Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі

Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 22 қарашадағы № 566 Бұйрығы

Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудыңережесі

  1. Жалпы ережелер
  1. Осы Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі (бұдан әрі — Ереже) «Білім туралы» Қазақстан РеспубликасыныңЗаңыніске асыру мақсатында әзірленді.
  2. Ұлттық білім берудің оқу бағдарламаларының халықаралық танылуын, білім беру ұйымдарында білім алушылар мен оқытушылардың жұмылғыштығын қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру сапасын арттыру және білім берудің барлық деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарында бірыңғай кредиттік оқыту технологиясы жүзеге асырылады.
  3. Кредиттік оқыту технологиясы — білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын өз бетінше жоспарлауы негізінде оқыту.
  4. Кредиттік оқыту технологиясы кезінде оқу жұмысының еңбек сыйымдылығының есебі оқытылатын материалдың көлемі бойынша, яғни кредит арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, әрбір пән көлемі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары және үлгі оқу жоспарлары негізінде кредиттермен айқындалады.
  5. Кредиттік оқыту технологиясы білім берудің барлық деңгейлері бойынша бұрын жинақталған кредиттердің өспелі есебін білдіретін жинақтаушы болып табылады.
  6. Осы ережеде мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:

1) академиялық күнтізбе (Асаdеmіс Саlеndar) — оқу жылы бойына демалыс күндерін (каникулдар мен мерекелерді) көрсете отырып, оқу және бақылау іс-шараларын, практикаларды өткізу күнтізбесі;

2) академиялық кезең (Теrm) — үш нысанның біреуін таңдайтын білім беру ұйымының теоретикалық кезеңі: семестр, триместр, тоқсан;

3) білім алушылардың академиялық рейтингі (Rating) — аралық аттестаттау нәтижелері бойынша құрылған білім алушылардың бағдарламалық материалды игеру деңгейінің сандық көрсеткіші;

4) академиялық дәреже (Degree) — білім алушылардың қорытынды білім берудің оқу бағдарламаларын меңгеру дәрежесі;

5) академиялық сағат дәрістік, практикалық (семинарлық) сабақтың 1 байланыс сағатына (50 мин) немесе студиялық сабақтың 1,5 байланыс сағатына (75 мин) немесе зертханалық сабақтың және дене тәрбиесі сабағының 2 байланыс сағатына (100 мин), сондай-ақ оқу практикаларының барлық түрлерінің 1 байланыс сағатына, педагогикалық практикалардың барлық түрлерінің 2 байланыс сағатына (100 мин), өндірістік практиканың барлық түрлерінің 5 байланыс сағатына (250 мин) тең;

6) белсенді үлестірмелі материалдар (КҮМ) (Hand-оuts) — білім алушының тақырыпты шығармашылықпен табысты игеруі үшін сабақ үдерісінде таратылатын көрнекі безендірілген материалдар (дәріс тезистері, сілтемелер, мысалдар, глоссарийлер, өз бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырмалар);

7) оқу пәніне жазылу (Еnrоllmеnt) — білім беру ұйымдары белгілеген тәртіппен білім алушылардың оқу пәндеріне алдын ала жазылу рәсімі;

8) білім алушыларды қорытынды аттестаттау (Qualification Eхamination) — мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған олардың оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім;

9) білім алушыларды аралық аттестаттау (Ғіnаl Eхamination) — білім алушының бір пәннің толық көлемін немесе бір бөлігінің мазмұнын аяқтап болғаннан кейін оның игеру сапасын бағалау мақсатында өткізілетін рәсім;

10) кредит (Сrеdit, Сrеdit-hоur) — білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшейтін біріздендірілген бірлік. Бір кредит академиялық кезеңдегі білім алушының бір аптадағы аудиториядағы байланыс жұмысының бір академиялық сағатына тең. Әрбір дәрістік, практикалық (семинар) және студиялық сабақтардың академиялық сағаты міндетті түрде бакалавриаттағы студенттің 2 сағат (100 мин) өзіндік жұмысымен, магистратурадағы магистранттың 4 сағат (200 мин) өзіндік жұмысымен және докторантурадағы докторанттың 6 сағат (300 мин) өзіндік жұмысымен қоса беріледі;

11) білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау (ол ағымдық, рубеждік және қорытынды) — жоғары оқу орны өзі айқындайтын бақылаудың әртүрлі нысанымен және аттестаттаумен білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру;

12) пәннің сипаттамасы (Curse Description) — пәннің мақсаттары мен міндеттерін, қысқаша мазмұнын қамтитын пәннің қысқаша сипаттамасы (5-8 сөйлемнен тұрады);

13) тіркеу бөлімі — білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің барлық тарихын тіркеумен айналысатын және білімін бақылаудың барлық түрлерін және оның академиялық рейтингісіне есеп жасауды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін қызмет;

14) постреквизиттер (Роstreguisite) — аталған пәнді оқыту аяқталғанда оларды зерделеу үшін меңгерілген білім, икемділіктер мен дағдыларды қажет ететін пәндер тізбесі;

15) пререквизиттер (Рrereguisite) — оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер тізбесі;

16) пәндер бағдарламасы (Syllаbus) — оқитын пәннің сипаттамасын, мақсаттары мен міндеттерін, оның қысқаша мазмұнын, әрбір сабақтың тақырыбы мен ұзақтығын, өзіндік жұмыс тапсырмаларын, әдебиеттер тізімін, кеңес беру уақытын, коллоквиум кестесін, оқытушы талаптарын, бағалау өлшемдері мен ережелерін қамтитын оқу бағдарламасы;

17) білім алушылардың білімін модульді-рейтингтік тексеру — бекітілген академиялық күнтізбеге сәйкес білім алушылардың білімін тестілеу және басқа түрдегі нысандар негізінде өткізілетін білім алушылардың оқудағы жетістіктерін тексеру рәсімі;

18) білім алушылардың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі — БӨЖ) — өз бетінше оқуға берілген, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есеп берулер түрінде бақыланатын тақырыптардың нақты тізбесі бойынша жасалатын жұмыс; білім алушының санатына қарай ол студенттің өзіндік жұмыстары (бұдан әрі — СӨЖ), магистранттың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі — МӨЖ) және докторанттың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі — ДӨЖ) болып бөлінеді;

19) оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі — ОБӨЖ) — кестеде көрсетілген оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының жұмысы; білім алушының санатына қарай ол: оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (бұдан әрі — ОСӨЖ) және оқытушының басшылығымен жүргізілетін магистранттың өзіндік жұмысы (бұдан әрі — ОМӨЖ) болып бөлінеді;

20) үлгерімнің орташа балы (Grade Point Average — GРА) — таңдап алған бағдарлама бойынша бір оқу жылы ішінде білім алушының қол жеткізген білім деңгейінің орташа өлшемді бағасы (ағымды оқу мерзім ішіндегі кредиттердің жалпы санына пәндер бойынша аралық аттестаттау бағалары балдарының сандық эквивалентіндегі кредиттер қосындысы сомасының қатынасы);

21) транскрипт (Тrаnsсrірt) — кредиттер мен бағаларды әріппен және санмен көрсететін тиісті оқыту кезеңінде өтілген пәндердің тізбесі бар белгіленген нысандағы құжат;

22) тьютор (Тutor) — білім алушыларға оқытушы оқытатын пәнді игеруге көмектесетін тұлға;

23) білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау — академиялық кезең ішінде, кестеге сәйкес оқытушылар өткізетін аудиториялық және аудиториялардан тыс сабақтарда студенттердің білімін кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру;

24) білім алушылардың оқудағы жетістігі — білім алушылардың оқу үдерісінде алатын және жеке тұлғаның қол жеткізген даму деңгейін көрсететін білімі, іскерліктері мен дағдылары, құзыреті;

25) эдвайзер (Аdvisor) — тиісті мамандық бойынша білім алушының академиялық тәлімгерінің қызметін атқаратын, оқу траекториясын таңдауына (жеке оқу жоспарының қалыптасуына) және оқу кезеңінде білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы;

26) элективті пәндер — білім беру ұйымы бекітетін, бекітілген кредиттер шеңберінде білім алушы өзінің жеке оқу жоспарын қалыптастыратын таңдау бойынша құрамға енген оқу пәндерінің тізбесі (пәндер бойынша курстар);

