Автотолтыру

Мәтіндік мәліметтерді енгізуді автоматтандыру үшін автотолтыру әдісі қолданылады. Оны жұмыс парағының бір бағанына бірнеше рет қайталанатын мәтіндік жолды енгізгенде пайдаланылады. Мәтінді енгізу кезінде программа оны жоғары жолдармен салыстырып, бірдей элементтер кездессе автоматты түрде толтырады.

Сандарды автотолтыру

Сандармен жұмыс істегенде автотолтыру әдісі пайдаланылады. Ағымдағы ұяшықтың қоршауының төменгі бұрышында кішкентай қара түсті шаршы орналасқан. Оны толтыру маркері  деп атайды. Тышқанның нұсқағышын сол маркерге алып барса, оның пішіні жіңішке керст тәрізді болып өзгереді. Сол кезде маркерді тік немесе көлденең тасымалдау арқылы автотолтыру жүзеге асырылады.

Прогрессия бойынша толтыру
Ол үшін Түзету ТолтыруПрогрессия(ПравкаЗаполнить Прогрессия) командасын орындау керек. Ашылған Прогрессия сұхбат терезесінде прогрессияның тегі, қадам мөлшері, шектік мәні таңдап алынады. ОКбатырмасын басқаннан кейін Excelпрограммасы берілген ережелер бойынша ұяшықтарды автоматты түрде толтырып береді. 

Бұл амал сандарды автотолтыру сияқты жүзеге асырылады. Автотолтыру кезінде формулалардың басқа ұяшықтарға сілтеменің ерекшеліктері ескеріледі: салыстырмалы сілтемелер сәйкесінше көшірменің салыстырмалы орналасуына байланысты өзгереді. Ал абсолют сілтемелер өзгермей сол қалпында қалады. Мысалы: үшіншіСбағанында мәні А және Вбағандарының сәйкес ұяшықтардағы мәндердің қосындысына тең формула есептелсін.С1 ұяшығында=A1+B1 формуласын енгіземіз, осы формуланы автотолтыру әдісімен үшінші бағанның барлық ұяшықтарына көшіреміз.