Компьютерлерді іске қосу үшін мынандай әрекеттерді орындау қажет.
1)ДЭЕМ –ге жалғанып тұрған шеттік құрылғыларды тоққа қосу керек. ( принтер,
сканер және т.б.);
2)Жүйе блогын іске қосу керек;
3)Мониторды іске қосу керек.
Бұл іс әрекеттерден кейін экранға компьютерді алғашқы жүктеу және құрылғыларды тексеру жүріп жатқаны жайлы мәліметтер шығады .Операциялық жүйе (алғашқы орындалатын программа) жүктелген соң,компьютер жұмыс істеугедайын күйге енеді.
Жұмыс істеп болған соң компьютерді өшіру үшін:
- істеп тұрған программалар жұмысын доғару керек;
- ДЭЕМ –ге жалғанып тұрған шеттік құрылғыларды токтан ағыту керек (принтер,сканер және т.б.)
- Мониторды өшіру керек
- Жүйелік блокты өшіру керек
Дербес компьютердің перне тақтасы
ДЭЕМ компьютердің перне тақтасы немесе пернелігі, кез келген ЭЕМ пернелігі тәрізді бір тақтада орналасқан пернелер жиындығынан тұрады. Әрбір адам пернелік арқылы компьютерге симболдық информация енгізіп, солардан оны басқару командаларында құрастыра алады. Бұл күнде IBM компьютерлері пернелігінің екі түрлі стандарты бар: 84 және 101 пернелік.Бірақ екі стандарттың да пернелерінің қызметі бірдей , тек олардың орналасуында екі-екіден болуында ғана аздап айырма бар.
IBM ДК мен үйлесімді ДЭЕМ пернелігі стандартты пернелер жиындығынан тұрады, олар белгілі бір тәртіппен орналасып, мынандай топтарға жіктеледі.
-альфавиттік цифрлық және таңбалықпернелер: латын әріптері және олармен бірге орналасқан орыс , қазақ әріптері, цифрлар,тыныс белгілері, арифиметикалық, логикалық және де басқа символдар,” бос орын”белгісі ;
-функционалдық пернелер: F1-F12;
-әртүрлі қызмет атқаратын пернелер : Enter,Tab,Ctrl,Alt,Esc,Shift, Num Lock, Caps Lock, Scroll Lock, Pause (Break), PrtSc және “*”,”+”,”-”,тәрізді пернелер;
-түзету үшін қолданылатын басқару пернелері: Insert, Delete, Home, End, PgUp, PgDn, BackSpace және бағыттауыш тілсызық пернелер
Терілген символдар экранның “ұ” таңбасы, яғни курсор тұрған екпіндінүктесіне енгізіледі. Курсор(Сілтеме белгі ) – жыпылықтап тұратын тік сызықшатәрізді бір символдыңорнын көрсетіп тұратын таңба.
Алфавиттік әрбір перне латынның не қазақтың (орыстың) бір әрпін енгізе алады. Латын әріптері QWERTY стандарты (екінші жолдың сол жақ шетінде орналасқан пернелер тізбегі ) бойынша, ал қазақ орыс әріптері баспа машинкасындағыдай болып орналасқан.
Цифорлық пернелер қазақ әріптерімен бірге жоғарғы жолда тұр, сандар енгізуді оңайлату мақсатында олар оң жақ шетте тағы қайталанған.
Функционалдық пернелер басқару командалары ретінде белгілі бір операцияныорындай алады. Мысалы: тек бір функционалдық перненібасқару арқылы файлды (мәліметті) дискіге жазуғане оқуға, программа мәтінін экранда көруге , каталог ашуға т.б. амалдар орындауға болады.Олардың атқаратын қызметі жұмыс істеп тұрғанпрограммаға байланысты болады.F1 пернесі көбінесе ЭЕМ нің өзінен жылдам көмек алуды сұрау үшін қолданылады.
Компьютер іске қосылған соң, оң жақта оналасқан Num Lock пернесін басу керек, содан қосымша цифорлық пернелік басқару пернелерінің ролін атқарады.( немесе цифорлар теру режиміне көшеді).
Командалық меню – жұмыс кезінде экранға шақырылатын, одан кейін орындалатын қолданбалы программакомандалрының немесе жолдың іс-әрекеттерінің және ішкі жүйелерінің тізімі. Тізімнің әрбір пазициясын шақырып орындау кестелік курсорды соның атына қойып, Enter пернесін басу арқылы жүзеге асырылады. Нгер бір команданы орындағыңыз келмесе, Esc пернесін басу қажет. Командалық меньюдің кейбір позициясын шақыру кезінде экранға басқа меню шығуы мүмкін . Мұндай сатылы командалариерархиялық (көп сатылы) деп аталады.
Num Lock, Caps Lock, Scroll Lockбелгілі бір тәртіп (режим) орната алатын пернелер тобын құрайды. Бұлардың бірін басқанда, мүмкін болатын екі тәртіптің бірі орнайда: негізгі тәртіп компьютер іске қосылғанда бірден орнатылады. Сол пернені айта бассақ, қосалқы режим іске қосылады. Қосалқы режимге көшкенде, пернеліктегі кішкенешам жанып белгі береді.
Пернелікте латын әріптері американдық машиналардағы секілді, ал қазақ, орыс әріптері біздегі машиналар таңбаларынасәйкес орналастырылған.Бір алфовиттен екіншіге ауысу перне драйверініңарнаулы программасын орындау арқыл жүргізіледі. Ол компьютер ток көзіне жалғанғанда іске қосылып, тұрақты күйде жұмыс жасап отырады. Кейбір драйверлер алфавитті ауыстыру үшін екі Shift пернелерін қатар басуды талап етсе, кейбір Shift+ Ctrl пернелерін немесе оданда басқа комбинациларды пайдалануды қажет етеді