27) оқу жетістіктерін бағалаудың балдық рейтингтік әріптік жүйесі халықаралық тәжірибеде қабылданған әріптік жүйеге сәйкес келетін және білім алушылардың рейтінгін белгілеуге мүмкіндік беретін балл түріндегі білім деңгейін бағалау жүйесі;

28) Трансферт және кредиттерді жинақтаудың еуропалық жүйесі (ТКЕЖ) — студенттің оқу жүктемесін анықтауға негізделген, оқыту нәтижелерінің терминдерінде көрсетілген бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті жүйе;

29) екі дипломдық білім — екі тең бағалы диплом (Double Major) немесе бір негізгі және екінші қосымша диплом (Major Minor) алу мақсатында екі оқу жоспары бойынша параллельді білім алу мүмкіндігі;

  1. Кредиттік оқыту технологиясындағы білім берудің оқубағдарламалары және оқу жоспарлары
  1. Білім берудің оқу бағдарламаларының мазмұны тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен белгіленеді және оқу жоспарлары мен бағдарламалары арқылы іске асырылады.
  2. Оқу жоспарлары үш нысанда әзірленеді:

1) үлгі оқу жоспарлары;

2) жұмыс оқу жоспарлары;

3) жеке оқу жоспарлары.

  1. Оқу жоспарларының барлық нысандарында әрбір оқу пәніне әріптік және сандық белгілеріндегі тиісті кодтың қарастыратын пәндерін кодтаудың бірыңғай жүйесі пайдаланылады.
  2. Үлгі оқу жоспары (бұдан әрі — ҮОЖ) — білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасының оқу пәндерінің тізбесі мен көлемін, оларды оқытудың тәртібін және бақылау нысандарын реттейтін құжат.

ҮОЖ-ны білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

  1. ҮОЖ-да міндетті компоненттегі әрбір оқу пәнінің еңбексыйымдылығы кредиттермен анықталып, ал таңдау бойынша компонент кредиттердің жалпы санымен көрсетіледі.
  2. Жұмыс оқу жоспары (бұдан әрі — ЖОЖ) — мамандықтың ҮОЖ және білім алушының жеке оқу жоспары негізінде білім беру ұйымдары дербес әзірлейтін құжат.
  3. ЖОЖ-да әрбір оқу пәнінің тізбесі және міндетті компонент пен таңдау бойынша компоненттегі еңбексыйымдылығы кредиттермен, оларды оқыту тәртібімен және бақылау нысандарымен анықталады.

ЖОЖ-ны ғылыми (педагогикалық) кеңестің шешімі негізінде білім беру ұйымының басшысы бекітеді.

  1. ЖОЖ оқытушының оқу жұмысының еңбексыйымдылығын есептеу үшін негіз болып табылады.
  2. ЖОЖ-ның нысанын, құрылымын және әзірлеу тәртібін білім беру ұйымы дербес айқындайды.
  3. Жеке оқу жоспары (бұдан әрі — ЖЖ) — білім алушының ҮОЖ және элективті пәндердің каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен әрбір оқу жылына дербес жасалатын жоспар.

ЖЖ әрбір білім алушының білім траекториясын бөлек айқындайды.

  1. ЖЖ-ның нысаны мен әзірлеу тәртібін білім беру ұйымы дербес айқындайды.
  2. ЖЖ-ны үш данада факультет деканы (институт директоры) бекітеді: бірі — деканатта (директоратта) сақталады және ол білім алушының кәсіптік оқу бағдарламаларды орындауына және меңгеруіне бақылауды жүзеге асыру үшін негіз болады, екіншісі — аралық аттестаттауды ұйымдастыру үшін тіркеу бөліміне, үшіншісі — білім алушыға тапсырылады.
  3. Үлгі оқу жоспарын толықтыру үшін таңдау бойынша енетін барлық оқу пәндерінің жүйелі қысқаша сипатталған тізбесін көрсететін элективті пәндердің каталогы (ЭОПК) әзірленеді, оның ішінде оқытудың мақсаты, қысқаша мазмұны (негізгі тараулары) және күтілетін нәтижелері (білім алушының алған білімі, іскерлігі, дағдысы, және біліктілігі) көрсетілген пәнді сипаттайтын қысқаша суреттемесі беріледі.

