Фосфорлы қышқыл эфирлері амидтерінің химиялық қасиеттерін зерттеу

Жүргізілген синтез жұмыстарының нәтижесінде формиатты фосфорлы қышқыл эфирлері амидтерінің туындылары синтезделді.

Фосфорлы қышқыл эфирлері көптеген зерттеулер жұмыстарында жиі қолданылады. Реакцияға түсу қабілеті біршама жоғары жаңа активті фосфорорганикалық қосылыстар түзіледі.

Аталған симметриялы емес гидрофосфорильді қосылыстарды синтездеудің тиімді жағдайы – реакцияны төменгі температурада және реакцияға түскен бастапқы реагенттер құрамдарының әр түрлі мольдік қатынастарда жүргізу .

Жүргізілген синтездің жалпы схемасы:

Синтез нәтижесінде алынған симметриялы емес фосфорлы қышқыл эфирлері (6-8) сулы насостың көмегімен төменгі қысымда айдалып, тазартылды. Айдалған өнім тазалығы жұқа қабатты хроматография әдісімен зерттеліп, сыну көрсеткіштері мен тығыздықтары анықталып теориялық мәліметтермен салыстырылды. Молекула құрылысын дәлелдеуде ИҚ-спектроскопиялық әдіс қолданылды.

Ортоқұмырсқа эфирі этоксильді тобынан (С2Н5О) айырыла отырып, көптеген реакцияларға өте жеңіл түседі. Ортоқұмырсқа эфирі молекуласындағы байланыстың үзілуі оттегі атомдарының арасында болады. Түзілген симметриялы емес фосфорлы қышқылэфирлері молекуласының реакцияланғыштық қабілеті төменде көрсетілген ортоформиатпен [9] жүргізілген реакциясында байқалады:

Симметриялы емес фосфорлы қышқыл эфирі құрамындағы фосфор-сутегі (Р-Н) және үшэтилформиат молекуласындағы көміртегі-оттегі (С-О) байланыстарының үзілуі арқылы реакция жүзеге асады. ортоформиат құрамындағы этоксильді топтар гидроксил тобына өте ұқсас. Реакция өте жылдам уақыт аралығында өтіп, нәтижесінде этил спиртінің 1 молі мен негізгі өнім-тиісті формиаттар [10-12] синтезделді:

Симметриялы емес фосфорлы қышқыл эфирінің диэтилформиатының (10-12) моноэтаноламин винил эфирімен реакциясы диэтилформиат молекуласындағы көміртегі – оттегі (С-О) байланысының үзілуі мен моноэтаноламин винил эфиріндегі біріншілік амин тобының (– NH2) қатысуы нәтижесінде 2 моль этил спирті мен симметриялы емес фосфорлы қышқыл эфирінің винилоксиэтилазометинінің түзілу реакциясының жүру бағытын былайша көрсетуге болады.

Конденсациялану реакциясы арнайы уақыт аралығында 85-900 С температурада жүргізілді.

Зерттеу барысында қолданылған реагент-моноэтаноламин винил эфирі (13) молекуласының ИҚ – спектрінде винилокси тобының (– О – СН=СН2) валенттілік тербелістері 1240-1205 см -1 аралықтарында байқалса, біріншілік амин тобының (– NH2) валенттілік жиіліктері 3500-3100 см -1 аралығында көрінеді .

Синтез нәтижесінде алынған қосылыс О-этил-О-н-бутилфосфорлы қышқыл эфирінің винилоксиэтилазометині молекуласының ИҚ-спектрлеріндеазометин

( – СН = N – ) тобының валенттілік тербеліс жиіліктері 1640-1610 см -1, винилокси ( – О – СН = СН2 ) тобының валенттілік тербеліс жиіліктері 1240-1205 см -1, фосфорлы ( Р=О ) тобының валенттілік тербеліс жиіліктері 1300-1230 см -1 аралықтарында байқалады .

Реакция нәтижесінде алынған қосылыстардың [14-16] молекула құрамында азометин(─ СН = N ─ ) тобы бар фосфорлы қышқыл туындылары ең алғаш рет синтезделді.

Ортоэфирлер мен моноэтаноламин винил эфирлерінің туындылары синтетикалық органикалық химиядағы алдыңғы қатарлы орынды иеленеді. Олардың негізінде түрлі полимерлі, биологиялық белсенді қосылыстар мен кейбір дәрілік препараттар алынған.

