- Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау қоғамы эксперттерінің мәліметі бойынша, компьютерде жұмыс істейтін ересек адамдардың 92% жұмыс соңында шаршайтындарын және өздерін ойдағыдай сезінбейтіндерін айтады екен. Осындай жағдайлардың кейіннен келеңсіз жағдайларға душар ететіні белгілі болып отыр. Көбінесе көзге зақым келеді екен: бірнеше сағат компьютер алдында жұмыс істеген адамның көзі қызғандай болып оған құм түскен секілді күйге түсіп , қабағы ауыра бастайтынсияқты.
Компьютерде аз уақыт 1-2 сағаттан аспайтын жұмыс істегеннің өзінде жасөспірімдердің 73%-ының көзі және жалпы өзі шаршайтыны белгілі болып отыр, ал басқа сабақтарда балалардың 54%-ы ғана шаршайлы екен. Компьютерге қызығып эмоционалдық деңгейі көтерілген оқушы шаршағанын байқамай ары қарай жұмыс істей береді.
- Қазіргі кезде компьютер алдында кішкентайларда отырады. Егер олар мұғалімнің бақылауында болса оларды көп отырғызбайды. Ал үйде оларды онша ешкім де бақылаймайды. Соның нәтижесінде кешкілік бала қызып, ашуланшақ болып оңай айтқанға көнбестей күйге келеді. Ол ұйықтағанда да , жиі оянып ата-анасын мазалай береді. Олар осының бәрі компьютерге байланысты екенін білгенде таң қалады.
Ата-аналар алдымен компьютердің зиянды сәулелері жайлы ойлайды. Компьютердің рентгендік сәулелерін өлшегенде олардың жер бетіндегі табиғи сәуледен аспайтыны белгілі болды. Сапалы компьютердіңэлектромагниттік сәулелері де қалыптан аспайды. Бірақ сапасыз жасалған компьютердің бүйір және артқы қабырғаларынан шығатын төменгі жиліктегі электромагниттік сәулелер деңгейі қалыптан асуы мүмкін емес. Жұмыс істейтінкомпьютер орналасқан бөлмедегі ауаның физикалық параметрлері өзгереді: температура 26-27 градусқа дейін көтеріліп ауа ылғалдығы да қалыптан төмен түсіп кетеді, яғни 40-60% және көміртегі тотығының да мөлшері көбейеді. Оған қоса ауа иондалады, оң (ауыр) иондар саны артып олар адамның жұмыс қабілетіне кері әсер етеді. Ауа түйіршіктеріне қонған иондар адамның дем алу органдарына барады. Кейбір адамдар, оның ішінде балалар біріншікезекте, ауа құрамының осындай өзгерістеріне өте сезімтал келеді де, олардың жалпы халі нашарлайды, тамақтары жыбырлап жөтеле бастайды.
Бұдан да басқа……
Біз ойға алмайтын бұдан өзге де келеңсіз факторлар бар. Мысалы 5-6 жастағы бала организмі жаңа дамып келеді емес пе!
Оның сүйек жүйесі дамиды, саусақтары жаңа өсіп келеді. Көздің қалыптағы көру рефракциясықалыптасады , баланың аккомодациялық көру жүйесі жұмыс істейді , бірақ оны шектен тыс шаршату зиян тигізуі мүмкін. Міне осындай себептермен бастауыш сынптағы балалардың компьютер алдында отыру ұзақтығы қадағалануы тиіс.
Компьютермен қатынасу барысында балаларға бірте-бірте күрделенетін логикалық есептер шығару керек болады. Ол үшін балалардың әжептеуір дамыған абстракты ойлау қабілеті болуы тиіс, салыстыраталдай білуі керек, аз уақыт ішінде өз білімдерін көрсете білуі керек. Бұлардың барлығы біршама ойлау жүйесі мен көру органдарына күш түсіреді, өйткені экранға жақын отырып майда әріптерді, цифрларды оқуға, ойлануғатура келеді.
