Ағылшын тілінде тыңдап – түсінуге үйрету

Ауызша сөз негізгі екі сыңардан тұрады: оның бірі ауызша айтылған сөзді тыңдап – түсіну, екіншісі – сөйлеу. Ауызша сөздің бұл екі компоненті бір– бірімен тығыз байланысты.Ауызша сөзді игеру үшін сөйлей білсе жеткілікті. Ал ауызша айтылған сөзді тыңдап-түсіну –– сөйлеудің серігі. Сөйлей білген адамға тыңдап-түсінуге арнайы дағдыланудың қажеті жоқ. Ол дағдылар өз-өзінен қалыптасады. Басты дағды –– сөйлеу дағдысы. Бір тілде сөйлей білген адам сол тілде айтылған ауызша сөзді тыңдап-түсіне алады.Мұндай көзқарастың қате екенін психологиялық зерттеулер де, шетел тілдерін оқыту теориясы мен практикасы да дәлелдеп беріп отыр.

Психологиялық зерттеулер бұл екі әрекет (тыңдап-түсіну және сөйлеу) бір-бірімен тығыз байланысты болғанмен, олардың әрқайсысы мүлде басқа іскерліктер негізінде қалыптасатынын көрсетіп берді. Сөйлеуші де тыңдаушы да тілді қолдана отырып, қатынас жасайды. Бірақ олардың әрқайсысы тілді әр — түрлі жолмен қолданады. Сөйлеу үстінде адам белгілі бір ойдан шығады, яғни әуелі сөйлеушінің санасында белгілі бір ой туады да, ол сол ойды басқаларға жеткізу үшін тілдік форманы пайдаланады. Демек сөйлеу процесінде сөздің мазмұны алдын–ала берілген , сол мазмұнды сөйлеуші тілдік форма арқылы өзгелерге жеткізеді. Сөйлеуші белгілі мазмұннан шығарып, оны тілдің әр түрлі элементтерін қолдануарқылы басқаларға жеткізеді. Іс-әрекет бағыты: мазмұннан тілдік формаға қарай.Тыңдаупроцесіндеіс-әрекетбағытымүлдебасқа. Мұнда тыңдаушыға әуелі берілген тілдік форма. Соны қабылдауарқылытыңдаушытілдікформадакодталған мазмұнды ашады. Мұндағы іс-эрекет бағыты: тілдік формадан мазмұнға қарай. Ауызша сөздің бұл екі компонентін бір-бірінен ажыратудың маңызы өте зор. Бұлар сөз әрекетінің әр түрлі фармаларына жатады: сөйлеу экспрессивтік формаға жатса, тыңдау импрессивтік формаға жатады. Бұлардың әрқайсын әр түрлі жолмен оқытып, үйрету керек.

Ауызша айтылған сөзді қабылдау мен түсіну өте күрделі психикалық әрекет екені белгілі. Қабылдау мәселелеріменшұғылданып жүрген еліміздің психологтары екі процесін ажырату қажеттігін атап көрсетеді. а) бейнені қалыптастыру процесі, яғни объектінің маңызды даралау белгілерін және олардың өзарабайланысынанықтаужәнесолбелгіердіигеру процесі,ә)қалыптасқанбейненіэталонменсалыстыру нәтижесінде объектіні тану процесі. Бұл екі процесс бір-бірімен тығыз байланысты. Бейнені қалыптастыру барысында оны тану процесі саналы түрде өтуімүмкін.Ал материалмен танысқаннан кейін тану процесі өте тез, қас пен көздің арасында өтуге тиіс. Тіл арқылы қарым-қатынас жасау процесінде тану бір мезгілде өтеді. Мұнда логикалық операцияның қатысу-қатыспауы түсінудің түріне байланысты: дискурсивтікжолмен түсінужәне тікелей түсіну.Тікелейтүсіну кезінде ішкі сөзде болып жататын ойлау процесі барынша қысқартылған түрде өтеді. Қабылдаудың осы аталған екі процесіне байланысты сөзді есту қабілетінің екі механизмі бар екенін Е. И. Исенина атап көрсетеді: ажырату және тану механизмдері, Ажырату барысында мынадай процестер болады:

1.Есте бейнесі қалыптаспаған объектіні қабылдағанда, адам оның бейнелері қалыптасқан объектілерденөзгеше екенін ұғынады. Мысалы, таныс емес сөзді естігенде, оның өзіміз білетін сөздерден өзгеше екенін аңғарамыз.

