Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша ауыстырудың және қайта қабылдаудың ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 9 желтоқсандағы № 638 Бұйрығы
Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойыншаауыстырудың және қайта қабылдаудың ережесі
- Жалпы ережелер
- Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша ауыстырудың және қайта қабылдаудың ережесі (бұдан әрі — Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-тармағы 16) тармақшасына сәйкес әзірленді.
- Ереже меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша ауыстырудың және қайта қабылдаудың тәртібін айқындайды.
- Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мыналар жатады:
1) білім алушылар — техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгерген білім беру ұйымдарының білім алушылары;
2) студенттер — жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгерген білім беру ұйымдарының білім алушылары;
3) курсанттар — оқу-жаттығу бөлімдерінде (орталықтарында), орта немесе жоғары әскери оқу орындарында оқитын сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) құрамының әскери қызметшілері;
4) интерндер — базалық медициналық білім беру шеңберіндегі медициналық жоғары оқу орындарында білім алушылар;
5) адъюнктер — әскери оқу орындарында жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оку бағдарламаларын меңгерген білім алушылар;
6) резидентураның тыңдаушысы (тағылымданушы резидент) — резидентураның оқу бағдарламаларын меңгеретін маман;
7) магистранттар — жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын магистратурада меңгерген білім беру ұйымдарының білім алушылары;
8) докторанттар — жоғары оқу орындарында және ғылыми ұйымдарда жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын докторантурадамеңгерген білім алушылар.
- Білім алушыларды курстан курсқа, бір білім беру ұйымынан екіншісіне, бір нысаннан екіншісіне, бір мамандықтан екіншісіне ауыстыру арқылы жүзеге асырылады.
- Білім алушылардың оқытудың күндізгі және кешкі нысандарына ауыстыру және қайта қабылдау туралы өтініштерін білім беру ұйымының басшысы жазғы және қысқы демалыс кезеңінде бес күн ішінде қарайды.
Білім алушылардың оқытудың сырттай нысандарына ауыстыру және қайта қабылдау туралы өтініштерін білім беру ұйымының басшысы кезекті емтихан сессиясы басталғанға дейін қарайды.
- Білім алушыларды оқуға қайта қабылдау және ауыстыру кезін, олардың оқудың алдыңғы академиялық кезеңінде оқыған оқу жұмыс жоспарындағы пәндердің айырмашылығы анықталады.
- Оқу жұмыс жоспарының пәндеріндегі айырмашылықты бөлімше жетекшісі білім алушының оқу карточкасында (транскрипт) немесе оқуын аяқтамаған азаматтарға берілген анықтамасында (бұдан әрі — Анықтама) көрсетілген оқыған пәндерінің тізбесі, олардың бағдарламалары мен көлемі негізінде анықтайды.
- Шетелдік білім беру ұйымынан білім алушыны оқуға қайта қабылдау немесе ауыстыру кезінде меңгерілген оқу бағдарламалары (академиялық анықтама, транскрипт және т.б.) туралы құжат, сондай-ақ белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында танылу немесе нострификациялау рәсімінен өтуі керек болатын білім берудің алдыңғы деңгейін аяқтағаны туралы құжат ұсынылады.
- Оқу жұмыс жоспары пәндеріндегі айырмашылықтарды жою үшін білім алушылар осы пәндерге жазылып, академиялық кезең барысында барлық оқу сабақтарына қатысады, оқу жоспарында қарастырылған ағымдағы және аралық бақылаудың барлық түрін тапсырады, қорытынды бақылауға жіберілгендігі туралы рұқсат алады.
- Оқу жұмыс жоспары пәндеріндегі айырмашылықтарды белгіленген мерзімде жоймаған жағдайда ол кейіннен академиялық қарыз ретінде ескеріледі.
- Жоғары оқу орындарында білім алушыларды ауыстыружәне қайта қабылдау
- Ауысудың немесе оқуға қайта қабылданудың міндетті шарты бірінші академиялық кезеңнің оқу жұмыс жоспарының барлық талаптарын орындау және аралық аттестаттауды тапсыру болып табылады.
