Трансформациялық программалау. Макрогенерациялар мен дербес есептеулер программаларын тиімді етудің техникасын әдістемелік тұрғыдан біріктірді. Бұл саладағы ең өзекті ұғым – ол ақпараттық эквиваленттілігі. Ол программалар мен процесстерді түрлендіруді анықтауда, түрлендірулерді қолдану критерийлерін іздеуде, оларды пайдалану стратегиясын таңдауда көрінеді.
Программалауға қатысты экстенвисті амал – ол жабдық пен компьютерлік желілердің пайдаланым сипаттамаларын түбегейлі жақсартуға деген табиғи әсер. Мұнда есептеу амалдарының техникалық құралдар класынан тұрмыстық приборлар класына өту жүріп жатады. Демек, мұнда программалауға қатысты жанартулар үшін негіз, сондай – ақ ескі идеаларды қайта қалыпқа келтірудің мүмкіндігі пайда болды. Программалауға қатысты зерттеушілік, эволюциялық, когнитивті және бейімделу амалдары үлкен қызуғушылық туғызып отыр.
Зерттеу амалы — өзінің кәсіби, оқыту және әуесқой программалауының оқу – ойын стилімен бірге, бұрынғы элементтік базадағы дағдарысты құбылыстарды басқара алмай қалған программалау технологиясын жетілдіруде ізденушілік өнертабысқа импульс беруі мүмкін. Эволюциялық амал — өзінің программаларды жедел анықтау стилімен бірге, ақырындап субъектілі – бағдарланған, керек болса эго – бағдарланған программалауға қарай өсіп отыратын объектілі бағдарланған программалау концепциясында айқын көрініп тұрады.