  1. Бұл объектінін даралау ерекшеліктері бейнелері есте қалыптасқан басқаобъектілерменсалыстыруарқылы немесе сол белгілерді тану арқылы аңықталады. Мысалы, (d)дыбысытанысболмаса,оныөзімізгетаныс(t) дыбысымен салыстыру арқылы (d) дыбысының даралау белгісін (ұяңдығын) анықтаймыз. Ал ағылшын тілінің фонемалары бізге таныс болып, неміс тілінің fаһrеn деген сөзі таныс болмаса, оның даралау белгілерін — фонемаларын танимыз.
  2. 3. Даралау белгілернің өзара қарым-қатынасы аныкталады. Мысалы, бір сөздің бейнесін қалыптастыру үшін оның барлық даралау белгілерін анықтаумен қатар, сол белгілерінің тіркесу ретін де анықтау керек.

Тану процесі объектінің есте қалыптасқан бейнесіне сүйенеді, Жалпы алғанда ауызша сөзді қабылдау барысында тану акустикалық белгілерді талдау-жинақтау тәсілімен өңдеуге, анықталған белгілерді есте сақтаулы тұрғанбейнеменсалыстыруғажәнеоларғамән беруге саяды.

Қабылдаубірлігіжекесөздерментікелейбайланысты. Ал жеке сөздерді қабылдау үшін оқушылардын санасындафонематикалық есітуқабілетінқалыптастыру керек.Фонематикалык,есітуқабілетідегеніміз — сөздегі дыбыстарды ажырату және оларды тиісті фонемалармен ұштастыру. Ал қабылдау бірлігіндегі фразаны оған кіретін сөздерді талдап, сосын оларды жинақтау арқылы емес,информативтікбелгілердітануарқылы түсінеміз. Фразанытүсінуүшінеңбастыинформативтікбелгі интонация. Сондықтан оқушылардың санасында фонематикалық есіту қабілетімен қатар интонациялық есіту қабілетін де қалыптастыру керек. Интонациялық есіту қабілеті сөйлемдердің коммуникативтік типтерін (хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлем)ажыратуға, фраза бөлшектерініңбайланысынанықтауға,сөйтіпоныңмазмұнын түсінуге көмектеседі.

Тыңдап-түсіну қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік еске байланысты. Қысқа мерзімдік ес келіп түскен хабарды қабылдаудың барлық сатыларында сақтап, оны ұзақ мерзімдік еске жөнелтеді.

Ұзақ мерзімдік ес сөздердің, сөз тіркестерінің синтаксистік құрылымдардың есіту артикуляторлық бейнелердің және олардың бір-бірімен тіркесу ережелері мен схемаларын сақтайды. Соның нәтижесінде сөйлемнің фразалық құрылымы мен коммуникативтік типін ажыратуға мүмкіндік. туады.

Тыңдап-түсіну сөз әрекетінің басқа түрлерімен тығыз байланысты. Тыңдап-түсіну де, сөйлеу де сөз әрекетінің ауызекі түріне жатады. Ауызша сөзді қабылдай отырып, тыңдаушы моторлы анализатордьң көмегімен дыбыстық бейнелерді артикуляциялық бейнелерге айналдырады. Сөйтіп, моторлы (сөз қозғау) анализатор мен есту анализаторы арасында берік функционалдық байланыс пайда болады. Осыған орай, тыңдап-түсіну ішкі сөзбен де тығыз байланысты. Дыбыстық бейнелерді артикуляциялық бейнелерге айналдыру арқылы тыңдаушы естігенін ішкі сөзде қайталап отырады. Соның нәтижесінде ол естігенін түсінеді. Демек тыңдағанды түсіну үшін ішкі сөздің маңызы зор.

