Бұрынғы компьютерлерде кең тарағанMS – DOS операциялық жүйесі болатын. MS – DOS операциялық жүйесініңбір адамның ұмыс істеуіне арналғанын және бір мезетте тек бір мақсатты шешетінін, оның үстіне MS – DOS операциялық жүйесі компьютердің тек640 Кб жедел жадын ғанапайдалана алатынынбілетін боларсыздар.
Әрине MS – DOS операциялық жүйесісоңғы версияларықолданбалы программаларға1 Мб – тан артық едем жадын қолданужәне программалардың бірінен екіншісінеауысу мүмкіндігін беретін ,кейініректе шыққан сервистік программаларментолықтырылған болатын.
Адам мен компьютер арасындағы байланысты ұйымдастырушы қызметін, яғни пайдаланылатыннегізгі інтерфейс ролін MS – DOS операциялық жүйесінде командалық жол атқарады.
Қазіргі кездегі барлық дербес компьютерлер сұхбаттық режімде жұмыс істейді. Бұл режимде компьютер қолданушымен және техникалық құрылғылармен тікелей қарым – қатынаста болады. Компьютер сұхбаттық режімде болуы үшін, онда алдын — ала программалар жүйесі Бұл программалар жүйесі пернетақтадан, тышқаннан және басқа да құрылғылардан үнемі сұраныс жасап отыруы қажет. Бұл программалар жүйесі пернетақтадан, тышқаннан және басқа да құрылғылардан үнемі сұраныс жасап отыруы керек. Бұл жүйе қолданбалы программаларға бақылау жасап, түрлі программалардағы мәліметтердің шатасып кетпеуін қадағалап отыруы қажет. Мұндай программалар жүйесі операциялық жүйе деп аталады. Операциялық жүйе жүйелік және қызметтік программалық жасақтамалар кешені болып табылады. Қандай да бір нақты операциялық жүйенің қолданбалары деп берілген жүйенің басқаруымен жұмыс істеуге негізделген программаны айтады.
Барлық операциялық жүйенің ең негізгі қызметі:
- қолданушы мен программалық жабдықтар арасындағы байланыс түрлерін қамтамасыз ету;
- аппараттық және программалық жасақтама арасындағы байланысты қамтамасыз ету;
- аппараттық және программалық жасақтама арасындағы байланысты қамтамасыз ету.
- әр түрлі программалар арасындағы арасындағы байланыстарды қамтамасыз ету.
Windowsжүйесініңнегізгі ұғымдары.
Терезе
Терезе- Windowsжүйесіндегі ең негізгі ұғым болып саналады, Windowsсөзінің нақты аудармасы “терезелер” екені осыны білдіреді.
Терезе- төртбұрышты қоршаулы аумағы, онда әртүрлі программалар орындалады, кез-келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі. Windowsтерезесінің экранды толығымен, жартылай немесе белгілі бір бөлігін ғана қамтуы мүмкін.
Экран бетінде бір мезеттебірнеше терезе орна ласа береді. Мунда кез-келген программаның өзіне тән жұмыс Істру терезесі болады. Егер терезені жабатын болсақ, дәл сол уақытқа дейін терезе ішінде екпінді күйде болып жұмыс істеп тұрған программаның да жұмысы аяқталады.
Алдағы уақыттаWindowsортасыныңәр түрлі терезелерін қарастырамыз, олардың жұмыс істеуінде айырмашылық болсада, бәрінің кейбір ортақ элементтері, қасиеттері бар. Енді сол элементтермен танысайық.
Терезе шекаралары- бұл терезенің периметрі бойынша өтетін тік жәнекөлденең сызықтар. Терезенің жоғарғы жағында тақырып жолы орналасқан.Тақырып жолының сол жағында жүйелік меню батырмасы орналасқан,ал оң жағында терезенің аймағын өзгертуге арналған батырмалар бар. Тақырып жолынан төменірек меню жолы бар. Ал меню жолынан төменгі төртбұрышты аудан-терезенің жұмыс аумағы деп. аталады. Осы жұмыс аумағында әр түрліинформация болады: орындалатын программа, өңделуге арналған мәліметтер, басқа кішігірім терезелер және т.б.
Экран бетіндегі программалармен құжаттар орналасатын терезелер үш түрлі болады:
- толық экранды терезе, яғни терезе экранды толығымен Альп тұрады;
- қалыпты күйдегі терезе, яғни терезе экрапнның белгілі бір бөлігін Альп тұрады;
- белгіше (пиктограмма) түрінде, яғни терезе кішірейтіліп белгішеге айналып кеткен.
Жұмыс столы
Жұмыс столы-екінші негізгі ұғым.
Жұмыс столы ұғымы қазіргі барлық операциялық үйелер интерфейсінің элементі болып саналады. Windows ортасында жұмыс столының ролін дисплей экраны атқарады.Онда жұмыс істейтін программалардың терезелері, құжаттардың жеке файлдары белгілер (немесе шатрбелгілер) түрінде орналасқан.
Белгішелер, жарлықтар, бумалар.
Белгіше (Icon)- бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияны, файлды, т.б. бейнелеп тұруы мүмкін. Әр белгіше белгілі бір терезеге сәйкес келеді және ол қажет болғанда үлкейту батырмасы арқылы терезеге айналады. Экрнда мынадай белгішелер кездеседі:
-қосымша (қолданбалы) программалар белгішесі;
- белгілі бір топтар белгішесі;
- функциялар белгішесі.
