Дербес компьютер – бұл жалғыз электронды аппарат емес, өзара байланысқан құрылғылардың кішігірім комплексі , олардың әрқайсысына белгілі бір функция жүктелген.
Дербес компьютер көптеген сыртқы құрылғылармен принтермен,модеммен,сканермен,кескін салушылармен және т.б жұмыс істей алуы мүмкін.Ал төмендегі негізгі үш құрылғының біреуінсіз компьютердің жұмыс істеуін көз алдымызға елестету қиын .Олар :
1.Жүйелік блок
2.Монитор
3.Клавиатура
Жүйелік блок компьютердің жүрегі және миы,оған кабельдер арқылы клавиатура және монитор,сондай ақ сыртқы құрылғылар жалғанады.Жүелік блок және монитор біріне –бірі тәуелсіз ток көзіне қосылады. Мониторды ток көзіне жүйелік блок арқылы да қосуға болады.
Қазіргі компьютерлерде уақыт счетчигі деген ғажайып құрылғы бар .Ол компьютер қосылған қосылмағанына қарамастан жұмыс істеп,сізге уақытты ,датаны көрсетіп тұрады.
Жүйелік блок
Жүйелік блокта компьютердің мынадай негізгі компаненттері орналасады:
–– Микропроцессор – компьютердің миы.Ол есептеу жұмыстарын жүргізіп,компьютердің басқа элементтерінің жұмысын реттеп отырады.
–– Оперативті жад – программалармен берілгендерді уақытша сақтайды,операциялық жүенің алдын ала енгізілген блоктарын тұрақты сақтайды.
Электронды схемалар, ол компьютердің элементтерін басқарады,жад басқа еске сақтау құрылғылары арасындағы берілгендер алмасуда және информациялардың мониторда,принтерде бейнеленүін басқарады .
–– Иілгіш және қатты магниттік дискілерде жинақтауыш
Ендіру / шығару құрылғыларымен процессор арасында алмастырылатынинформация алмасу алдында адаптер деп аталатын осы құрылғылардың жұмысын үлестіруші интегралдық схемаға келіп түседі. (лат.adaptere—лайықтаушы,үйлестіруші ).Адаптердің жұмысына :екілік кодтарды жадтан мониторға жіберу кезінде бейне адаптер алдымен оларды түрлі символдарға аударатын сигналдарға айналдырады.Кез-келген клавишті басып қоя берген кезде клавиатура сайкес екілік сегіз разрядты кодтық символдарын процессорға бірінен соң бірін ретімен жібере бастайды .Бұл кодты алдымен клавиатура адаптері қабылдайдыда ,оны процессор жұмыс істей алатын паралель кодқа айналдырады.
Адаптердің өздері қабылдаған ағымдық команданы не берілгендерді жазып қоятын ұяшықтары бар .Оларды порт регистірі деп атайды.
Адаптерлер процессор және жадпенен жүелік шина не магистраль деп аталатын көп қабатты платаның ток өткізгіш желісі арқылы байланыстырылған .Байланыстыру шинаға дәнекерленіп қосылған порттар деп аталатын ажыратып қосқыштар арқылы орындалады. Шина үш бөлінеді Адрестік шина ,берілгендер шинасы және басқару шинасы.Адрестік шина арқылы информация жазылатын ұяшықтың адресі жіберіледі.
Берілгендер шинасы арқылы информация,ал басқару шинасы арқылы “информацияны жазу”“информацияны оқу” сияқты командалар жіберіледі.Информатика да құрылғыларда бір бірімен байланыстыратын үйлестіруші жүелермен сигналдарды интерфейстер деп атайды. Мысалы,адаптерлер,жүелік шина және құрылғылардың әрекеттері интерфейстер. Таймер кәдімгі сағат ролін атқаратын интегралдық схема.
Компьютердің ішкі сыртқы құрылғыларының арасында берілгендерді алмастыру драйверлер деп аталатын арнайы программалар арқылы орындалады.(driver жүргізуші,басқарушы ).Әр сыртқы құрылғының өз жұмысын басқаратын арнайы программасы (драйвері)бар
Магниттік дискілер.
Магниттік дискілер информацияны тұрақты сақтау үшін қолданылады.