Тыңдап-түсіну процесіне көру анализаторы да қатысады. Жалпы көру анализаторы сыртқы дүние туралы хабар алуда барлық басқа анализаторлардан артық. Тыңдап-түсіну барысында көру анализаторы тыңдаған сөздің мағынасын түсінуге көп жеңілдік тудырады. Сөйлеу органдары, қимыл-қозғалыс сияқты көру белгілері тыңдауды, естігенін ішкі сөзде қайталауды жеңілдетеді. Демек сөйлеушінің сөйлеу органдарының қозғалысын әр түрлі қимылдары мен ымын бақылау тыңдаушыға естігенін түсінуді жеңілдетеді.

Естігенін түсінуді жеңілдетуде көру анализаторының тағы бір көмегі мынада: егер тыңдаушы тыңдап отырған мәтінінің (текстің) жазбаша нұсқасын көріп отырса, онда ол естігенін әлдеқайда жеңіл түсінеді. Бұдан тыңдап-түсінудің оқумен тығыз байланысы көрінеді. Оның үстіне тыңдап-түсіну мен оқу сөз әрекетінің импрессивтік түріне жатады. Яғни екеуі де сөзді қабылдап, оны түсіну болып табылады. Тек тыңдап-түсінуде ауызша айтылған сезді қабылдап, түсіну керек болса, оқуда жазбаша сөзді қабыл-дап, түсіну керек. Сонымен тыңдап-түсіну сөйлеумен де, оқумен де, жазумен де байланысты.

Сөзді тыңдап-түсінудегі қиындықтар

Тыңдап-түсінугеүйретубарысындаоқушылар көптеген қиындықтарға кездеседі. Тыңдап-түсінуге ‰йретуді дұрыс ұйымдастыру үшін мұғалім бұл қиындықтарды және оларды жеңу жолдорын жақсы білуге тиіс.

Тыңдап-түсіну дағдыларын қалыптастыруда кездесетін қиындықтар негізінен екі топқа бөлінеді: а) қай тілде болмасын тыңдап-түсінуге үйретуде кездесетін жалпыға бірдей ортақ қиындықтар; ә) тек белгілі бір тілде тыңдап үйренуде кездесетін, арнайы қиындықтар. Ағылшын тілінде айтылған ауызша сөзді тыңдап-түсінуге үйрету үшін жалпыға бірдей, ортақ қиындықтарды жане қазақ оқушылары ағылшын тілінде тыңдап үйрену барысында кездесетін қиыңдықтарды білу керек.

Төменде аталатын қиындықтар кез келген тілде тыңдап-түсінуге үйрену барысьнда кездеседі.Олар қазақ оқушылары аѓылшын тілінде айтылған ауызша сөзді тьңдап-түсінуге үйренгенде де кездеседі. Бұл қиындықтар тобына мыналар жатады:

  1. Белгілі біройды, мазмұндыайтыпжеткізуүшін сөйлеушініңқолданғантілматериалыменоқушылар меңгерген тіл материалының арасьшдағы алшақтық. Тіл материалын таңдауда, оны қолдануда сөйлеуші оқушының меңгергентілматериалынескермейді. Ол өзіайтып жеткізгісі келген мазмұнды неғұрлым жан-жақты ашатын тіл материалын қолданады. Сондықтан сөйлеуші қолданған кейбір лексикалық және грамматикалық материал оқушыға таныс емес болуы мүмкін. Тыңдап отырған мәтінде кездескен таныс емес сездер, оқылмаған грамматикалық құбылыстар оқушыға тыңдаған мәтінінің мазмұнын түсінуді қиындатады. Бұлқиындықтыжеңудіңжолы — оқушылардьң пассивтік және потенциалдық сөздік қорын байыту. Бұл жолда мынаны естен шығармаған жөн. Мәтінде таныс емес сөздер шамадан тыс көпдеген жалған әсер жиі кездесіп отырады. Оған себеп — жеке айтылғанда тьњдаушы сөздерді оп-оңай танығанмен, дәл сол сөздерді тұтас сөз құрамында кездестіргенде, сол тыњдаушытани алмай қалады. Сондықтан таныс сөздердің өзі таныс емес сөз болып көрінеді де, оқушыға тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінуді қиындатады. Қиындықты жеңу үшін оқушылырдың пассивтікжәнепотенциалдық сөздікқорын байытумен қатар мәтінде кездесетін таныс емес сөздердің мағынасынболжауғаұсақтекстерде өткенлексиканы тануғадағдыландыратынжаттығулардыорындауқажет, сондықтаноќушылардыкейбіртанысемессөздерібар мәтіннің мазмұнын түсінуге де дағдыландыру керек.
  2. 2. Әр адамның дыбыстарды айту ерекшеліктері мен интонациялық ерекшеліктері болуы заңды құбылыс. Олай болса, аѓылшын тілі мұғалімінін де өз ерекшеліктері мен интонациясы бар. Оқушылар мұғалімнің сөйлеу ерекшеліктеріне әбден дағдыланып алады да, басқа адам айтқан сөзді түсінбеуі мүмкін. Осыған байланысты шетел тілі м±ғалімдері мен єдіскерлері ,мынадай сұрақ қояды: неге жеті жыл бойы шетел тілін оқыған оқушы мұғалімнің қойған сұрақтарын тусінеді де, дәл сол сұрақтарды шетелдік адам қойса, түсінбейді? Бұл жерде сөйлеушінің дауыс ерекшеліктері де түсінуге ықпал етеді. Мысалы, ер адамның жұмсақ қоңыр даусын тусіну жеңілірек те, әйел адамның дауысы, әсіресе жіңішке, ащы дауысты түсіну қиындық келтіреді. Бұл қиындықты жеңудің жолы — сабақта техникалық құралдарды, әсіресе магнитофонды жиі қолдану. Магнитофонға ер адамның да, әйел адамның да, баланың да сөзін жазып алып, оны оқушыларға тыңдату керек. Сонда әр түрлі тембрлі дауыстарды тыңдап, дағдыланған оқушы өз м±ғалімінен басқа сөйлеушілердің де сөзін тыңдап-түсіне алады.
  3. Әдетте мұғалім сабақта аѓылшынша сөйлегенде, өте баяу ырғақпен сөйлейді. Мұндағы мақсат — мұғалімнің аѓылшынша айтқанын барлық оқушылар түсінсін дегендік, баяу сөйлесе, оқушьшың түсінуіне жеңіл болады деп ойлағандық. Оқушылар осындай баяу сөзге дағдыланады да, одан тезірек сөйлегенде, түсінбей қалады. Оқушылар үшін мұндай жағдайда қалыпты ырғақпен айтылған сөз тым тез көрінеді де, ілесе алмай қалады. Соның салдарынан олар қалыпты ырғақпен айтылған сөзді түсіне алмайды.
  4. Мұғалім сабақта аѓылшынша сөйлегенде, тағы мынадай бір қателік жасайды. Айтқанымды оқушылар түгел түсінсін деген мақсатпен ол аѓылшынша бір айтқанын бірнеше рет қайталапайтады(әдетте3-4рет).Осығанәбден дағдыланып алған оқушылар мұғалім сөйлей бастағанда ауелде оныңсөзіне,мүлдем құлақ аспайды. Айтќанын екінші,үшінші рет қайталауын күтіп отырады. Шынайы коммуникацияда сөйлеушіайтқанынқайталамайды,тек бір-ақ рет айтады. Қайталап тыңдауға дағдыланған оқушылар алғашқыда айтылған сөзді тыңдамай, оны естімей қалады да, түсінбейді. Мұндай жағдай оқушылардың тыңдап-түсінуіне үлкен қиындық келтіреді.

Осықиындыққабайланыстышетелтілі мұғалімдер мен єдіскерлеріоқушыларғамазмұнындұрыстүсіну үшін мәтінді неше рет тыңдату керек деген мәселені қойып, соны шешуге күш жұмсап жүр. Бұл салада єдіскерлер мынандай қорытындыға келді. Тыңдаған мәтінінің мазмұнын түсіну үшін оны оқушыларға бір-ақ рет тыңдату керек. Ал сол түсінген мазмұндықайталап айтып берукерек болған жағдайда оны екінші рет тыңдатуға болады. Олай болса, аѓылшын тілін оқыта бастағаннан ақ мұғалім өз сөзін қайталамауға тырысуы тиіс, сөйтіп оқушыларды бір айт-қаннан тусінуге дағдыландыру керек.

