Педагогикалық әдеп және кіші жастағы оқушылардың этикетін қалыптастырудың әдістері

Әдеп әрқашан басқа адамдарға, шәкірттерге, ата-аналарға, әріптестеріне қанағатшылық сезім, сенім ұстамдылықпен сыпайылық көрсетіп, өмірдің ережелерін әдептілікпен сақтау. Ол үшін кіші жастан оқушылардың этикетін қалыптастыру қажет.

Кіші жастағы оқушылардың этикетін қалыптастырудың оқу үрдісінде алған білімдерін ақиқаттығының процесі ретінде де, оқушыларды белсенді шығармашылық еңбекке даярлаудың құрамы ретінде де көрінеді, әдептілікке үйретеді.

Кіші жастағы оқушының оқу үрдісінде талдау тұжырымдарды өмірде тексеру барысында оқушылар этикетін дамыту үлкен орны алады.

Кіші жастағы оқушыларды жаңа сабақтың оқу материалдарын үйренуде білім қорын қолдану, тереңдету арқылы қарым — қатынас әдебін нығайту, этикетті шыңдау қажет болады.

Әдеп және кіші жастағы оқушылардың этикетін сапаландыру оқыту, тәрбиелеу әдістемелері, ұстанымдарын орындау арқылы жүзеге асырылады. Кіші жастағы оқушылардың бойында этикетті сақтау, орындауды білімберу мен дағдыларды қалыптастырудың негізгі құралы қайталау мен жаттығулар болуға тиіс.

Әдеп және кіші жастағы оқушылардың этикетін қалыптастырудың әдістерге қойылатын талаптары:

1.Оқу сабақтарын уақытылы оқыту, әсіресе кіші жастағы оқушылар үшін сабаққа, пәнге қатысты оқу материалдарын, дидактикалық жабдықтар, типтік бағдарлама, оқу ғылыми — әдістемелік ұсыныстар, үлгі, оның тәжірибе талаптарын толық пайдалану.

2.Оқу үрдісінде әрбір оқушыға лайықты тапсырмалар беру, жаттығулар жасау, жақсы оқитын, тапсырманы орындайтын шәкірттерге күрделі, үлгермегендеріне жеңілдеу тапсырмаларды алдын — ала жоспарлау арқылы әдепті, тәртіпті арттырамыз.

3.Кіші жастағы балаларға мүлдем тіл тигізуге, қол жұмсауға, қорқытуға әсте болмайды. Ең дұрысы жеке тапсырма беруің қажет болса көмектесіңіз, дұрыс бағыттауға бұрыңыз. Бұл жақсы шәкіртке ұнайды, сізге бала үйренеді, әдетте нәтижелі болады, этикет артады.

  1. Әсіресе кіші жастағы оқушылардың болымсыз тәртіп бұзған қиялына көңіл аудара бермеңіз. Ұстаз ұстамды, байсалды болса ғана ескертулері азаяды, мәселе оқушыны оқу іс-әрекетіне қалыптастыру, бәрінің шамасына қатысты топтама даярлау, шәкірттердің әр сөзіне мән беріп, жауапсыз қалдырмау.

5.Сыныпта тәртіпорнатуға басқа адамдарданкөмек сұрау дәрменсіздік, басқа біреудің көмектесуі пайда келтірмейді. Тәртіп бұзушыны сынып оқушыларының көмегімен тәртіпке келтіру, міне бұл этикет. Тәртіптің қалыптан шығуы іс — әрекеттің дұрыс болмауынан, әдептілік пен өзімшілікті сақтамаудан, сабақтың тиімділігінің төмендеуінен.

6.Бүкіл сыныппен немесе олардың басым көпшілігінен айтыс-тартысқа түспеңіз, егер ондай жағдай бола қалса, оны ұзаққа созбай келісімге келу қажет. Әдептілік дегеніміз сыныпқа білім беру, тәрбие жұмысын жүргізу, жұмысты ғылыми ұйымдастыру, әдеп пен этикаға жол беру.

