Сөздің шығу төркіні–аса өзекті мәселелердің бірі болып есептеледі. Себебі уақыт өткен сайын кейбір сөздердің шығу төркіні күңгірттене береді, тіпті оны тап басып айту да қиындай түседі.
Мысалы, қазір қолданып жүрген «саламат» сөзі парсы тілінен алынған, қазақ тіліндегі мағанасы «денсаулық» екенін жұрттың бәрі біле бермейді.
«Сәлеметсіз бе?» дегеніміз «денсаулықсыз ба?» болсып шығатынын барлық адам түсіне бермейді. Бүкіл түркі тіліне ортақ «арма» сөзі–хал-жағдай сұрасаудың бір түрі. «Арыма», «шаршама», «қажыма» дегенді білдіреді. «Арма!» деген– әлее қуат, «Бар бол!» деген –бәрінен зият, «Астықтың үлкені–жарма, Сәлемнің үлкені–«арма». Қазақтың бір-ақ «арма» сөзі ауру-сырқау, қайғы-қасірет, бәле-жала, жоқшылық жоламасын деген бір өзі барша жақсылықты арқалап тұр.
Ташкент атырабындығы қазақтардың ауызекі тілінде «арма» сөзі қазір де қолданылады.
Қазақтардың бәрі «Дүйсенбі жұмыс бастап, сейсенбі алыс сапарға шықпай, сәрсенбі сәтті күн, бейсенбі аруаққа құран бағыштап, жұма намазға барып, сенбі, жексенбі демаламыз»,–деп отырса ғой депті Б. Қуаныш.
Ең болмағанда бірінші күн, екінші күн.десе де бір жөн екен. Қазақта күн аттары парсы тілінде реттік ұғымды білдіреді екен. Арамей тілінен парсы тіліне енген «шамбе» сөзі «күн» мағанасын береді (бұл тек апта күндеріне ғана байланысты қолданылады екен). Ал «жұма» сөзі араб тілінен алыныпты.
Сенбі–шаибе–күн
Жексенбі–йак (бір) шамбе
Дүйсенбі–ду (екі) шамбе
Сейсенбі– се (үш) шамбе
Сәрсенбі– чор (төрт) шамбе
Бейсенбі–һәнж (бес) шамбе
Жұма Құранда апталық жиналыс, Құлшылық ету күні ретінде бекітілген. Құранға дейін арабтар бұл күнді «арубе», «йешэуль арубе» немесе «алтыншы күн» мағанасына келетін «уешмус садис» деп атапты.
Қазақтар мен грузиндердің арасындағы байланыс ХІ ғасырда князь Давидтің тұсында қыза бастаған.
Ол кезде қазақ-қыпшақтар Оңтүстік Ресей, Солтүстік Кавказ, Қара теңіз жағалауында үстемдік ететін.
Давид осы кезде бірін-бірі мойындамайтын княздардың бастарын біріктіру мақстында қазақтың Артық ханынан әскери көмек–40 мың атты әскер алып, сыртқы жауды жеңеді. Давид әскерлерге Хатрун қаласынан Гибилисиге дейінгі жерді мекендеуге береді. Жылдар өте келе сол қазақтар грузиндермен құдандалы болып әбден сіңісіп кетеді.
Давидтің өзі Артық ханның қызына үйленіп, дүниеге –Шота Руставили «Жолбарыс терісін жамылған батыр» поэмасын арнаған –аты шулы Тамара патшайым дүниге келеді. Оның билік еткен тұсында әбден тыныштық орнаған Грузияда шаруашылық пен мәдениет едәуір дамиды. Осындай араласудың нәтижесінде көптеген қазақ сөздері грузин халқының сөздік қорына енген, мысалы: Халқы-халық, нишани-нышан, адамиани-адам, шени-сен, шакари-шекер, пул-пұл, қалами-қалам, джилдо-жүлде, күти-құты, салам-сәлем, сүрати-сурат, куча-көше, калақи-қала, худржүни-қоржын, бақақи-бақа, араки-асқақ, сапони (лат.)-сабын, ме-мен, аманати-аманат, харджи-қаржы, баги-бақ, саяти-сағат, полади-болат т.б. Қазіргі Әзербайжан республикасының құрамындағы Қазақ ауданы мен «Қазақ» қаласы бұрын Гурзияның меншігінде болыпты. Соған байланысты «Кутанси–Қазақ», «Гибилиси–Қазақ» автобус маршруттары болған екен.