  1. 5. Жалпыға ортақ келесі қиындық мынада: егер тыңдаушы сөйлеушінің бет-әлпетін көріп, оңың сөйлеу органдарының қимыл-қозғалысын байқап отырса, онда ол өзі тыңдап отырған сөзді жеңіл түсінеді. Мысалы, үлкен аудиторияда соңғы қатарда отырған адам баяндаманы нашар түсінуінің себебі оның нашар естуіне байланысты емес, онын баяндамашыны нашар көруіне байланысты.

Нағыз коммуникация барысында тыњдаушы сөйлеушіні көре алмайтын жағдайлар кездесуі ғажап емес. Мысалы, сөйлеуші көрші бөлмеде болуы мүмкін. Сондай-ақ телефонмен сейлескенде де тыңдаушы сөйлеушіні көре алмайды. Радиохабарларды тыңдағанда да дикторды көріп, оның бет-әлпетін, сөйлеу органдарының қимыл-қозғалысын бақылау мүмкін емес. Бұл жағдайлар тыңдап отырған сөзді түсінуді ауырлатып, көп қиындықтар келтіреді.

Аталған қиындықты жеңу үшін мұғалім сабақта магнитофонды жиі қолдануға тиіс. Магнитофонға жазылған мәтіндердітыңдауғадағдыланунәтижесіидеоқушылар сөйлеушінікөрмей, оның сөзін тусінуте үйренеді.

Сондықтан аудитивтік іскерліктермендағдылардыдамытуда магнитофонның қызметі ерекше.

  1. Жалпыға ортақ қиындықтардың келесі түрі аудитивтік мәтіннің ұзақтығына байланысты. Ұзақ уакыт тек басқа адамның сөзін тындағанда, тыңдаушы шаршап, жалығады, сондықтан тыңдағанын түсіне алмайды. Сөйтіп, методикада аудитивтік мәтіннің ұзақтығы, оның көлемі қандай болу керектігін анықтап алу қажеттігі туады. Оқушылардың алғашқы сатыда тез шаршайтынын ескере отырып, 1,5—2 минут ұзақтық дұрыс деуге болады. Одан артық болса, оқушылар шаршайды да, тыңдай алмайды, түсінбейді.

Тыңдап-түсінуге үйрететін жаттығулар

Тіл мамандары тыңдап-түсінуге үйретуде екі кезеңді ажыратуды ұсынады: дайындық кезеңі және негізгі кезең . Осыған байланысты тыңдап-түсінуге үйрететін жаттығулар жүйесі екі топтан тұрады: тіл жаттығулары және сөз жаттығулары. Мұндай жаттығуларда ауызша сөздің екі түрі –– тыңдап-түсіну мен сөйлеудің тығыз байланыстылығы ескерілуге тиіс.

Тіл жаттығуларының мақсаты – мәтінді тыңдаудың алдында лингвистикалық және психологиялық қиындықтарды алдын ала жою. Сонда ғана оқушылар тыңдау барысында назарын мәтіннің мазмұнына аударады.

Тіл жаттығуларын орындау нәтижесінде мынатөмендегі іскерліктер қалыптастырылады:

а) тыңдап отырған хабардағы таныс емес құбылыстарды анықтау, оларды бір-бірінен ажырату және түсіну іскерлігі;

ә) дыбыстық бейнелерді мағынамен ұштастыру іскерлігі;

б) сөз жасау тәсілдеріне сүйене отырып, таныс емес сөздің мағынасын анықтау іскерлігі;

в) түрлі лексикалық единицалар мен грамматикалық құрылымдардың контекстегі мағыналарын анықтау іскерлігі;

г)синоним, антоним құбылыстарын танып, олардың мағыналарын ашу іскерлігі.

Айтылған іскерліктерді дамытумен қатар тіл жаттығуларын орындау нәтижесінде оқушылардың есту қабілеті мен қысқа мерзімдік есі дамытылады.