- Ауысу немесе оқуға қайта қабылдану, егер оқу жоспарындағы айырмашылық бакалавриат үшін міндетті компоненттің бес оқу пәнін, магистратура мен докторантура үшін үш оқу пәнін құраса, сол курсқа жүзеге асырылады.
- Пәндердегі ерекшеліктерді анықтау кезінде қорытынды бақылау нысанындағы айырмашылық ескерілмейді.
Сынақ білім алушының оқу жетістігін бағалаудың әріптік жүйесі бойынша, ең төменгі D (1,0; 50-54%) және ең жоғарғы А (4,0; 95-100%) аралығындағы диапазонда сәйкестендіріледі.
- Білім алушыны курстан курсқа ауыстыру жазғы емтихан сессиясының қорытындысы (аралық аттестаттау) бойынша жазғы семестрдің нәтижелерін және алынған ауысу баллдарын ескере отырып жүзеге асырылады.
- Білім алушыны курстан курсқа ауыстыру жоғары оқу орнынан (бұдан әрі — ЖОО) басшысының бұйрығымен ресімделеді.
- Белгіленген ауысу баллын жинаған және академиялық қарызы бар болған жағдайда келесі курсқа ауыстырылған білім беру гранты бойынша білім алушы білім беру грантын жоғалтпайды, ал академиялық қарызын ақылы негізде жояды.
- Қайта оқу курсына қалдырылған білім беру гранты бойынша білім алушы осы гранттан айырылады және одан әрі ақылы негізде оқиды.
- Магистранттар мен докторанттарды бір білім және ғылым ұйымынан екіншісіне ауыстыру тек ақылы негізде оқу үшін жүзеге асырылады.
- Білім алушыны бір ЖОО-дан (ғылым ұйымынан) екіншісіне ауыстыру рәсімі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) басқа ЖОО-ға ауысуға ниет білдірген білім алушы білім алып жатқан ЖОО басшысының атына ауысу туралы өтініш береді және ауысуға мөрмен бекітілген жазбаша келісім алып, қызығушылық танытқан басқа ЖОО басшысына өтініш білдіреді;
2) қабылдайтын ЖОО басшысының атына жазылған ауысу туралы өтінішке мынадай құжаттардың көшірмелері қоса тіркелуі қажет:
факультет деканы (институт директоры) қол қойған оқу карточкасы, оқу бөлімі (оқу-әдістемелік бөлім немесе басқарма) бастығының қолымен расталған және мөрмен бекітілген, кеңсе тіркеушісі қол қойған транскрипт; ұлттық бірыңғай тестілеуді немесе кешенді тестілеуді тапсырғандығы туралы сертификат; білім беру гранты иегерінің куәлігі (егер грант иегері болса); оқыған ЖОО басшысының атына жазылған өтініш көшірмесі;
3) факультет деканы (институт директоры) ұсынылған құжаттар негізінде жұмыс оқу жоспарының және оқу курсының міндетті компонентінің пәндеріндегі айырмашылықты анықтайды;
4) факультет деканы (институт директоры), оқу бөлімінің бастығы (оқу-әдістемелік бөлім немесе басқарма), ЖОО басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары қойған бұрыштамаларға сәйкес ЖОО ректоры білім алушыны ауыстыру туралы бұйрық шығарады.
- Білім алушы ауысатын ЖОО-ның басшысы бұйрық шыққан мерзімнен бастап үш күн ішінде бұрын білім алушы оқыған ЖОО-ға оның жеке іс қағаздарын жіберу туралы жазбаша сұрау салады.
- Білім алушы бұрын оқыған ЖОО-ның басшысы мұндай сұрауды алғаннан кейін «(ЖОО атауы) ауысуына байланысты оқудан шығарылды» деген мазмұнындағы оқудан шығару туралы бұйрық шығарады және бұйрық шыққан мерзімнен бастап үш күн ішінде білім алушының жеке іс қағаздарын қабылдаушы ЖОО-ның мекен-жайына жолдайды.
Білім алушы оқыған ЖОО-да оқу карточкасының және транскриптің көшірмелері, сынақ кітапшасы, студенттік билет және жіберілген құжаттардың тізбесі қалдырылады.
