептеу деген сөзінен шыққан.Есептеулер, ғылыми- техниклық есептемелер — ЭЕМ –нің алғашқы рет қолданылғн салалары болатын, тек кейінірек ЭЕМ инфомацияны өңдейтінәмбебап машина ретінде қолдныла бастады.
ЭЕМ –нің есептеу мүмкіндігі көптеген есептерді шығару үшін пайдаланылады: еңбек ақысын және автомобильдің беріктігін есептеуде, ұшақты немесе ракетаны басқаруда, ескілікті жазулардың құпиясын ашуда және қыш құмыраларды даярлуда қыш шеберлері не жөнінде әңгіме еткендігінің сырын ашуда ЭЕМ –дер пайдаланылады.ЭЕМ-нің есептеу мүмкіндіктерін пайдалану принциптік тұрғыдан жаңа құралдармен құрылғыларжасауға мүмкіндік береді, ЭЕМ-сіз оларды жасау мүмкін болмайтын. Осы параграфта біз осындай құрылғылардың бірі болып есептелетін томографты қарастырамыз.
- Ешқандай жаңа конструкцияны сынақтан өткізбей пайдалануға болмайды.
Егер конструкция ЭЕМ-ді пайдаланып жасалған болса, онда конструкция жөніндегі барлық информация ЭЕМ-нің зердесіне сақталады.сондықтан бұл жағдайда жаңа конструкция даярламай-ақ, оның іс -әрекеттерін ЭЕМ-де модельдеу арқылы сынақтар жүргізуге болады Осылайша модельдеу конструкция даярлау мерзімін қысқартып , оның сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді.