Енгізу-шығару операторлары

Кейде программа қандай есепті немесе қандай мәселені шешетінін, программада айнымалы нені білдіретіндігін, функция немесе оператор қандай іс-әрекет жасайтыны жайлы еске салатын немесе хабарлайтын ескертулер қою қажет болады. Бұл ескертулер түсініктемелер деп аталады. Бейсикте программаға қанша болмасын түсініктемелер қоюға болады. Түсініктемелер REM операторынан соңнемесе дәйекше символынан кейін жазылады (remark-түсініктеме, ескерту). Бұл жолды машина орындамай тастап кетеді. Яғни, түсніктеме енгізілмесе де программа жұмыс істей береді. Түсніктемепайдаланушыға программаны оқып түсіну жеңіл болу үшін қажет.

REM квадрат теңдеу

‘квадрат теңдеу

  1. Меншіктеу командасы

Меншіктеу командасы арқылы айнымалыға мән меншіктеледі. Меншкітеу командасының жазылу түрі:

1) LET <идентификатор>=<өрнек>

 2) <идентификатор>=<өрнек>

LET-айталық, болсын деген мағынаны білдіреді. Көбінесе LET операторын жазбай екінші формасы пайдаланылады. Бұдан былай бізде екінші форманы пайдаланамыз.

Меншіктеу командасын математикадағы теңдікпен шатастыруға болмайды. Меншіктеу командасы орындалғанда бір әрекет орындалады.

a=5

a=5+2

операторлары орындалғанда а-ға бастапқыда 5 меншіктелсе, одан кейін 7 меншіктеледі.

Мысалы: a=6, b=3 болсын. Мешіктеу командасын пайдаланып екеуінің мәндеріналмастыру керек, яғни a=3, b=6 болуы керек

a=6: b=3

c=a: a=b: b=c

  1. PRINT операторы

Оперативті жадыданмәндердімонитор экранына шығару PRINT операторы арқылы орындалады. Оператордың жазылу үлгісі:

 PRINT <тізім>

Тізімге өрнек, айналымы және тұрақтылардың енгізілуімүмкін. Олар нүктелі үтір не үтір арқылы бөлініп жазылуы тиіс. Нүктелі үтір қойылған кезде экранда мәндер тығыз форматта ( ара қашықтықтары екі позициялық бос орын болып ), ал үтір қойылған кезде зоналық форматта (әр мән үшін 14 позициялық орын беріліп ) көрінеді.

PRINT операторын программаға параметрсіз енгізуде мүмкін. Ол экранда кезекті бір жолды бос тастап кетеді ( бір жолдық Бос Орын символдарын экранға шығарады ). Мысалы,

U=5: V=3.7(2)

PRINT U;V

PRINT U+V; “V”; V.16.289

PRINT

PRINT “Біз бейбітшілік үшін “

программасының орындалу нәтижесінің экранда көрінуі түрі мынадай ;

  • 7

8.7V=3.7 16.289

Біз бейбітшілік үшін.

  1. INPUT операторы

Проограмманың орындалу барысында айнымалылар мәндерін жадыға тікелей өндіру үшін Бейсикте INPUTоператорын пайдалануға болады (input- өндіру) Оператордың жазылу үлгісі ;

INPUT <айнымалылар тізімі >

Тізімге енетін айнымалылар үтір арқылы бөлініп жазылуы тиіс.

INPUT U, V

U мен Vайнымалыларының мәндерін жадыға ендіру үшін алдымен программаны іске қосу қажет. ЭЕМ INPUTоператорын кездестіргенде үзіліс жасап, экранға сұрақ белгісін шығарады да, INPUT операторыпараметрлерінің мәндері ендірілгенге дейін күтіп тұрады. Мәндерді клавиатурадан үтір арқылы бөліп теру керек, оларды кезектестіру реті параметрлердің орналасу ретімен дәл келуі тиіс. Мәндер ендіріліп болған соң программаның орындалуы одан әрі жалғасады.

INPUT операторының бірінші параметрі етіп ендірілуі тиіс айнымалылардың мәндерін сұрайтын тексті (сұрақты) ендіріп қоюға да болады. Ол пайдаланушыныңмашинамен жұмыс істеуін сұқбаттық режимге көшіріп, программаның сұрағына жауап беруді жеңілдету үшін қажет, Мысалы, (2)- программаны сұқбаттық режимде мынадай түрде жазуға болады:

INPUT “U.V айнымалылары =” U,V

PRINT U;V

PRINT U+V; “V=”: V. 16.289

PRINT

PRINT “Біз бейбітшілік үшін”

Программаны іске қосқан кезде экранға шығатын сұрақ;

  1. U. V айнымалылары=? 3.7КҚ

(сұраққа берілетін жауап ? белгісінің оң жағында көрсетулі).