Осы аталған іскерліктер мен қабілеттерді дамыту. оларды жетілдіру үшін мынадай тіл жаттығуларын орындаған жөн:

  1. Есту қабілетін жетілдіруге арналған тіл жаттығулары:

а)бірнеше жұп сөздерді тыңдап, оларды қайталаңдар:

ә) берілген интонацияны сақтай отырып, синтагмалар мен фразаларды қайталаңдар:

б)берілген қос сөйлемдерді тыңдаңдар. Егер ол сөйлемдер бірдей болса, графикалық кілтте ( + ) таңбасын қойыңдар, ал егер сөйлемдер әр түрлі болса, онда (—) таңбасын қойыңдар.

  1. Алдын-ала болжаулау қабілетін жетілдіру үшін мынадай тіл жаттығуларын орындаған жен.

а)бірқатар сын есімдерді (етістіктерді) тындандар да, олармен жиі тіркесетін зат есімдерді атаңдар;

ә) өздеріңе таныс элементтерден құралған сөздерді тындап, оларды қазак тідіне аударыңдар;

б)бірқатар свз штамптарын тыңдап, олардын қандай жағдайда қолданылатын неміс тілінде немесе қазақ тілінде атаңдар:

в) мұғалім айтып тұрған мәтінді тыңдаңдар, сол мәтіннің жазбаша нұсқасындағы қалып койған сөздерді толықтырыңдар.

  1. Оқушылардың қысқа мерзімдікесінжетілдіруге арналған тіл жаттығулары:

а)бір топ жекелеген сөздерді тыңдап, солардың ішінде белгілі бір тақырыпқа байланысты сөздерді қайталап айтыңдар;

ә)екі-үшқысқафразалардытыңдап,олардыбір сөйлем етіп біріктіріңдер;

б)он немесе одан да көп сөздерден тұратын(яғни ұзақтығы қысқа мерзімдік ескөлеміненартық)фразалардытыңдап,олардыдиктордан(мұғалімкен)кейін қайталап айтыңдар;

в) фразаны тыңдаңдар да, оған мағына жағынан байланысты тағы бір фраза қосыңдар т. б.

  1. Сөз жасау және контекстік болжауды жетілдіруге арналған тіл жаттығулары:

а) темендегі етістіктерді тыңдаңдар да, олардан -ег жұрнағын жалғау арқылы зат есімдер жасаңдар;

ә) өздеріңе таныс элементтерден жасалған туынды.және біріккен сөздерді тыңдаңдар, оларды қазақ тіліне аударыңдар немесе сөйлемде қалайқолданылатынын түсіндіріңдер;

б) контекст жане дыбыстық формасына сүйеніп, интернационалдық сөздердің мағынасын анықтаңдар;

в) графикалық кілттен таяныш сөздерді қарап шығып, тьңдауға арналған мәтінқандай тақырыпқаарналғанын анықтаңдар,сосынмәтінніңүзіндісінтыңдап,өздеріңді тексеріңдер.

  1. Сөздердің мағынасынанықтауға арналған жаттығулар:

а) сөйлемдерді тындап, олардың ішінде іс-әрекет иесін (қимыл атауын) анықтаңдар;

ә) сөйлемде ана тілінде аталған сөзге мағынасы сәйкес келетін сөзді табыңдар т. б.

Осындай тіл жаттығуларын орындау арқылы лингвистикалық және психологиялык қиындыќтарды жойған соң сөз жаттығуларын орындауға көшуге болады. Сөз жаттығулары дегеніміз тіл арќылы ќарым-қатынас жасаудың шынайы шарттарьша жақын жағдайда қабылданадын ауызшамәтіндер.Мұндаймәтіндербелгіліталаптарға сай болуы керек.

1) тыңдауға арналган мәтіннің мазмұнының тәрбиелік мәніболуғатиісжәнеоның мазмұныоқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі керек;

2)мәтіннің мазмұнында тыңдаушылар үшін қызықты мәселе болуы керек;

3)мәтіннің берік логикасы болуы шарт және ол жаттықтырушы тілмен баяндалуға тиіс;

4)мәтіндеауызшасөздіңәртүріболғаныжөн диалог, монолог, сондай-ақ диалог-монолог аралас келген жөн;

5)мәтін бірінші жақта баяндалмағаны жөн;

6)тыңдап-түсінуге арналған мәтіндердің көлемі төменгі кластарда 1 —1,5 минут, ортаңғы кластарда 2—2,5 минут, жоғарғы кластарда 3—4 минуттен аспауы керек.

