Flesh программасындағы растрлық графиканы экспорттау

 Графиканыне видеоны импорттаудан бөлек проектпен жұмыс істеубарысында кадр мазмұнын картинка түрінде немесе түгел фильмдівидео форматында сақтап қою қажеттілігі туындауы мүмкін. Flesh бейнені көптеген форматтарға экспорттау мүмкіндігін береді.

  1. Кинолентадағы қажетті кадрді ерекшелеп алыңыз.
  2. File»Export image командасымен Export image терезесін ашыңыз. Сақталынатын файл атауын енгізіп, тізімнің ішінен керекті форматты таңдаңыз.

Таңдалынған формат түріне байланысты кадр параметрлерін баптауға арналған терезе ашылады. Мысал ретінде JPG форматы таңдалсын делік. Ашылған терезеде мынадай параметрлер беріледі:

  • Dimensions жолақтарында болашақ картинканың ені мен ұзындығы көрсетіледі.
  • Resoluttion жолағына dpi шешілуі жазылады.
  • Include ашылатын тізімінде 2 пункт бар:
    • Minimum image Area – кадрдың тек бейнесі бар аймағына сақталады.
    • Full Document Size – кадр түгел экспортталады.
  • Quality жолағына экспорт сапасының мәні енгізіледі. Мән жоғары болған сайынбейне сапасыда жақсарып,файл көлемі де артады.
  • Progressive display жалаушасы орнатылса Интернетте орналастырылған картинка жүктелу барысымен біртіндеп бейнелене бастайды.

Дәл осылай фильмді түгел видео форматына экспортауға болады, мұнда енді File®Export Movie (Ctrl+Alt+Shift+S) командасын орындау керек. Кадрлер фильммен жұмыс істеу кезіндегі көрінісі қандай болса, сол күйде сақталынады. Егер барлық анимация тікелей жұмыс облысында орналасқан болса, онда фильм түгел экспортталады. Егер анимацияланған клиптер қолданылған болса, онда олардың ішкі анимациясы экспортталмайды. Видеоны қарау кезінде фильм құруда пайдаланылған клиптердің бірінші кадры ғана көрінетін болады.

Фильмді видео форматында толыққанды (полнеценно) сақтау үшін оны публикацияжасау керек: File®Publish Settings (Ctrl+Shift+F12) командасын таңдап, ашылған терезеде публикация форматы үшін Quick Time –ды көрсету және Play every Frameжалаушасын орнату керек. Фильм movкеңейтпесімен сақталынады. Оны AVIформатына өткізу үшін Quick Timeформатын тани алатын кез келген видеоны редакторлау программасын пайдалануға болады. Мысалы Adobe Premiere программасы.

(Quick Timeформатында публикация жасау үшін компьютерде Quick Time4 ойнатқышы (проиграватель)қойылуы тиіс.)