Логика мен алгоритмдік желіні машинасыз оқытуда оқушылардың іс әрекетін ұйымдастыру технологиясына жалпы түсінік беру.
- Жыл мезгiлдерiне сай табиғатта болатын өзгерістерді әңгімеле. Жұмыс дәптерiндегi тапсырмаларды оқушылармен бiрлесе отырып, қарап, қыс, жаз, күз, көктем сияқты тiзбектердiң бар екенiн талқылаңдар.
- Заңдылықтарды тап: сандар мен түстерi бойынша шарлар алмасады
- Бос орындарға қажетті суреттерді салып, боя. Әрбiр жол мен бағанда ойыншықтар қайталанбайтындай бiр реттен кездесетiндей етiп, орналастыр.
1.Апта күндерiнiң дұрыс реттілігін көрсет.(1-сынып бойынша)
1.Арунаға 2048 жылдың кiбiсе жыл (365 күнге тең болатын арабша толық жыл) болатынын анықтау алгоритмiн жазуға көмектес.
Сен алгоритмдi қанша рет қайталадың?Жауабы: -10 рет(4-сынып)
4-тапсырма.
Өрнектердің қайсысы ақиқат, қайсысы жалған?
1-нұсқа
4<5 – ақиқат2+3=5-1 — жалған
3+5=8 – ақиқат 4+3>6- ақиқат
2-нұсқа3<5 -ақиқат4+4=7-2- жалған 4+3=7 – ақиқат7-2=8- жалған
Тапсырма.
1Жазуды толықтыр:
Кiтапхана – бұл кiтаптар жиыны.
Сынып – бұл оқушылар жиыны.
Отар – бұл қойлар жиыны.
Табын – бұл аттар жиыны.
Орман – бұл ағаштар жиыны. (2-сынып бойынша)
1.Нысандарды берiлген жиындар бойынша топта.
КӨЛIК
ОЙЫНШЫҚТАР
ОҚУ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРЫ
- Бұл заттар қандай мамандықтар үшiн қажет?: дәрiгерге, аспазға, спортшыға
- Әрбiр жиынға және жиындардың қиылысуындағы сөздер ойлап, жаз.
- 12 жылдық білім берудеинформатика пәнін оқыту арқылы әр тұлғаның жан-жақты дамуына, алған мәліметтерді сәйкестендіруіне, есептеуіне, салыстыруына, диагностика құруына, болжамдар жасауына, ұлттық өзіндік танымның дамуына үлкен үлесін тигізіп,білім берудің тиімді жолын таңдауға әрекет етеді.
- Тапсырмаларды орындау алдында информатика пәнінен оқушыларға тапсырмалардың орындалуындағы талаптарға көңіл аударуы сұралынады.Оқушылар тапсырмаларды қуана орындайды, өйткені олар кішкентай Балбөбекке көмектескендерін мақтан тұтады.
Берілген тапсырмаларда бала қабылдаған заттарын талдау және саралау мүмкіндіктерін пайдаланып онда заттардың жекелеген тікелей қасиеттерін анықтайды. Материалдарды мағыналық жағынан топтап, оның жекелеген бөлімдерін салыстырады.
Бұл тапсырманы оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін, логикалық ойын қорытып, оның елеулі байланыстары мен қатынастарын кеңінен талдап, есте сақтайды және басқа тапсырмаларды орындағанда қолдана бастайды.
Бастауыш сыныпта, информатика пәнінде бақылау әрекеттерін пайдалану барысында, оқушылардың ой қорытулары көрнекі алғы шарттарға, қабылдау деректеріне сүйенеді. Қорытынды жасау дәлелдер негізінде емес, қабылдаған мәліметтерге тура қатынасы жолымен жүзеге асырылады.
Көрнекі бейнелеулер мен суреттеулер арқылы оқушылар заттар мен құбылыстардың белгілері мен қасиеттерін ұғынады. Сонымен қатар белгілі заттар мен құбылыстарды жіктеу іскерлігі бастауыш мектеп оқушыларының танымдық, ақыл-ой әрекетінің жаңа күрделі формаларын дамытады.
Ақпараттық технология әдістері мәліметтер қорының әдістері болып табылады. Ақпараттық құрал ретінде математикалық,техникалық, ақпараттық және басқа құралдар жатады. Ақпараттық технология қолдануда оқушы өз іс-әрекетін, міндеттерін шешудің әдіс тәсілдерін қайта жаңғыртып игереді. Бұл әрекет пәндік те, ақыл-ой шеңберінде де орыдалады. Кейбір танымдық іс әрекеттер кез-келген оқу материалдарьн игеру, жұмыс істеу, кейбірін қайта жаңарту тән. Оқушылардық танымдық іс-әрекетін дамытуда кез-келген пән бойынша ақпараттық технологияның орны ерекше.
Сабақ барысында әр пәнге сай компьютерді пайдаланып сабақ жоспарын құруға болады,әр оқушы өз компьютеріндегі модульдік жұмыстарды пайдаланып өз іс-әрекетін көрсетеді.Компьютердің алгоритмдік құрылымы
арқылы оқушы танымдық көзқарасын жетілдіреді, қызығушылығы артады.
Ақпараттық технология бүгінгі таңның өзекті мәселесі, сондықтан 12 жылдық білім жүйесінде осы бағыт орынды қолға алынған.
2 сыныптан бастап информатика пәні(инвариативті) жүретіндігі бізді қуантарлық жағдай,әрі ақпараттық технологияны бастауыш сыныпта қолданудың тиімділігі жоғары екеніайқын көрініп отыр.