Сөз жаттығулары ауызша сөзді қабылдап, оны түсіну қабілетін дамытады, оларды жетілдіреді. Бұл жаттығуларды орындау нәтижесінде оқушылар мынадай іскерліктерді меңгереді:

а) хабардың ақпаратқа ең қанық жерлерінанықтау;
ә) мәтін деңгейінде болжалдау арқылы кейбір тусініксіз жерлерді толык түсіну қабілеті;

б) мәтінді коммуникация жағдайымен ұштастыра білу;

в) тыңдауға арналған мәтіннің мағыналық бөлшектерін анықтау, олардың әрқайсысының негізгі ойын анықтау іскерлігі.

Ауызша сөздің, соның ішінде сөйлеудің екі түрі бар: монолог түрінде сөйлеу және диалог түрінде сөйлеу. Оқушылар ауызша сөздің осы екі түрін де тыңдап-түсінуге тиіс. Сондықтан тыңдап-түсінуге үйрететін сөз жаттығу-ларының екі түрін ажыратқан жөн: диалогты тыңдап-түсінуге үйрететін сөз жаттығулары және монологты тыңдап-түсінуге үйрететін сөз жаттығулары.

  1. Диалогты тыңдап-түсінугеүйрететінжаттығулар мыналар:

а)диалогты тыңдаңдар. соғанұқсассолтақырыпқа диалог құрыңдар;

ә) диалогтыңбасынтыңдап,әріптестердіңбірінің соңғы репликасын кеңейтіп, толықтырыңдар;

б)магнитофонга жазылғандиалогтытыңдап,кейіпкерлердің әңгімесін қайталап айтып беріңдер;

в)күйтабаққа жазылған диалогты тыңдаңдар да, онын
мазмұнынмонологтүріндеайтыпберіңдер(кейіпкерлердің біріне мінездеме беріңдер, диалогка тақырып табыңдар да, оны түсіндіріңдер) т.б.

  1. Монологқа немесе полилогқа қатынасы арқылы диалогты тыңдап-түсінуге үйрететін жаттығулар: а) таспағажазылғансұрақтардытыңдаңдарда, үзілістесолсұрақтарғаболымды(болымсыз)түрде жауап беріңдер:

ә) диалогтыңбасынтыңдаңдар, оны жалғастырып оқушылардың бірімен әңгімелесіңдер;

б)диалогты тыңдаңдар, оны кеңейтіңдер;

в)диалогты тыңдаңдар, сөз болып отырған мәселеге байланысты өз пікірлеріңді, айтыңдар,

  1. Монологты тыңдап-түсінуге үйрететін сөз жаттығулары:

а)мәтінді тыңдап, төмендегі екі сұраққа толық жауап беріңдер;

ә) тыңдағанмәтінніңаяқжағьн(басын,ортасын) сәл өзгертіп, мазмұнын айтып беріңдер;

б)фильмді (диафильмді) көріп, оның негізгі идеясын түсіндіріңдер;

в)тыңдағанхабардымағыналықүзінділергебөліп,

оларға тақырып қойыңдар;

г)мәтінді тыңдап, оған төмендегі жоспарды қолдану арқылы рецензия құрастырыңдар:1) хабардың тақырыбы;2) оның кейіпкерлері; 3) қысқаша мазмұны; 4) негізгі идеясы; 5) тыңдаған хабарға баға.

Міне,осындайжаттығулардыорындаунәтижесінде оќушылардың тыңдап-түсіну қабілетін дамытып, оны одан әрі жетілдіруге болады.

Мәтіндердітыңдаудағыоқушылардыңбіріншіжәне басты міндеті — сол мәтіннің мазмұнын түсіну. Оқушылар мәтінніңмазмұнынқалай,қаншалықтытүсінгенін мұғалім тексеріп отыруға тиіс.