Білім алушыларға пәндерді таңдауда ең жақсы бағыт беру үшін аталған каталогта әрбір оқу пәндерінің пререквизиттері мен постреквизиттерін көрсеткен дұрыс. ЭОКП білім алушыларға элективті оқу пәндерді баламалы таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

  1. Білім беру ұйымы оқу үдерісін қажетті барлық ақпараттық көздермен толық көлемде қамтамасыз етеді: оқулықтар, оқу құралдары, оқу пәндері бойынша әдістемелік құралдар және әзірленімдер, көп таратылатын материалдар және өзіндік жұмыстар жөніндегі нұсқаулықтар, электронды оқулықтар, желілік білім ресурстарына қолжетімдік.

Сонымен қатар, әрбір білім алушы оқудың барлық кезеңінде анықтамалық-жолсілтегіштермен қамтамасыз етіледі.

  1. Кредиттік оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқуүдерісін ұйымдастыру
  1. Кредиттік оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқу үдерісін ұйымдастырудың басты міндеттері:

1) білім көлемін біріздендіру;

2) оқытуды барынша дараландыру үшін жағдай туғызу;

3) білім алушылардың өзіндік жұмыстарының рөлі мен тиімділігін күшейту;

4) білім алушының оқудағы шынайы жетістіктерін оларды тиімді бақылау рәсімдері негізінде анықтау болып табылады.

  1. Кредиттік оқыту технологиясы мыналарды көздейді:

1) білім алушылар мен оқытушылардың әрбір пән бойынша еңбек шығынын бағалау үшін кредиттер жүйесін енгізу;

2) білім алушылардың жеке оқу жоспарын қалыптастыруға тікелей қатысуын қамтамасыз ететін жұмыс оқу жоспарына енгізілген таңдауы бойынша пәндерді олардың таңдау еркіндігі;

3) білім алушылардың оқытушыларды таңдаудағы еркіндігі;

4) білім алушылардың білім траекториясын таңдауына ықпал ететін эдвайзерлерді оқу үдерісіне тарту;

5) оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану;

6) білім беру бағдарламаларын меңгеруде білім алушылардың өзіндік жұмыстарын жандандыру;

7) оқу үдерісін ұйымдастыруда факультетке (институтқа) академиялық еркіндік беру;

8) оқу үдерісін қағазды және электронды тасымалдағыштардағы барлық қажетті оқу және әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету;

9) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылаудың тиімді әдістері;

10) әрбір оқу пәні бойынша білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін пайдалану.

  1. Бір оқу жылының шеңберіндегі оқу үдерісін ұйымдастыру білім беру ұйымының басшысы бекітетін академиялық күнтізбе негізінде жүзеге асырылады.
  2. Қосымша оқыту қажеттілігін қанағаттандыру және академиялық қарыздарын немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықтарын жою үшін ұзақтығы 6 аптаға дейін жалғасатын жазғы семестр енгізуге рұқсат етіледі.
  3. ОСӨЖ және ОМӨЖ кестеге енгізіледі. ОӨЖ-ның жалпы көлеміндегі ОСӨЖ бен ОМӨЖ-нің үлесін білім беру ұйымдары дербес анықтайды.

СӨЖ-дің барлық көлемі білім алушыдан күнделікті өзіндік жұмыс жүргізуді талап ететін тапсырмалармен нақтылануы тиіс. ОСӨЖ-нің (ОМӨЖ) сағатына үй тапсырмаларын, курстық жобаларды (жұмыстарды), семестрлік және бақылау жұмыстарын, есептер мен басқа да СӨЖ тапсырмаларының түрлерін орындау жөніңдегі консультациялар енеді.