Жалпы «қазақ» сөзі егде жастағы грузиндердің пікірінше «батыр» сөзімен мағанасы деп ой қорытады жазушы әрі суретші С. Өтемісұлы «Ана тілі» газетінде жариялаған мақаласында. Мысалы: Таза қанды грузин жігіті ерлік жасаса, карги-казах-батыр дейді екен.
Саламат Өтемісұлы (жазушы) Кутанси қаласындағы бір отырыста былай деп әңгіме өрбітеді:
–Сіздердің Сванетиядағы свандардың біздің оңтүстіктегі суандардың бір бөлшегі екеніне күмәнім жоқ.
–Оған қандай дәлеліңіз бар?–дейді біреуі.
–Шығыс Европада у-дауысты дыбыс орнына в-дауыссыз дыбысты қолдану дағдыға айтылғаны белгілі. Сарытау–Саратов, Азау–Азов т.с.с. Тағы бір бөлігі –свандар сакьядағы алаша төселген сәкінің үстіне малдас құрып отырып, қолдарына чанчури-домбыра алып, өлеңді бастағанда, әуелі қазақ әншілеріндей «а-а-а-а-й» деп қайлап алады екен.
–Сонда қалай келген, сонша алыс Оңтүстік Қазақстан?
–Сіздің баскерлер жаяу-жалпы Испаниядағы Андалусим жеріне барып қоныстана алғанда неге біздің ат құлағында ойнайтын суандар жортып келіп, Сакартвелоға орналаса алмайды?
–Тас сакляның ошағының түтіні киіз үй сияқты төбесінен шығады,-деді жанымда отырған Левон есімді азамат.
–Эй, шапка, кому я говорю, или нэ понимаешь?
Мен артқа бұрылып, бұдан әрі үнсіз қалуды орынсыз деп тауып, соның даусымен, акценттіиен грузинше:
–Канци варда күди мхуравс
Кк арухри аравис,
Арц аравис веменоби
Арц батоноб аравис.
Орысшаға аударғанда шамамен:
Ни кому я не подчнияюсь,
Никого себе не подчиню,
Многих людей уважаю,
Но перед кем шапку не сниму!
–Не дейсің?! Вах, вах, бүгін қандай тамаша күн? Кім ойлаған, мына шексіз қазақ даласында әрбір грузинге соншалықты қымбат ар мен намыс жөніндегі шумақты естиміз деп. Қымбаттым, шешпесең шешпе бөркіңді. Мен өзімдікін шешейін,–деп дөңгелек қара кепкасын шешіп, сүріне-қабына келіп мені құшақтады. Оның басқа жолдастары да жымиып, қолдарын көтеріп, міне солай, қызып тілдің мұлдем танымайтын адамдарды достастыратынына анық көзім жетті.
Американдық үндістер түркілер халықтарына туыс екендігі жөнінде баспасөз бетінде сөз қозғалып жүр. Американдық үндіспен сөйлескен бір қызық былай.
–Біз дед дегенді ата дейміз. Сіздер ше?–дедім.
–Бізді де ата.
–Лодканы қайық дейміз. Сіздерде ше?
–Бізде кауак дейді.
–Сват ше? Қазақща– құда.