- Экраннан пернетақтаға көзін алмастыра қарау барысында бала көзіннің аккомодациялық жүйесін өзгертіп отырады. Осылардың бәрі көз бұлшық еттеріне күш түсіреді, оның үстіне экранның жарықтық тербелістері де оған әсер етеді.
Сонымен компьютермен жұмыс істегенде көздің қызметі басқа жұмыстардан-оқу, теледидар көруден де ауыр болады. Оған организмге статистикалық күш түсіретін және қимылды азайтатын олардың тұрақты отырып істеуін қоссақ , өскелең балаға оның дамуын тежейтін біраз қиындық туындайтыны белгілі шығар.
Және де… тағы бір фактор –нервтік –эмоциональдық жүйеге күш түсуі. Компьютермен қатынасу кезінде, әсіресе ойындар олардың нерв жүйесіне қатты әсеретеді, өйткені жылдам жауап беріп тез қимылдауды талап етеді. Нервтік жүйелердің қысқа уақытта қатты жұмыс істеуі жас баланың шаршауын тездетеді. Компьютермен жұмыс істеп отырып олар ерекше эмоционалдық стресс жағдайында болады. Шаршауды болдырмау үшін баланың компьютерде отыру мерзімін азайту керек және көзге арналған жаттығулар жасау қажет. Оған қоса жұмыс орны ыңғайлы болуы тиіс, баланың жасына қарай реттелгенсапалы программаларды қолдануға тырысқан бзал. Бұлардың бәрі маңызды өйткені баланың компьютерде отырған 14-ші минутінде шаршағаны білінеді де , 20 минуттан соң балалардың 25%-ында орталық нерв жүйесі жұмысының ауытқулары сезіліп көру аппараттарының да қатты шаршайтыны белгілі болып отыр.
- Жақыннан нашар көретін ата-аналардың балалары 10 минуттан соң-ақ сыр бере бастайды. Жас балалар денсаулығына зиян келтірмей компьютерде тек 15 минут отыра алады. Ал жақыннан нашар көретін ата-аналардың балалары тек 10 минут қана отыруы тиіс.
Жоғарыдағы ұсыныстар кейбір ата-аналарға ұнамас олардың үйдегі қалыпты жағдайларын өзгертуге тура келде. Бірақ –компьютерде отыру шектеулі уақытта болуы тиіс.
Кешендік жаттығулар.
1-жаттығу. Көзді жұму. Әрбір қолдың үш саусағының ішкі жағымен көздің жоғарғы жағын уқалау -2-3 секунд. 3-4 рет қайталау.
2-жаттығу. Қолды шытақтап бүгіп жоғары көтеру , буынды бос ұстап төмен түсірілгенсаусақтар құлақты жанап тұрады. Сонан кейін аздап алға еңкейіп, басты кеудеге қарай төмен түсіру, біртіндеп иықтарды , одан кейін қолды төмен түсіру, денені толық бос ұстау. 2-3 рет қайталау.
3-жаттығу. Қолды төмен түсіріп орындықта тіке отыра. Дененің барлық бұлшық еттерін жылдам қатайтатын артынша оларды бірден толық босату басты кеудеге қарай төмен түсіру көзді жұму. Осылай 10-15 секунд отыру. 2-3 рет қайталау.
4-жаттығу. Екі қолды тік жоғары көтеру барысында денені оң жаққа бұру. Саусақтарды қарама-қарсы жаққа бұрып дененің барлықбұлшық еттерін қатайтып 7-8 секундқа демді тоқтату. Екі қолды төмен түсіріп денені де бұрып бастапқы қалыпқа түсіріп бұлшық еттерді бос ұстап тұру-7-8 секунд. Денені солжаққа және оң жаққа бұра отырып 3-5 рет қайталау.
5-жаттығу. Екі қолды көкірекке жақындатып саусақтарды саусақтарға тиістіріп бос ұстау керек. Демді ішке тартып сұқ саусақты сонан соң демді шығарып ең кіші саусақты , т.с.с. орта саусақты бас бармақты және аты жоқ саусақты біртіндеп бір-біріне тигізіпсонан соң ажыратып отыру керек. Осыларды кері бағытта тағы да қайталау қажет.