- 1. Білім беру технологияларын таңдауда информатиканы оқыту мақсаттары мен міндеттері, оқитын материалдың мазмұны, тиісті материалды игеруге балалардың дайындық денгейі, оқытудың күтілетін нәтижелері ескеріледі.
Информатиканы оқыту кезінде қолданатын білім беру технологиялары пәндік білім және біліктілігін, сондай-ақтүйінді құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталуы керек. Олар күтеді:
- Қызметтің әр басқа түрлерін меңгеру кезінде ақпараттық тәсілді қолдануы;
- Баланың өзі нәтижеге жетуі және жаңа білім ашу үшін болжам құру;
- Оқушы өз бетімен іс әрекет жасау, шығармашылық және күтілетін нәтижеге жету үшін әр-түрлі тәсілдерді қолдану мүмкіншілігі;
- оқытудың жоспарланған нәтижелеріне қол жеткізуге «оқушы-мұғалім» өзара іс-қимылдарды бағыттау;
- әр-түрлікөздерден ақпаратты іздеу, өңдеу, қолдану тәсілдерін менңгеру;
- ойлау әрекеттерін меңгеру: талдау, синтез, абстракциялау, жалпылау, классификациялау;
- зерттеу дағдыларын игеру: болжамды ұсыну, мәселені моделдеу, мәселені негіздеу және шешу, жобаны әзірлеу, бақылау және өзін-өзі бағалау;
- информатика тілін меңгеру және оны қолдану
Информатиканы бастауыш мектепте оқыту жасына сәйкес технологияларды қолдануды болжайды:
- ойын;
- білімнің дидактикалық бірлігін ұлғайту;
- зерттеушілік;
- жобалық;
- ақпараттық-коммуникациялық;
- тұлғалық-бағыталған.