1991 жылғы желтоқсанда РСФКР (Б.Ельцин), Украин КСР (Л.Кравчук)және Белорус КСР (С.Шушкевич) басшыларының саяси төңкерісінің нәтижесінде Одақтық Кеңестер мемлекеті ыдырады. Экономикалық және әскери күш-қуаты жағынан Америка Құрама Штаттарымен бәскеге түсе алатын Кеңес державасының өте үлкен территориясында нарықтық қатынастар кезеңі басталды /1/.
Ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи байланыстар мен саяси, экономикалық ынтымақтастықты сақтап қалу үшін, сонымен бірге жаңа тәуелсіз елдер арасындағы қарым-қатынасын одан әрі дамыту мақсатында 1999 жылы 21 желтоқсанда алдынғы кеңестік 12 мемлекет (Прибалтика елдері қатыспады) басшылары қол қойған Алматы Декларациясының негізінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылды/2/. Осы кезеңнен бұл елдердің қазіргі заманғы тарихының егемендік пен тәуелсіздік кезеңі деп аталатын жаңа кезеңі басталды. ТМД елдері (Ресей Федерациясын қоспағанда) ғаламдық өлшемдер бойынша дүниежүзілік саясат пен экономикада айтарлықтай үлкен роль ойнамайды. 2008 жылы (қазіргі созылған қаржы-экономикалық дағдарысқа дейін) ТМД елдері әлемдік ЖІӨ — нің 1,3 пайызын өндірсе, әлемдік саудада ғаламдық тауар экспортының 1,4 пайызын шығарды, әлемдік шетел инвестициясының 1,9 пайызын игерді/3/. Яғни ТМД елдері әлемдік экономикада «перифериалы» мемлекеттер тобына жатады. Бұл қортынды ТМД елдерінің экономикалық өмірінде сапалы құрылымдық өзгерістердің жоқтығымен және экономикалық өсімнің төмен көрсеткішімен одан әрі дәлелдене түседі. ТМД-ның жекелеген елдерінде (Ресей, Азербайжан, Қазақстан, Түркіменстан)әлемдік нарықта мұнай шикізатында қалыптасқан коньюктураға байланысты әлеуметтік-экономикалық салада белгілі бір өсім байқалды. Кеңестік кезеңде одақтық бюджеттен бөлінетін дотация есебінен жағдайы жақсы болған Молдова, Қырғызстан, Тажікстан және Грузияда жағдайдың ерекше нашарлауы орын алды. Қазіргі қаржылық өмірдің жағдайына тоқталсақ ДВҚ-ның (Дүниежүзілік Валюта Қоры) бағалауынша ЖІӨ (Жалпы Ішкі Өнім) дағдарысқа байланысты бұл елдерде3 есеге өсті. ТМД елдерінің экономикасынаинвистиция салу айтарлықтай қысқарды. Қазақстанды қарастырып көрелік. 2010 жылдың соңына қарай Қазақстанның тікелей инвестициясының географиялық ауқымытөмендегідей (млн. доллар): Ресей – 891, Кипр — 496, Виргин (Британия) аралдары – 689, Түркия – 574, Нидерланды – 9773, Ұлыбритания – 2433, АҚШ – 600, Грузия – 162 және басқалар. Жалпы дүниежүзінің қаржы-экономикалық өмірінде қазақстандық инвестициялар 16176 млн.долларды құрайды. Ресейдегі Қазақстанның капиталдық үлесі барлық ТМД елдерін қоса алғандағыдан екі есе көп. Жекелеген қазақстандық бизнес құрылымдардыңРесей экономикасындаайтардықтай қомақты үлесі бар. Игорь Школьник (В.Школьниктің баласы) 280 млн. долларға «Орск Нефте Орг синтез» компаниясының (Орынбор обл.) 92,2 пайыз акциясын сатып алған. Келісім шарт Кипр оффшоры арқылы жүзеге асырылды/4/.