Магниттік дискілердің екі түрі бар :
Алынбайтын қатты диск (винчестер)
Алынбалы иілгіш диск (дискеталар )
Қатты диск – көп немесе жиі қолданылатын программаларды операциялық жүйенің программаларын программалау тілдерін және компиляторды,
пайдаланушының қолданбалы прогаммаларын текстік документтерді т .б тұрақты сақтау үшін қолданылады. Винчестер жылдамдығы, сыйымдылығы, сенімділігі жағынан иілгіш дискілерден әлде қайда алда. Қатты дискілердіңсыйымдылығы әр түрлі. Қазіргі шығып жатқан Винчестрлердің ең төмен сыйымдылығы 41байт көлемінде. Компьютерде бір винчестер бар. Бір компьютерге екі –үш винчестер қоюғада болады.
Дискета––беттері магниттелген қабаттармен қапталған, алюминиден жасалған пластинкалар. Олар төртбұрышты пластикалық пакет не қатты пластикалық корпус ішіне орналасқан .
Дискета – компьютерлер арасында программалар мен берілгендер алмасуда қамтамасыз ету үшін жұмыста қолданылмайтын архивтелген файлдарды программар мен берілгендердің көшірмесін сақтау үшін қолданылады. Кешеге дейін диаметрі 5.25 диюм сыйымдылығы 1.2 мбайт болатындискеталар жиі қолданылып келді. Қазіргі кезде жарамды,диаметрі 3.5 дюм,сыйымдылығы 1.44 мбайт болатын дискеталар қолданылып жүр. Сондай-ақ компанент дискілер, сыйымдылғы100МБ баратын Zip дискеталарда қолданылып жатыр .Кейбір компьютерлерде 5.25 дюм дискетаға арналған екі дискавод, кейбір компьютерлерде 5.25 және 3.5 дюмдік дискетаға арналған,кейбіреулерінде екеуі де3.5 дюмдік дискетаға арналған дисководтар болады.Компакт дискілер үшін СD-ROM, zip дискеталар үшін zip драйвер құрылғыларын қоюға,алуға болады.
5.25 дюм =13.3см3.5дюм =8.9см
5.25 дюмдік дискіде сақтаулы информацияны кездейсоқ өшіруден сақтау үшін оның жазудан қорғау кетігін қағазбен желімдеп жауып қойса болғаны.3.5 дюмдік дискіде ол үшін арналған ауыстырып қосқыш кнопка бар.
Дискіні бірінші рет пайдалану алдында арнайы команда бойынша оны информацияны енгізуге мүмкіндік туғызатын етіп дайындап (форматтап)алу керек.
Монитор
Монитор (дисплей) текстік және графикалық информацияны экранға шығаруға арналған. Монитор түрлі түсті және монохромды (қара-ақ ) болып бөлінеді.
Монитор текстік және графикалық режимді қарстыратын видеоадаптер деген арнайы құрылғының басқаруымен жұмыс істейді.
Текстік режимде экран 80 символ не 250 символ сиятын 25жолға бөлінеді.Бұл жолдардағы орынға кодтар таблицасындағы кезкелген символдарды енгізуге болады.
Графикалық режимде бейне не сурет телевизордағы сияқты белгілі бір түске боялған нүктелердің бірігуі арқылы құрылды. Қазіргі уақытта EGA видеоадаптерібар түрлі түсті монитор кең тараған (Enhanced Graphic Adapter –– жақсартылған графикалық адаптер)
Текстік режимде бұл мониторлардың экранында 16 түстің бірі фонға, жолға енгізілген символға сәйкес болады.
Графикалық режимде бейненің жақсы шығуы видеоадаптердің мүмкіндігіне және қабілетіне байланысты.
Бұл дегеніміз горизонталь және вертикаль бойынша шығарылатын нүктелер саны.Адаптердің мүмкіндігі немесе қабілеттілігі оның жұмыс істеу режиміне байланысты.Бейненің экрандағы ең кіші элементі (нүкте) пиксель деп аталады. Текстік режимде программалық – аппараттық құрылғылармен әр символ үшін пиксельдерден матрица құрылады,бұл матрица символ бейнесінде экранға жазылады. Суреттің, кескіннің экранға жақсы бейнеленуі манитордың физикалық берілгендеріне видеоадаптердің мүмкіндігіне байланысты. текстік режимде компьютер мониторларының бір – бірінен айырмасы сәл ғана, графикалық режимде видеоадаптердің мүмкіндігіне байланысты кескінніңде сапасы артады.