  1. Оқу сабақтары басым түрде белсенді шығармашылық нысандарда жүргізілуі тиіс (кейс-стади, іскерлік ойындар, тренингтер, диспуттар, дөңгелек үстелдер, семинарлар және тағы басқалары).
  2. Академиялық лектер аталған пәнге жазылған білім алушылардың саны жеткілікті болу қағидасы бойынша қалыптасады. Академиялық лектердің толығуы білім беру ұйымдарымен дербес анықталады.
  3. Пәнді оқуға білім алушыларды тіркеуді (Еnrоllmеnt) тіркеу бөлімі ұйымдастырады. Сонымен қатар, әдістемелік-ұйымдастыру және консультациялық жұмыстарды өткізу үшін құрылымдық бөлімшелер мен эдвайзерлер тартылады.
  4. Білім алушылар өздерінің ЖЖ-ын құру барысында:

1) кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелерімен танысуға;

2) оқу пәндеріне тіркелудің және ЖОЖ-ға өзгерістер енгізудің белгіленген мерзімдерін сақтауға;

3) осы Ереженің 30-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламасын меңгеру үшін оқу жылында белгіленген кредиттердің кем түспейтін санына жазылуға міндетті.

  1. Ақылы негізде білім алушылар тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын игеру үшін белгіленген санынан кем кредитпен ЖЖ-ын қалыптастыра алады, мұндайда оқу мерзімі ұзарады.
  2. Білім алушылар академиялық жұмылғыштығын қамтамасыз ету үшін жекелеген оқу пәндерді басқа білім беру ұйымдарында, оның ішінде шет елдерде оқи алады. Мұндайда білім беру ұйымының басшысы басқа білім беру ұйымдарында оқу үшін кредиттер санының жоғарғы шегін айқындайды. Жекелеген пәндерді Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқыған жағдайда, білім беру ұйымдары арасында белгіленген заңнамалық тәртіппен екіжақты шарт жасалуы тиіс.

Білім алушы пән бойынша аралық аттестаттаудан өткеннен кейін өзінің білім беру ұйымының деканатына (бөлімшесіне) емтихан бойынша бағасы, пән бойынша қорытынды бағасы мен жиналған кредиттер саны көрсетілген емтихан ведомосын әкеліп тапсырады.

  1. Барлық білім беру технологиясының тиімділігін, объективтілігін және сапасын арттыру мақсатында оқу үдерістері мен білім алушылардың аралық аттестаттауы бөлінеді.
  2. Білім алушылардың білімінің сапалылығын бақылау жүйесін ұйымдастыру білім беру ұйымы басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасарына бағынысты тіркеу бөлімі арқылы жүзеге асырылады.
  3. Ағымдық бақылаудың барлық түрлері мен білім алушылардың білімін тиісті бағалауды сабақ беретін оқытушы жүргізеді. Бұл баға аталған оқу пәні бойынша білімнің қорытынды бағалауының 60 %-нан кем болмайды.
  4. Білім алушылардың аралық аттестаттауын ұйымдастыру және өткізу офис Регистраторға жүктеледі. Аралық аттестаттауды бағалау аталған оқу пәні бойынша білімді қорытынды бағалаудың 30 %-ынан кем емес құрайды.

35-1. Пән бойынша қорытынды бағалау рұқсат беру рейтингі бағасын және қорытынды бақылауды қамтиды.

Оң қорытынды баға тиісті пән бойынша белгіленген кредит санымен игерілген кредиттерді толықтыруға негіз болады және студенттің транскрипіне жазылады.

Білім алушылар қорытынды бақылаудан (емтиханнан) «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған жағдайда пән бойынша қорытынды баға есептелмейді.

Қорытынды бақылауда қанағаттанарлық бағаны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

35-2. «Қанағаттанарлықсыз» бағасын оң бағаға қайта тапсыру үшін студент келесі академиялық кезеңдерінің бірінде немесе жазғы семестрде сол пән бойынша оқу жұмыс жоспарында қарастырылған барлық сабақ түрлеріне қайта қатысып, рұқсат алады және қорытынды бақылау тапсырады.

35-3. Қорытынды бақылаудың бағасымен келіспейтін білім алушылар емтихан өткізілген күннен кейінгі күннен кешіктірмей апелляцияға береді.

ЖОО басшысының бұйрығымен емтихан сессиясы кезеңіне (аралық аттестаттау) апелляцияланатын пәндерге мамандығы сәйкес келетін оқытушылардан апелляциялық комиссия құрылады.

35-4. Өту балының төменгі деңгейін жинаған және келесі курсқа ауыстырылған академиялық берешегі бар білім алушылар сол пәнді ақылы негізде қайта оқып, академиялық қарыздарын жоюы тиіс.