- Бір ЖОО-дан екіншісіне білім беру гранты негізінде білім алушыны ауыстыру кезінде қабылдайтын ЖОО-ның басшысы білім алушыны қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін, оның атына жазылған білім беру гранты куәлігінің көшірмесімен бірге білім беру саласындағы уәкілетті органға және тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісіне ЖОО-ның қаржыландыру көлемін қайта қарау үшін ұсынады.
- Егер білім беру гранты бойынша білім алушы бір курсқа төмен бір ЖОО-дан екіншісіне ауысса, ол білім беру грантынан айырылады.
- Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жекелеген ЖОО үшін бекітілген нысаналы орындарға, сондай-ақ педагогикалық мамандықтарға бөлінген квота шегінде түскен білім алушыларды білім беру грантын сақтай отырып бір ЖОО-дан екіншісіне ауыстыруға болмайды.
- Бір ЖОО-дан екіншісіне ақылы негізде оқу үшін білім алушыларды ауыстыру білім алушы мен қабылдаушы ЖОО арасында шарт жасасу арқылы жүргізіледі.
- ЖОО-дан шығарылған білім алушы кез келген оқыту нысанына, кез келген мамандыққа және кез келген жоғары оқу орнына шығарылған мерзіміне қарамастан білім алушылар қатарына оқуға қайта қабылдануға құқылы.
- Оқудың құнын төлемегені үшін оқудан шығарылған ақылы негізде оқитын білім алушы қарызын төлеген жағдайда шығарылған күнінен бастап төрт апта ішінде қайта қабылдана алады.
- Білім алушылар қатарына қайта қабылдау және оқу жұмыс жоспарының пәндеріндегі айырмашылықтарды жою тек ақылы негізде жүзеге асырылады.
- Оқуға қайта қабылдау рәсімі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) білім алушы оқуға қайта қабылдану үшін өзінің оқуын жалғастырғысы келген ЖОО басшысының атына өтініш береді. Оқуға қайта қабылдану туралы өтінішке Анықтама (түпнұсқа) қоса тіркеледі;
2) факультет деканы (институт директоры) ұсынылған Анықтама негізінде оқу жұмыс жоспары пәндеріндегі айырмашылықтарды және оқу курсын анықтайды;
3) факультет деканы (институт директоры), оқу бөлімінің (оқу-әдістемелік бөлім немесе басқарма) бастығы, ЖОО басшысының орынбасары қойған бұрыштамаға сәйкес ЖОО-ның басшысы білім алушыны оқуға қайта қабылдау туралы бұйрық шығарады.
- Оқуға қайта қабылдау туралы өтініш келесі академиялық кезең басталудың алдында кемінде бес күн бұрын ұсынылады.
- Білім алушы басқа білім беру ұйымына оқуға қайта қабылданған жағдайда білім алушы бұрын оқыған білім беру ұйымының басшысы қабылдаушы тараптың жазбаша сұрауы негізінде білім алушының жеке іс парағын жібереді, бұл ретте Анықтаманың көшірмесін, оқу карточкасын, сынақ кітапшасын, студенттік билетті және жіберілген құжаттардың тізімдемесін өзінде қалдырады.
- Оқуға қайта қабылдау туралы шешімді ЖОО-ның басшысы оқу сабақтарының басталуынан кемінде үш күн бүрын қабылдайды.
- Жұмыс оқу жоспары пәндерінің айырмашылығын жою тәртібі мен мерзімі факультет деканының (институт директорының) өкімімен ресімделеді.
- Білім алушының бір мамандықтан екіншісіне немесе оқу түрінің бір нысанынан екіншісіне ауысуы тек ақылы негізде оқу үшін жүзеге асырылады.
- Білім алушының бір ЖОО-ның ішінде бір мамандықтан және оқу нысанынан екіншісіне ауысуы шартқа тиісті өзгерістер енгізу арқылы жүргізіледі және ЖОО басшысының бұйрығымен ресімделеді.
- Оқу мерзімі кезінде пайда болған ауру нәтижесінде берілген мамандықта оқуға тыйым салынғаны туралы дәрігерлік-кеңес комиссиясының шешімі бар білім беру гранты бойынша білім алушы бір мамандықтан екіншісіне бос орындарға білім беру гранты бойынша ауысады.