Принтер
Принтер информацияны қағазға басып шығару үшін қолданылады.Принтерлерді қолдану облысы өте кең.Принтерлердің мына үш түрі өте көп қолданылады.
1.Матрицалық
2.Струйный – төкпелі не бүріккіш
- Лазерлік
Матрицалық принтерлер қалған екеуіне қараған да арзан.Сондықтан олар текстік документтерді пайдалануда кең қолданылады.
Матрицалық принтердің жұмыс принцепі мынадай:
Принтердің әріптерді басатын бастиегінде вертикаль қатарға орналасқан инелер бар.Бас тиек басылатын жолдың бойымен жүріп отырады.Ал инелер керек сәтінде қағазға лента арқылы ұрады.Бұл қағазға символдармен кескіннің пайда болуын қамтамасыз етеді.
Жоғарғы сапалы баспаны және түрлі — түсті кескіндерді басып шығаруды қамтамасыз ету үшін струйный принтерлер қолданылады.Струйный принтерлер өте муқият күтуді талап етеді.
Струйный принтер матрицалық принтерге қарағанда жылдам шығарады.Матрицалық принтер 1 парақты мысалы 3- минутта басып шығарса,струйныйлар 1 минутта 3 парақ басып шығаруы мүмкін.Струйный принтерде кескіндер қағазға бастиек арқылы шашылатын арнайы сияның микротамшылары арқылы қалыптасады.
Лазерлік принтерлер өте жақсы сапалы ақ-қара түсті баспаны,ал түрлі түсті лазерлік принтерлер түрлі- түсті баспаны қамтамасыз етеді.Лазерлік принтерлерде ксерография приціпі қолданылады.Бұл принтерлер жоғарыдағы екеуіне қарағанда қымбат.
Тышқан
Қазіргі көптеген прогаммалармен жұмыс істеу үшін тышқан немесе оны ауыстыра алатын құрылғылар қолданылады.Бұл құрылғыларды көрсеткіш (указатель ) құрылғылар деп аталады.
Тышқан алақанға сиятын,екі не үш кнопкасы бар кішкене қорапша.Жүелік блокқа жалғанатын проводымен бірге ол шынында тышқанға ұқсайды.Тышқанды стол бетімен қозғалтқанда компьютер экрандағы тышқанның стрелкасыда қозғалады.Керекті командаға стрелканы әкеліп кнопканың біреуін бассақ,командамыз орындалады. Әдетте тышқанның сол жағындағы кнопка қолданылады.
Санаужүйесі
Сан түсінігі- математикадағы сияқты информатикада да басты негіз. Бірақ егер математикадасандарды өңдеу әдістеріне көп көңіл бөлетін болса, онда информатика үшін сандарды ұсыну әдістерін айналып өтуге болмайды, өйткені тек солар ғана жадтың қажетті қорын, жылдамдықты және есептеудежіберетін қатеніанықтайды.
Сандарды аталу және жазылу әдісін санау жүйесі деп. атайды.
Санау жүйесі екі топқа бөлінеді: позициялық және позициялық емес.
Позициялық емес санау жүйесінде әрбір цифрдың мәні оның алатын орнына байланысты емес. Мұндай санау жүйесінің мысалы ретінде римдік жүйені алуға болады. Осы жүйеде жазылған XXX санында Х цифры кез-келген позицияда 10-ды білдіреді.
Позициялық емес санау жүйесінде арифметикалық әрекеттерді орындау біраз қиын болғандықтан, бүкіл дүние жүзі біртіндеп позициялық сану жүйесіне ауысты.
Позициялық санау жүйесінде цифрдың мәні оның орнына (позициясына) байланысты болды.Позициялық санау жүйесінің негіді деп. қолданылатын цифрлар санын айтады.
Санның цифрына бөлінетін позицияны разряд деп. атайды.
Екілік жүйеде кез-келген сан екі 0 және 1 цифрларының көмегімен жазылады және екілік сан деп. таталады.
Екілік санның әрбір разрядын (Цифрын) бит деп. атайды.