Симметриялы емес фосфорлы қышқыл эфирінің винилоксиэтилазометині молекулаларының құрамында реакцияға қабілетті винилокси ( – О – СН = СН2 ) мен азометин ( – СН = N – ) топтары бар. Сондықтан , осыған сәйкес жоғарыда аталған қосылыстың құрылысын зерттеу әрі қарай жалғасты. Симметриялы емес фосфорлы қышқыл эфирінің винилоксиэтилазометині этилмагний бромидімен, яғни Гриньяр реактивімен тотықсыздану реакциясы зерттелді. Гидрофосфорильді қосылыстың винилоксиэтилазометині этилмагний бромидімен әрекеттесуі кезінде реакция винилоксиэтилазометин молекуласындағы көміртегі — азот (С — N) байланысының үзілуі арқылы жүзеге асты. Жүргізілген реакция нәтижесінде сәйкес аминоэфирінің орнын этил басқан туындысы алынады және нәтижеде магнийдің гидроксобромиді бөлінеді.

Реакцияның жалпы жүру бағыты:

Алынған өнім – О – этил – О – н — бутилфосфорлы қышқыл эфирінің

N-винилоксиэтиламиноэтилметинінің сыну көрсеткіші nd20=1,5748 мен тығыздығы d420=0,6312 г/см3 анықталды. ИҚ – спектрлік анализ көмегімен жүргізілген қосылыстардың спектрінде топтарының валенттік тербеліс жиіліктері Р=О ν 1290-1230 см -1 ; Р−С ν 1770-1720 см -1 ;Р−О−Сν1060-905 см -1; −СН2−СН2−ν 3040-2920 см -1 ; N−H ν 3100-3500 см -1 ;

  • О – СН = СН2 ν 1240-1205 см -1 аралықтарына сәйкес сіңірілу жолақтары

пайда болды .

Қазіргі кезде фосфорорганикалық қосылыстар химиясы мен оның қолданылуы кеңінен зерттелуде. Бұл қосылыстардың физико-химиялық қасиеттерін одан әрі зерттеу нәзік органикалық синтезде ерекше орын алады.

Фосфорорганикалық қосылыстардың туындылары синтетикалық органикалық химиядағы алдыңғы қатарлы орынды иеленеді. Олардың негізінде түрлі полимерлік, биологиялық белсенді қосылыстар мен кейбір дәрілік препараттар алынған.

Қолданылған әдебиеттер :

1.Нифантьев Э.Е. Химия гидрофосфорильных соединений. Успехи и

перспективы развития. — Успехи химии 1978,Т.XLVII, Вып.9 с.1565-1608.

2.Аймаков О.А., Мастрюкова Т.А., Ержанов К.Б. Винилоксиэтиламиды,

амидоэфиры фосфорной кислоты. Изв. МН-АН РК. Сер.хим.,1996, № 4, с. 7-9

3.Аймаков О.А., Ержанов К.Б., Мастрюкова Т.А. Некоторые новые

амидоэфиры монофосфорной кислоты. Изв.РАН. Сер. хим., 1998, № 9, с.

1976-1878

4.Аймаков О.А., Ержанов К.Б., Мастрюкова Т.А. Синтез новых амидоэфиров

фосфорной и тиофосфорных кислот. Изв. РАН. Сер. хим., 2003, № 1,

с.2276-2279.

5.Аймаков О.А.Пути синтеза новых амидоэфирных тиофосфорной кислоты,

аминотиофосфоновых эфиров на основе винилового эфира моноэтаноламина. Вестник Международного Казахско-Турецкого Университета им. Қ.А. Ясави.Туркестан, 1998. № 6

6.Аймаков О.А. Синтез и исследование в области эфиров кислот и тиокислотфосфора (обзорная статья). Вестник Евразийского Национального Университета им. Л.Н. Гумилева. Астана, выпуск 4, 2002.

7.Аймаков О.А. Фосфорилирование виниловых эфиров аминоспиртов. Итоги и перспективы. Материалы Республиканской научно-практической конференции «Состояние и перспективы развития химии и химической технологии в Центральном Казахстанском регионе», посвященный 75- летию академика Е.А. Букетова. Караганда, 2000 .

8.Аймаков О.А. Исследование в области эфиров кислот и тиокислот фосфора. Труды международной конференции «Состояние и перспективы развития органической химии в Республике Казахстан» (к 90-летию член корреспондента АН КазССР И.Н. Азербаева). Алматы-Шымкент. 2002.

9.Аймақов О.А., Жакипова Н.Б. Симметриялы емес фосфорлы қышқыл эфирлері және олардың формиатты туындылары. «Шоқан тағылымы-11» халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Көкшетау, 2006, 170 б.

10.Аймақов О.А., Жакипова Н.Б. Фосфорлы қышқыл эфирлері және олардың кейбір функциональды туындылары. Қ.Р. Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, х.ғ.д. проф. А.Баешовтың 60-жылдығына арналған «Экология, білім, ғылым және қоғам» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдарынан. Қ.А. Ясави атындағы ХҚТУ.-Кентау, 2006.