- Көп өтімді мен бір өтімді трансляция схемаларын үйлестіру әртүрлі аралас вариантарды тудырды.Олардың көбісі табысты қолдануда. Мысал ретінде олардың кейбірін қарастырамыз.
Төмендегі суретте барлық процессті 2 өтуге болған транслятор блоктарының өзара әрекеттесу схемасы берілген. Бірінші өтуде прогрмманың толық аралық көрінісі жасалады, екіншісінде код генерациясы жүзеге асырылады. Мұндай схеманы қолдану трансляторды бір есептеу жүйесінен екіншісіне оңай өткізуге мүмкіндік береді. Бұл код генераторын қайта жазу жолымен жүзеге асады.
- Код генераторы мен эмуляторды бірге қолданылған трасляторларда бар. Мұндай траслятор схемасы төмендегі суретте көрсетілген→
Трансляция процесі код генерациясын қосаөтулердің кез-келген санында орындалу мүмкін. (суретте бір өтпелі трансляция схемасы). Бірақ, құрылған обектілі код сәйкес есептеуіш жүйеге (ЭВМ-де )орындалмайды, өзге құрылымды (архиттектуралы) компютерде эмуляцияланады. Мұндай схема Java программалау тілінде құрылған ортада қолданылады. Транслятодың өзі виртуалды Java-машинаның кодын генерациялайды. Ал оның эмуляциясы Internet браузер ортасында не жеке (автономды) арнайы құралдар көмегі мен жүзеге асырылады.
қазіргі кезеңде есептеуіш машиналардың көпшілігі микропрограммалықбасқаруды пайдаланып жүзеге асырылған. Ал басқаруды микропрграммалық құрылғысын машиналық кодты эмуляция жасайтын программа ретінде қарастыруға болады.
Бұл айтылғандар соңғы схеманы кеңінен қолданылуын көрсетеді.