Debug программасы, оның мүмкіндіктері

Программа неліктен Debug деп аталады?

Программистердің дәстүрлі тілінен аударғанда “Bugs” (сөзбе-сөз “жәндіктер”) “программадағы қателер” дегенді білдіреді. Жұмыс істеп жатқан программада бұл қателер болмайды, ал жұмыс істемейтін (“limping”) программада кемінде бір қате болады. Debug-ты программаны қадам сайын қосуға пайдаланып және де программаның әрбір кезеңде қалай жұмыс істейтінін бақылай отырып, біз қателерді тауып алып, оларды жөндейміз. Бұл процесс “орнына қою” (debugging) деп аталады, міне осыдан келіп программаның Debug деген атауы шыққан.

Компьютерлік фальклорға сәйкес “debugging” терминінің (ұғымының) тамыры тереңде жатыр – ол Гарвард университетінің Марк I компьютері жұмыс істеуін тоқтатқан кезде пайдаболды. Ұзақ ізденістерден кейін техниктер өздеріне қиындық тудырушыны тапты. Ол реле байланыстарының арасына тұрып қалған кішкентай ғана бүрге болып шықты. Олар бүргені алып тастап ауысым журналына “debugging” деген атаудағы процесс жайлы жазып қойды.

Debug – ты өздеріңіздің қосымша дискеттеріңіз DOS – тан тауып алыңыздар, біз сонымен бастаймыз. Сіздер Debug. com – ды өздеріңіздің пайдаланып жүрген дискіңізге көшіріп алғандарыңыз жөн, себебі біз оны бірінші бөлімде әрқашан да қолданумен боламыз.

Ескерту. Осы орыннан бастап пайдаланушы мен компьютер командалары теріледі.

Мысал мәтінін теріңіз, Enter пернесін басыңыз, сіз сонда терілгенге сәйкес келтірілген компьютердің жауабын аласыз. Алайда, компьютердің жауабы осы тақырыпта (кітапта) келтірілгендермен сәйкес келе бермеуі мүмкін ол сіздің компьютеріңіз бен осы мәнін жазылған компьютердің айырмашылығынан болуы мүмкін.

Мынаны есте сақтайық: барлық мысалдарда бас әріптер пайдаланылады. Бұл “I” әрпі мен “1” санының арасындағы шатасуды болдырмау үшін істелінген. Егер де қаласаңыз сіз мысалдарды қатардағы әріптермен таңдасаңыз болады.

Енді жоғарыда келтірілген келісімнен кейін, Debug – ты оның атауын DOS – ты шақырғаннан кейін таңдап алып, іске қосамыз. (Ол бұл мысалда “А” ретінде көрінеді):

А: Debug

Сіздің командаңызға жауап ретінде берілген сызықша – бұл Debug программасын шақыру белгісі, ал “А” – бұл DOS – ты шақыру болып табылады. Бұл Debug – тың сіздің командаңызды шақырып тұрғанын білдіреді.

Debug – тан шығып, DOS – қа қайта оралу үшін “Q” (ағылш. “Quit”) әрпін сызықшаның маңына жазып, “Вводты” басыңыз. Егер де қаласаңыздар шығып Debug – ке қайта кіріп көріңіз:

Q

A “ Debug

Енді біз оналтылық сандарды оқып үйренуге қайта оралуымызға болады.