Диаграмма құруда иәліметтер арасында байланыс

Мәліметтерді таңдап алу
Диаграмма шебері (Мастер диаграмм) жұмысының екінші сатысы диаграмма тұрғызылатын мәліметтерді таңдап алудан басталады. Егер мәліметттер ауқымы алдын-ала берілген болса,Диаграмма шебері терезесінің жоғарғы бөлігінде орналасқан алдын-ала қарап шығу аймағында тұрғызылатын диаграмманың жуық бейнесі пайда болады. Егер мәліметтер бірегей тік төртбұрышты ауқымды қамтитын болса, ондаа оны Мәліметтер ауқымы (Диапазон данных) қыстырмасы бойынша таңдап алған қолайлы. Егер мәліметтер бірегей топтан емес, жеке қатарлардан тұрса, онда мәліметтердіҚатар (Ряд) қыстырмасы бойынша енгізген дұрыс.
Диаграмманы безендіру

Диаграмма шеберінің жұмысының үшінші сатысы (Ары қарай батырмасын шерту арқылы алынады) диаграмманы безендіруден тұрады. Диаграмма шебері терезесінің қыстырмаларына төмендегі параметрлер енгізіледі:

  • диаграмманың аты, осьтерінің атаулары (Тақырыптары(Заголовки) қыстырмасында);
  • координаттық осьтердің кескінделуі мен белгіленуі (Осьтер қыстырмасында);
  • координата осьтеріне параллель тор сызықтардың кескінделуі (Тор сызықтар(Линии сетки) қыстырмасында);
  • тұрғызылған осьтердің сипаттамасы (Атаунама(Легенда) қыстырмасында);
  • Графиктегі мәліметтердің жеке элементтеріне сәйкес келетін атауларды бейнелеу (Мәліметтер қолтаңбасы(Подписи данных) қыстырмасында);
  • Графикті тұрғызуда пайдаланылған мәліметтерді кесте түрінде көрсету (Мәліметтер кестесі(Таблица данных) қыстырмасында).

Диагр а мм а н ы  ор н ал а с m ыру

Ары қарай(Далее) батырмасын шерту арқылы Диаграмма шебері жұмысының соңғы сатысына көшеміз. Бұл терезеде диаграмманы жаңапараққа немесе бұрынғы жұмыс парақтарының біреуіне орналастыратынымыз жайлы сәйкес өрістердің біреуіне жауап береміз. Дайын (Готово) батырмасын шертіп, өзіміз көрсеткен паракта орналасқан дайын диаграмманы аламыз.

Диаграмманы редакциялау

 

Дайын болған диаграмманы түзетуге болады. Ол келесідей элементтердің жиынтығынан тұрады: тақырыбы, координаттық осьтер, тор сызықтары, тұрғызу аймағы, маркерлері, сандық мәліметтері

және т.б. Диаграмманың кез-келген элементін тышқанның көмегімен ерекшелеп алып, параметрлерін өзгертуге болады. Пішім (Формат)командасыны

көмегімен ашылған терезеде диаграмманы пішімдеуге болады.
Диаграмманы өшіру үшін Delete пернесін басамыз немесе диаграмма
орналасқан жұмыспарағын алып тастаукерек

(Түзету(Правка) ► Тазарту(Очистка)).