–Бізде ол кода ғой. Мен өз білетінімді айта бастадым. «Беринг бұғазы осыдан 14 мың жыл бұрын пайда болған. Одан әріде екі алып құрлық жалғасып, Солтүстік Америка мен Азия тұстасып жатқан. Сіздің ата-бабаларыңыз сол кезде аңшылық жасап жүріп өтіп кеткен деп өзімнің көп білетініме мақтандым. Баспасөз бетінде дастарқан сөзін әр түрлі жазып жүрміз: бірде дастарқан, енді бір жерде дастархан. Мұның себебі сөз түбірін тіліміздегі «хан» сөзімен шатастырудан болса керек. Ал дұрысы «дастарқан». Белгілі, үлкен жазушылармыз шығармаларында аталған сөзді осы тұлғада қолданылған.
«Оқа жасалған, қара жақпал камзолы бар, самай шашы майланып, жылтырай таралған кеісіпті келіншек дастарқан жайып, қонақтарға арналған таңертеңгі асты жасауға кірісті».
«Нұрмағанбетов Қажы басқалармен дастарқандас болғанда да тізе тиістірмей, өзін-өзі аулақ ұлшайтып паң адам». (З. Ақышев. Шынардың шыбығы романы).
Қазақ «кәң» деп мұржасы үй еденінің астымен өтетін ошақты айтқан. «Сабаға, торысққа ыс ұру үшін түтіндетіп от жағуды «қан» деп атайды. (Құрбанғали Халиди). Ежелгі дәуірде Орталық Азияны мекендеген отырықшы халықтардың дәстүрлі тұрақ үйіндегі болашақтан соғылған, әрі ас«дастар» сөзі тілімізге «дәстүр» боп енген. Демек, дастарқан- өте көнеден келе жатқан төл сөзіміз болып табылады.
Қазақ тілінде плеоназм (грекше артық деген мағананы береді) түрінде қолданылатын тіркестер бар. Соның бірі сары сөз. Бұл сөз тілімізде түсті білдіреді. Солай десек те аталған сөздің түстен басқа да мағананы білдіретін туралы Қазақстанның академигі Р. Сыздық этимологиялық топтпуында кеңінен сөз етеді. Тілімізде сары алтын деген тұрақты тіркес бар. Мұндағы «сары» сөзі түсті білдіріп тұрған жоқ. Сары парысша сары сөзі, ол «таза, қоспасыз» деген мағананы білдіреді. Осы мағанада саф арабша «таза» деген сөз.
Сары сөзінің бұдан басқа да түстен өзге мәндегі сөз болып қолданылатын жерлері бар. Мысалы, сары уайым тіркесіндегі сары да парсы сөзі, парысша сар сөзінің бір мәні «печаль, огорчение» (Перерусск. Словар,11,435). Сонда сары уайым тіркесі бір мағанадағы екі сөздің қабаттаса айтылуынан пайда болған бала-шаға (шаға да «бала»деген сөз), бекер-босқа (босқа-ның мағанасы да «бекер»), телегей-теңіз (телегей де «теңіз» деген сөз), деген сөздер сияқты, бір сыңары парсыша уайым (сар), екіншісі қазақша уайым сөздерінен жасалған плеонастық тіркес болып табылады.
Сары сөзінің түске қатыссыз үшінші қолданылатын орны–сары, бел, сар(ы) адыр, сар(ы) жота, сар(ы) дала сар(ы) арқа, сар(ы) жал, сар(ы) тау деген сияқты тіркестер. Мұндағы сары (сар) сөзі жер – су аттарын зерттеуші Е.Қойшыбаевтың көрсетуінше, «кең», «басты», «негізгі», «айқын, анық көрінген» деген мағананы білдіреді.
Мұндай плеонастық тіркестер өзбек тілінде де кездеседі: лахым гөшт(лахым-арабша ет, гөшт-парысша-ет), ауматы келді (омад-арабша келді, келди-өзбекше, сонда келді, келді) болып шығады. Ташкент атрабындағы қазақтардың ауызекі тілінде де осы тіркестер ұшырайды.