7.Мына қағиданы есте сақтаңыз: кінәлағаннан гөрі мақтауға бейімтұрған жөн, мүмкіндігінше сабақ өту үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы, олай болса сабақ жасау, өтілуіде тиісті әдеп пен этикаға негіздер қаланады.

Әдеп пен кіші жастағы оқушылардың этикетін қалыптастыруға тәрбие сабақтарын өткізудің ықпалы мол. Тәрбие сабақтарына кіші жастағы оқушылар дайындалу барысында өздері қарым — қатынастар жасайды. Олар өз міндеттерін нақты орындауға, тәртіп пен дәрежелерді, заңдылықтарды қатаң сақтауға әрекеттенеді. Міне, мәселені дер кезінде орындау, мұқият тапсырманы жүзеге асыру сөзсіз әдептілікке тәрбиелейді, білім береді, қайталаулар этиканы сақтауға баулиды.

Әдеп пен этика өэара байланысты, бәрі мінез — құлықтың жақсы көріністері мен адамгершіліктің сан алуан үздік белгілері мен нормалары туралы ойлар, идеялар жиынтығы.

Этика сөзі «әдеп» деген мағына береді. Әдеп сақтау — қазақ халқының тарихи қалыптасқан қоғамдық санасының көрінісі, әлеуметтік тәртіптің, борыш пен міндеттің заңды айғағы. Қазақ халқының әдеп сақтау дәстүрі ешбір тапты, ұлтты, нәсіл мен жыныс айырмашылықтарын алаламайды. Әдеп сақтаудың әлеуметтік мәні зор. Әдеп сақтау-этикет, яғни мінез — құлық пен қарым – қатынастың, қалыптасқан сапалылықтың ережесі. Ол ереже бұзылса, халықтық дәстүр де бұзылады, ұлттық намысқа нұқсан келеді. Әдеп сақтаудың психологиялық әсері де мол. Әдептілік, имандылық, кішіпейілділік, көпшілдік деген сөз. Қазіргі таңда әр балаға жеке бағытталған тәсіл керек, бала-жеке тұлға, онымен әрқашан санасу керектігін айтуда. Ал біздің ата-бабамыз о бастан — ақ өз қалауынан адамгершілік мақсат -мүддеге сәйкес әдептілікті, әдеп сақтау жүйесін қалыптастырған. Баланың қателігін жұрт алдында жария етіп, масқараламай-ақ жекелеп, тұспалдап мысалдар арқылы дана түрде жеткізіп отырған.

Мектепте әдеп сақтау дәстүрі оқушылар ережесімен, тәрбиелік жұмыстармен байланыстырылады. Әдеп сабағы өткізіледі.

Қазіргі таңда қоғам да, қоғамдық көзқарастар да күннен күнге өзгеру үстінде, әрі бұқаралық ақпарат пен қарым — қатынас құралдарының жұмысындағы барлық шектеулердің алынып ақпарат тарату екендігіне кең жол ашылуы, балалардың сана сезімі мен рухына әсер етуде. Қазақ бола тұра, қазақ тілін ұмытып, ата — бабамыздың салт дәстүрі, әдет — ғұрпынан ажырап қалған, шетелдік компьютерлік ойындар мен қатыгездікке құрылған фильмдердің еркінде кеткен жастарымызды қайтсек дұрыс жолға саламыз? Бүгінгі таңның ойландыратын сұрақтарының бірі болып отыр. Ең алдымен таза жанды, иманды, арлы, намысты, ұлтын және ұлттық құндылықтарды сүйетін тұлға тәрбиелеуге ұмтылуымыз керек. Осы мақсатта біздің педогогикалық ұжымда жұмыстар жүргізіліп келеді. Әдеп — ол адамның өмірінің тәрбиелілігін, білімділігін, адамгершілігін көрсететін қажетті мәнді белгі.