Есептеуіш техникасында информацияның өлшем бірлігі үшін бит және байт алынған. Байт – 8 – биттен тұратын тізбек. Практикада байттан алкен килобайт (Кбайт), мегабайт (Мбайт), гигабайт (Гбайт) өлшемдері де пайдаланады:
1 байт = 8 бит
1 Кбайт = 1024 байт
1Мбайт = 1024 Кбайт
1 Гбайт = 1024 Мбайт7
Дербес компьютерлердің сыртқы құрылғылары
Компьютерлердің сыртқы құрылғылары оның жүйелік блогына қосылып, көмекші қызмет атқарады.
Сыртқы құрылғыларды келесідей төрт топқа бөлуге болады;
- мәліметтерді енгізу құрылғылары;
- мәліметтерді баспаға шығару құрылғылары;
- мәліметтерді сақтау құрылғылары;
- мәліметтермен алмасу құрылғылары.
Енгізу құрылғылары
Мәліметтерді енгізудің ең негізгі құрылғысы пернетақта болып табылады. Одан басқа да енгізу құрылғыларына тышқан, джойстик, трекбол және т.б. жатады. Джойстик – компьютерлік ойындарда қолданылатын қолмен басқарылатын құрылғы. Трекболдың тышқаннан айырмашылығы оның қорапқа орнатылған кішкене шары алақанмен қозғалысқа келтіріледі және ол жазық бетті қажет етпейді, сондықтан ол ықшам компьютерлерде қолданылады.
Графиктік мәліметтерді енгізуге арналған құрылғылар
Графиктік мәліметтерді енгізу үшін сканерлер, графиктік планшеттер (дигитайзерлер) және цифрлы фотокамералар қолданылады. Сканерлердің көмегімен символдардан тұратын мәліметтерді де енгізуге болады. Бұл жағдайда берілген материал графиктік түрде енгізіледі, сонан соң арнаулы программалық құралдардың көмегімен өңделеді. Сканерлер парақ бетіндегі мәліметтерді оқып, оны компьютерге енгізеді.
Мәліметтерді баспаға шығару құрылғылары
Мәліметтерді баспаға шықару үшін мониторға қосымша притер деп аталатын баспаға шығару құралы қолданылады. Принтердің көмегімен экрандағы құжаттың көшірмесін қағазға басып шығара аламыз. Принтерді жұмыс істеу принциптеріне қарай матрицалық, лазерлік, сия бүркіш және термографиктік деп бөлінеді.
Мәліметтерді сақтау құрылғылары.
Магниттік дискілер мен лазерлік дискілерге қосымша мәліметтерді сақтаудың сыртқы құрылғыларына стримерлер, Zip – тастауыштар және HiFd – тасуыштары жатады.
Стримерлер- мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғылар. Стримерлерге арналған магиттік таспалардың (картридж) көлемі жүздеген мегабайтқа жетеді.
Zip – тастауыштардымәліметтерді сақтаудың сыртқы құрылғыларын жасауға негізделген Iomage компаниясы шығарады. Бұл құрылғы өлшемдерді стандарттық иілгіш дискіден сәл ғана үлкен және сыйымдылығы 100-ден250 Мбайт болатын дискілермен жұмыс жасайды. Zip – тастауыштардың негізгі кемшілігі олардың 3,5 дюмдік иілгіш дискілермен үйлесімсіздіктірінде.
Sony компаниясы жасап шығарған HiFd құрылғысы кәдімгі стандарттық иілгіш дискілермен үйлесімді болып келеді. Олар сыйымдылығы 200 Мбайт болатын арнайы тасуыштармен де, кәдімгі иілгіш дискілермен де жұмыс істеуге бейімделген.
Мәліметтермен алмасу құылғысы
Модемдер (модулятор +ДЕМмодулятор ) алыс қашықтықтағы компьютерлер арасынтда байланыс арналары бойынша мәліметтер алмасу үшін қолданылатын құрылғы. Мұндағы байлагныс арналары деп кабельдік, радиожиіліктік және сымдық байланыстарды түсінеміз . байланыс арналарының типіне қарай қабылдау – жіберу құрылғыларын радиомодемдер кабельдікмодемдер және т.б
Деп бөлінеді.Компьютерден модемдергетүскен сандық мәліметтер модульяциялық жолмен түрленіп (фазасы, амплитудасы жиілігі бойанша ) , телефон желісіне бағыталады.