INPUT операторының меншіктеу операторына қарағанда қолайлысы –программаны өзгертпей, айнымалыларға жаңа мәндер беріп, сәйкес нәтижелер алуға болатынында. Ол үшін нәтиже экранда көрінген соң машинаны іске қосу командасын қайталап берсе болғаны.

INPUT операторының сұрауына берілетін текстік жауапты клавиатурадан тырнақшаларға алмай теруге болады. Мысалы,

INPUT”Аты-жөніңіз-“ : А$

RUN

Аты-жөніңіз-?ЕрмекұлыҚошқарбай

READ, DATA операторлары

Берілгендерді ОЕСҚ-ға ендіру үшін меншіктеу командалары мен INPUT операторының орнына бірлесіп орындалатын READ, DATA операторларын пайдалануда мүмкін. Олардың жазылу үлгілері :

READ <айнымалылар тізімі>

DATA <мәндер тізімі>

Тізімдерге енгізілетін айнымалылармен мәндер үтірлер арқылы бөлініп жазылуы тиіс. DATA тікелей орындалмайтын оператор, оны бір не бірнеше жолға орналастыру да ықтимал. Мәндер тізімін берілгендер блогы деп те атайды. Программамен бірге, машина жадының бір блогына осы мәндерде ендіріліп, программа іске қосылған кезде олар READ операторының айнымалыларына басынан бастап сәйкес түрде меншіктеліп шығады. Мысалы программаның

READ A,B,C,D$

DATA6. 85, 2. 7

DATA 2. 9, Біз студенттерміз

жолдарының орындалуы

A=6.85: B=2.7

C=2.9:D$=”Біз студенттерміз”

жолдарының орындалуымен бірдей (DATA операторының жолдық тұрақтыдан тұратын параметрін тырнақшалар ішінде жазбауда мүмкін).

DATA операторын программаның кез-келген жеріне енгізу рұқсат етілген, ол END операторынан бұрын жазылса болғаны.

Программада READ операторының айнымалылар саны DATA операторының мәндер санынан артық болмауы тиіс, керісінше жағдайда берілгендердің жеткіліксіздігін хабарлап машина тоқтап қалады. Екінші жағынан, егер программада DATA операторындағы мәндер саны READ операторының айнымалылар санынан көп болса, онда меншіктеуден қалған мәндер пайдаланусыз қалып қояды. МысалыREAD X,Y

DATA 6. 1, 5, 3, 8. 9.

PRINT X, Y

программасының орындалу барысында х, у айнымалыларының қабылдайтын мәндері х=6.1у=5, ал 30-жол осы мәндерді экранға шығарады.

RESTORE операторы. READ операторының DATA операторындағы берілгендерді қайталап пайдалануы үшін Бейсик тілінде RESTORE операторы бар (restore-қайта бастау). Оның берілу үлгісі :

RESTORE.не RESTORE п

Мұндағы п- басқару өткізілетін жол нөмірі. Ол көрсетілмесе, басқару бірінші кездесетін DATA операторына ( берілгендер блогының басына) қайта беріледі. МысалыREADX, Y, Z

RESTORE 20

READ x1, y1, z1

DATA 2. 5, 3

20 DATA 4. 77, 4,6. 5.

программасында айнымалылардың қабылдайтын мәндері :

x=2.5y=3: z=4.77:

 x1=4.77y1=4:z1=6.5

Бейсикте п- жолға шартсыз өту командасы GOTO п операторы арқылы беріледі(goto-өту , көшу ), (4) –программада DATA операторының қалған мәндерін пайдалану үшін PRINT X . Y операторынан соң GOTO 10 операторын енгізсе болғаны:

30 PRINT X. Y : GOTO 10

(GOTO операторы бір жолғажазылатын бірнеще оператордың соңғысы болып жазылуы тиіс.) Бұл кезде программа DATA операторындағы мәндерді меншіктеу аяқталғанға дейін орындала береді де, соңында “ берілгендерден тыс “ хабарламасын шығарып ,машина тоқтап қалады.

Оқуды қиындатпау үшін программаларды құруды GOTO п операторын мүмкіндігінше аз пайдаланған жөн, бірақ оны қолданудың ыңғайлы жерлеріде бар. Мысалы, GOTO п операторын программаны бірнеше рет автоматты түрде қайталап орындау ( циклді ұйымдастыру) үшін пайдалануға болады. Мысалы,

10 INPUT “x.у=”:x.y

20 PRINT x^2+у^2

30 GOTO 10

программасы орындалып болған сайын GOTO 10операторы басқаруды экранға x.у=? сұрағын шығаратын 10-жолға қайтып береді де, х,у айнымалыларының көптеген мәндерінде х^2+^2 өрнегін RUN командасын қайталамай ақ есептеуге мүмкіндік туғызады.