Мәліметтер базасының негізгі мақсаты нақты әлем туралы ақпараттарды сақтау және ұсыну. Бұл ақпараттарды көрсету үшін мәліметтер базасында бағдарламаларға жақсы белгілі болған жолдық, сандық логикалық және т.б. типтер қолданылады. Бірақ, өмірде мәліметтер белгісіз немесе толық емес болған жағдайлар жиі кездеседі. Егер белгісіз мекен-жай орнына бос қатар ендірсек, онда туған күніне не ендіреміз? Жауап бос дата ендіру қанағаттанарлықсыз, өйткені “туған күні бойынша сортта” деген сұраныс берсек дұрыс емес нәтиже береді.
Толық емес немесе белгісіз мәліметтер проблемасын шешу үшін Null— мәндері типі ендірілген.
Null мән – мәні белгісіз екенін білдіруші көрсеткіш.Сөйтіп, мәні белгісіз немесе толық емес мәліметтер кездессе, бағдарламашы мына екі тәсілдің бірін таңдай алады.
- Бірінші тәсіл бойынша Null – мәндерді қолданбай нөлдік мән немесе арнайы түрдегі мәндерді қолдану. Мысалы, белгісіз мекен-жай үшін “мекен жай белгісіз” жолын қолдану. Мұндай жағдайда мәліметтерді дұрыс түсіну бағдарламашының еншісінде қалады. Кейде мұндай мәліметтерді табу үшін арнайы бағдарлама жазылуы да мүмкін.
- Екінші тәсіл бойынша белгісіз мәліметтердің орнына Null – мәндер қолданылады. Бірақ, бұл жағдайда үш мәнді логиканы қолдану керек. Егер сұранысты дұрыс бермесек, қарапайым сұраныстарымызда дұрыс емес нәтиже береді.
Үш мәнді логика (3 VL)
Null – мән мәні белгісіз екенін білдіретінін болғандықтан, кез келген алгебралық операция (қосу, көбейту, т.б.) нәтижесі де Null – мән береді. Мысалы, егер бір кітаптық салмағы белгісіз болса, сондай-ақ кітаптың да салмағы белгісіз болады. Логикалық өрнектердің ақиқаттығын анықтау үшін мәнді логикаға негізделген. Үш мәнді логикада Т (ақиқат), Ғ (жел) және V- белгісіз мәндері ендірілген.