  1. Білім алушылардың оқудағы жетістіктері (білімі, іскерлігі, дағдылары мен құзыреті) осы Ереженің 1-қосымшасы және төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес әріптік жүйемен бағаланады (оң бағалар А-дан D-ға дейін азаю арқылы, «қанағаттанарлықсызы» — F).
  2. Бір кредиттің құны оқу жылына белгіленген оқыту құны мен аталған кезеңде игерілген 32-ге тең кредиттер саны арасындағы қатынас ретінде есептеледі. Оқу жылына арналған оқу құны білім беру ұйымының білім беру қызметін жүзеге асырумен байланысты барлық шығындарды тікелей есептеу әдісі арқылы анықталады.

Жеке кесте бойынша оқытудың бір кредитінің құны (пәнді қайта оқыту, жеке оқыту, оқу жоспарларындағы айырмашылықтарды тапсыру және тағы басқалары) пәнді оқытуға жұмсалатын нақты шығындар мен білім алушылардың санына байланысты есептеледі және білім беру саласындағы уәкілеттік органның келісімімен білім беру ұйымының басшысы бекітеді.

  1. Білім беру ұйымдарына даярлық жүргізілетін барлық мамандықтар бойынша оқыту құнынан орташа арифметика ретінде есептелінетін мамандықтарға қарамастан, бір кредитке бірдей құнды белгілеу ұсынылады.
  2. Аралық аттестаттаудың қорытындылары бойынша барлық емтихандарын «А», «А-», «В+», «В-» бағаға тапсырған жағдайда, мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алушыларға стипендия тағайындалады.

39-1. Офис регистратор емтихан сессияларының қорытындысы бойынша жаздық семестр нәтижелерін есепке ала отырып, студенттің оқу жетістіктері деңгейінің ортасалмақ бағасы болатын өту балын есептейді.

Курстан курсқа көшіру үшін өту балының төменгі деңгейінің көлемін ЖОО-ның өзі белгілейді.

39-2. Ең төменгі өту балын ала алмаған білім алушылар оқу курсын қайта оқуға қалдырылады.

Курс бағдарламасынан толығымен өтіп, бірақ белгіленген өту балының ең төменгі деңгейіне жете алмаған білім алушыларға өзінің орташа үлгерім балын (GРА) жоғарылатуы үшін жазғы семестрде белгілі бір пәндерді (мемлекеттік емтихан тапсырылатын «Қазақстан тарихы» пәнінен басқа) белгіленген тәртіп бойынша, ақылы түрде қайта оқуына және сол пәндерден қайта емтихан тапсыруына мүмкіндік беріледі.

Оқу курсына қайта қалдырылған білім алушылар бұрын қабылданған жеке оқу жоспары немесе жаңа жеке оқу жоспары бойынша білім ала алады.

  1. Қайта оқу курсына қалдырылған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын білім алушылар оқытудың кейінгі кезеңінде мемлекеттік білім беру грантынан айырылады.
  2. Емтихандар мен сараланған сынақтарды А, А — «өте жақсы», В-, В, В+ — «жақсы» деген бағаға тапсырған және оқытудың барлық кезеңінде үлгерімінің орта балы 3,5- тен кем болмаса, сондай-ақ мемлекеттік емтихан мен диплом жұмысын (жобасын) А, А- «өте жақсы» бағаға тапсырған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлығы бойынша бағасын ескермегенде) беріледі.
  3. Екі дипломды білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын жоғары оқу орындары шетелдік жоғары оқу орындарымен игерілген кредиттерді қайта сынақтан өткізуді жоо-серіктесте қазақстандық кредиттерге және ТКЕЖ барабар жүзеге асыруы қажет.
  4. Студенттерді ауыстыру және қайта қалпына келтіру кезінде оқу курсы пререквезиттерді ескере отырып айқындалады.

Кредиттік оқыту технологиясыбойынша оқу үдерісінұйымдастырудың ережесіне

1-қосымша

Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін төрт балдықжүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес ағалаудыңәріптік жүйесі

Әріптік жүйе бойынша бағалау Балдардың сандық

эквиваленті

Пайыздық мазмұны Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А 4,0 95-100 Өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0 0-49 Қанағаттанарлықсыз