Жарлық (shortcut) — бұл белгілі бір обьектімен тікелей қатнас жасауды іске асыратын командалық файл. Мысалы, жарлық арқылы каталогтың, желідегі дискінің ішіндегісін көрсетуге болады, тез арада басқа каталог та орналасқан программаларды іске қосуға, файлды жылдам ашуга болады және т.б.
Бума (folder) – экранда каталогтарды әне программалық топтардыбелгілеу үшін қолданылады. Мүның мағынасы мынада: каталог пенпрограммалар тобі белгілі бір обьектілерді орналастыруда қолданылатын контейнер болып табылады. Бума – каталог, директорий ұғымының балмасы болып табылады. Каталог файлдарға арналған контейнер, программалық топ-жеке программаларға арналған контейнер, т.с.с. Әрине мұндай контейнерлер әр обьекті үшін әр түрлі болуы мүмкін. Бірақ олармен атқарылатын амалдар біртектес бола береді (мысалыға, жою, көшіру және т.б.).
Windowsжүйесінің стандартты программалары.
Windowsжүйесініңстандартты программалары құрамына бір топ программалар жиыныкіреді. Олар әр адамға қажетті операциялық жүйе орындай алмайтын бірсыпыражұмыстардың орындалуын қамтамассыз етеді, мысалы:
- мәтіндік құжаттарды дайындау;
- графикалық бейне көріністерді даярлау және оларды өңдеу, түзету;
- жұмыс уақытын жоспарлау және ұйымдастыру;
- математикалық есептеулерді орындау және т.б.
әдетте, бұл қосымша программалар “Стандартты” тобында орналасқан.
WordPad мәтіндікредакторы
WordPad, Writeредакторлары күрделі мәтіндік құжаттарды дайындауға мүмкіндік береді. Слайда кейінгі шығып жатқан мамандандырылған мәтіндік редакторларға қарағанда оның мүмкіндігі төмендеу.
WordPad, Writeредакторларымәтіндік құжаттарды пернелерді теріп дискілерді сақтауға, оларды өңдеуге – ішкі көрінісімен қаріпін өзгертуге, құжат ішінде символдарды іздеу мен ауыстыру әдістерін іске асыруға, графиктік суреттерді қосуға,оның беттерінің параметрлерін өзгертуге және қағазға басып шығарумүмкіндік береді.
Блокнот
Блокнот-кішігірім мәтіндік файлдармен жұмыс істеуге арналған редактор. Оның мүмкіндігі көптеген қарапайым мәтіндік редакторлар мүмкіндіктеріне қарағанда төмендеу.
Блокнот тек бір ғана қаріптүрін (жүйелік шрифт) ғана пайдаланады. Мунда мәтін фрагменттерімен жұмыс Істру ісі, коректі символдарды іздестіру, мәтінді файлдарға жазу мен оқу, баспаға шығару жұмыстары жақсы жолға қойылған.
Күнтізбе
Күнтізбе- бұл жұмыс уақытын жоспарлауға, мерзімдік жоспар жасауға, кездесулермен телефон соғу кестелерін құрастыруға арналған шағын программа. Нақты айтсақ, календар – күнделіктің компьютерлік варианты.
Калькулятор
Калькулятор программасы бүгінгі күндері тіпті төменгі сынып оқушылары да кеңінен пайдаланылатын компьютерлік калькулятор болып табылады.
Калькулятора стандартты режимде төрт арифметикалық амалдан, процентті есептеуден, квадрат түбірі мен кері шаманы табудан басқа оның жадымен келесі әрекеттерді орындауға болды:
ЗП – индикатордағы санды жадна жазады;
П+ — жадтағы санға индикатордағы санды қосады;
ИП – жадта сақталған Санда индикаторға
шығарады.
ПО— жадты тазалайды.
Индикаторға енгізілген соңғы цифрды жоюға арналған Кейін (Назад) батырмасының бар екені есте болсын.
Басқа дапрограммалар туралы қысқаша мағлұматтар.
Символдар кестесі (Таблица Символов) программасы мәтіндік құжаттарда пернелерде көрсетілмеген арнайы символдарды, математикалық белгілер мен таңбаларды енгізуге арналған. Программаны іске қосқаннан кейін, әрбір қаріптер жүйесіне қондырылғансимволдардың толық жиынын арап шығуға болады. Солардың ішінен қажетті символды таңдап және он алмасу буфері арқылы құжатқа көшіруге болады.
Дыбыс жазу (Звукозапись)- дыбыс тақшасының көмегімен неше түрлі дыбыс, сөздер тіркесін WAR форматындғы файлдарғаазуға, ойнатуға және өңдеуге мүмкіндік беретін программа.
Медиаплеер – дыбыстар жазылған MIDI – файлдарды, әуендер, сөздер жазылған компакт – дискілерді және жылжымалы бейнелері бар дискілерді оқуға арналған мультимедиа мүмкіндіктерін іске асыра алатын программа.
Терминал – қашықта орналасқан компьютерлермен модемдік байланыс орнатуға арналған программа.
Модем – стандартты телефон елісі арқылы компьютерлердің мәліметтерді жөнелтуді және қабылдауды іске асыруына мүмкіндік беретін электорондық құрылғы.