Әдетте ауылшаруашылығының ортақ мәселелері, атап айтар болсақ ТМД тұрғындарыныңазық-түлік қауіпсіздігіүнемі назарда болды.Ғалымдардың есебі бойыншаРесей 2020 жылы дүниежүзінің1 млрд. тұрғынын экологиялық таза ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етеді. Бірақ өзінің азық-түлік нарығында ДСҰ-на мұше елдерімен сәтті бәскелестікке төтеп беру үшін дұрыс аграрлық саясат жүргізу керек. ДСҰ-ның шарттары бойынша Ресей жыл сайын ауыл шаруашылығына 9 млрд. доллар немесе 270 млрд. рубль көлемінде қаражат қаржылай көмек бере алады. Ресей Федерациясы үкіметі аграрилердің келтірген көптеген уәждеріне қарамастан, бұл жылы ауыл шаруашылығына тек 15 млрд. рубль бөліп отыр. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу нарықтық бағадан5 есе арзан. Аграрлық салада сәтті мысал Белорусия бола алады. Белорусь 10 млн. тұрғынына 2012 жылы 10 млн тонна астық жинады. 2015 жылға қарайреспубликадағы сиыр саны 1,6 млн. басқа, сүт өнімдерін өндіру — 10 млн. тоннаға жетеді.2012 жылы республикадағы ауылшаруашылықөнімдерінің экспорты 5 млрд. болса, 2015 жылы — 7 млрд. болады деп күтілуде.
Еуразиялық даму банкінің интеграциялық зерттеулер орталығының бағасы бойыншағаламдық астықнарығында Ресей, Украина, Казақстан және Белорусь маңызды орынға ие болмақ. Тек қана алғашқы үш мемелекетөткен бес жылдадүниежүзілік астық нарығында бидай – 21,5 пайыз, арпа – 36,3 пайыз, жүгері – 7,7 пайыз орын алған. Еуразиялық даму банкі 1,5 доллар капиталға иелік ете отырып, Еуразиялық экономикалық кеңістікте аграрлық секторды қолдай алатынын мәлімдеді. Банк 2006 жылы Ресей Федерациясында және Қазақстан Республикасында ашылды. Бүгінгі таңда Белорусь, Армения, Қырғызстан және Тәжікстан Банк мүшелері болып табылады. Табихи агроклиматтықжағдайларды пайдалана отырып,Еуразиялық экономикалық кеңістік азық түлік қауіпсіздігінің кепілі бола алады/5/.
Қазақстанның аграрлық потенциалы өте жоғары. Жердің жалпы 6272 млн. гектар қорының ауылшаруашылығында 225 млн. гектары қолданылады. Олардан айдалған егістік жер 35,4 млн. гектар болса, табиғи жайылымдық жер – 89 млн. гектар болды. Қазақстанныңәр бір тұрғынына шаққанда 2,3 гектардан келеді/6/. Соңғы бес жылдареспубликада мол астық алынды, яғни 70 млн. тонна содан экспортқа 25 млн. тоннасы шығарылады. Қазақстан бүгінгі таңдаазық-түлік өнімдерімен өзін-зі қамтамасыз ететін елдер қатарында.
Ресей ғалымдары ауыл шаруашылығында жаңа мәселелердің туындады деп есептейді. Бұл Ресейдің ДСҰ-на және аймақтық ұйымдарға енуіменбайланысты. Одан бөлек 2008-2012 ж.ж.ресейлік ауыл шаруашылығы269 млрд. рубльге инвестицияланбай қалды. Жалпы тұтыну құрылымындағы отандық өнімдердің үлесі 67 пайызды құрайды.Ауыл шаруашылығы саласындағыжұмысшылардың жалақысы елдегі орташа жалақыдан екі есе төмен/7/. ТМД-ның басқа елдеріндегі (Украина, Казақстан, Белорусь, Азербайжан) ауылшаруашылығындағы жұмысшыларының жалақысы да осы жағдайда. Болжамдар бойынша Ресейде ауылшаруашылық өнімдерін өндіруде жасалған шығынды ақтамау тенденциясы қалыптасуы да мүмкін.
Қазіргі жағдайда Ресей ұлы держава болуы мүмкін бе деген сұрақ қояды белгілі ғалым-экономист Р.Хасбулатов. Ресей өзіне соңғы 200 жыл бойына тәуелді болып келген территориясының үштен бірін, тұрғындардың 50 пайызын, 1990 жылғымен салыстырғанда өнеркәсіп потенциалының 50 пайызын жоғалтты. Ресей үшін өзінің үлкен территориясын түбегейлі дамыту, ресейліктердің өмір сүру деңгейін әлеуметтік-экономикалық жағынан кешенді түрде жақсарту қажет деп есептейді ғалым/8/.
Әлемдік қатынастарда Қытайдың маңызы артып келеді. Еуропалық елдерде Қытай инвистициясының көлемі 10 миллиардқа жетіп, одан ары өсіп жатыр. Қытай үшін еуропалық нарыққа ену өте маңызды болып табылады.Осы мақсатта Батыс Еуропа-Батыс Қытай автомагистралі салынып жатыр. Бұл транспорттық дәлізгеРесей мен Қазақстан да енеді. Орталық Азиялық кеңістікте Қазақстан негізгі серіктес болып табылады. Қытайдың Орталық Азиядағы тауар айналысында Қазақстан үлесіне 68 пайызы тиесілі. Қытай компаниялары Қазақстандағы мұнай резервтерініңайтарлықтай бөлігіне 1 млрд. тоннаға иелік етеді. Қазіргі таңда Қытай Қазақстан Республикасында жыл сайын 15 млн. тонна мұнай өндіреді, Шымкент МӨЗ және «Қазмунайгаз» ҰК АҚ-ның 50 пайыз акцияларына егелік етеді/9/.
Батыс елдерінде экономика мен қаржылық реттеу үшін соғыстан кейінгі жылдарда Халқаралық Валюта Қоры (ХВҚ) құрылған болатын. Фондтың негізгі капиталы Батыс елдерінің негізгі 10 елінің (АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Белгия, Швеция, Нидерланды, Канада, Италия, Япония) төлемі негізінде құрылған. ХВҚ-ның құрамында 150-ден аса мемлекет болса да, қаржылық және саяси шешімдерін сол он мемлекет өкілдері қабылдайды.
Қазіргі таңда Евросоюз дағдарыс жағдайында. Евро аймаққа енетін елдер (олардың саны17) Брюссельдің қаржылық және қазыналық саясатына наразы. Біртұтас бюджеттік тәртіп қолдау таппай отыр. Еуроодақтағы қарама-қайшылық кешенді сипат алып отыр.Бұл ең алдымен Еуроодаққа енетін 27 елдің мүддесінің сәйкес келмеуінен. 1946 жылғы Уинстон Черчиллдің Фултонда және Цюрихте ұсынған еуропалық бірігу идеясы жақсы нәтиже берді. Алайда бүгінгі күні еуропалық интеграцияға қол жеткізу қиын болып тұр, себебі ЕО-тың алдыңғы қатарлы елдерінің саяси және стратегиялық мақсаттары сәйкес келмейді.
Сонымен дүниежүзілік даму күрделі және қарама-қайшылықты болып отыр. Дүниежүзілік процесстердіталдау мен түсіндіруғылым мен оқу жоспарындаөз орнын табуы қажет.
Резюме
Статья содержит вопрос о современных мировых изменениях, произведен краткий анализ и обзор на политические и экономические события.
Summary
The article contains a question about the modern world changes, made a brief analysis and overview of the political and economic events.
Әдебиеттер
- См.подробнее: Советская военная мощ. По ред. А.М.Деттярева. М.1990. –стр
- Казахстанская правда, 23 декабря, 1991 г.
- Пылин А.Г. Особенности экономического развития стран СНГ в контексте их устойчивости к внешним шокам. Автореферат к.э.н. М.2012. стр.15
- Мировая экономика и международные отношения. РАН. М.202, № стр.50,58
- Союзное вече. 2013 г. №2(475). Газета Парламентского Собрания Союза Белоруси и России, г.Минск.
- Сельскохозяйственная наука. Достижения, разработки, внедрение. Алма-Ата. 1986. стр.6.
- Вестник Российской Академии сельскохоз. наук. 2013. № Стр.5 (Москва).
- Международная экономика. 2013. № Стр.13,28 (Москва).
- Аnalytic. 2012. № Стр.80 (Алматы).