Балаларды тек оқулықтармен ғана шектемей, ұлы ғұламалардың даналық сөздерін, мақал — мәтелдерді, ақын — жазушыларды, әртүрлі әлем жаңалықтарын таныстырып отыру керек деп ойлаймын. Кіші жастағы оқушылардың этикетін арттыру даму дәрежесінің сапалық көрсеткіші. Әл-Фарабидің өнегелі ұстаз және әділ билеушіге лайық деген 12 ізгі қасиеттері бар:

1.Олардың тілдері ерекше жетілген, түрлі іс — әрекеттерді нәтижелі орындауға бейім болуы;

2.Нені болса да жақсы түсініп, тез тұжырымға келе алатын болуы;

3.Өзінің түсініп — сезгенін, көрген — білгенін есіне жақсы сақтай алатын болуы;

4.Көреген ойлы талғампаз адам болуы;

5.Ойын анық, дәл жеткізіп, көркем сөйлеп шешен болуы;

6.Ілім — білім мен оқу — ғылымды жан — тәнімен сүйетін, ұңғыл -шұңғылы көп ой бейнетін ләззат санайтын болуы;

7.Қайда жүрсе де өте ұстамды болуы;

8.Өтірік — өсекті, мылжыңдықты жек көріп, керісінше шындықты, әділдікті бар ынтасымен сүйе білуі;

9.Өр кеуделі, жаны мен арын бірдей кіршіксіз ұстауы;

10.Мал — мүлікке, дүние жиһазға, мәнсіз ұсақ тіршілікке қызықпаулары;

11.Табиғатынан әділ, шынайы шыншыл болуы;

12.Басқаға дау, өзіне қиянат келтірерлік қыңыр — қиқар болмай өздерінше, әр кез байыпты шешімге келе алатын, батылдық қатар жүретін, қорқыныш пен үрейге жол бермейтін адам болуы [1,18-б.]..

Әдептанудың мақсаты, жас жеткіншектерге әдепті болу дегеніміз, қоғамның баға жетпес байлығына айналу, ол — адамды адам ретінде жасына қарамай сыйлау, бағалау, құрметтеу, әділдікке бас ию, парасаттылық.

Әдеп пен кіші жастағы оқушылардың этикетін қалыптастыру әдістемесінің негіздері:

1 Оқу материалдарын теориялық тұрғыдан терең білу, оны үнемі тұжырымдау;

2 Оқу үрдісінде іс — тәжірибелік, іскерлік, икемділік, дағдылылық, өзінің жете білуі, әдептілігі;

3 Оқу — әдістемелік біліктілігі, өзінің әдістері арқылы толықтыру, ең нәтижелерін пайдалануы;

4 Кіші жастағы оқушылардың болашағынан үміт болуы, адал, нәзік жандар- олар – балалар, пәк адамдар балалар екендігіне сай құрметте, тәрбиелеу, оқытуға жүрек жылуын беріңіз;

5 Жалпы әдеп, мейірімділік, ізгіліктілік, әділеттілік болашағынан үміті болу, жауапкершілікпен еңбек ету — ұлы мұратым мен мақсатым деп білу.

Өз өмірін адамзаттың ең маңызды ісіне-жас жүректерді тәрбиелеу ісіне арнаған әр адам педагогикалық шеберліктің ажырамас құрамдас бір бөлігі болып табылатын әдепті меңгеру аса қажет. Педагогикалық әдеп арқылы кіші жастағы оқушылардың этикетін қалыптастыру, асыл қасиеттерін тәрбиелеу болашағымыздың іргесі берік екендігіне сенімді ұялатады.

Кішіпейілділік, қарапайымдылықты адамның барлық іс-әрекетінен, қимыл — қозғалысынан, өзін ұстауынан, мінез құлқынан, тәртібінен, сөзінен, ең ақыры, киген киімінен де аңғаруға болады.

Кішіпейілділік өзге адамдарды сыйлаудан, олармен қарым-қатынас жасаудағы қарапайымдылықтан, басқалардан ерекшеленуге әрекеттенбеуден, өзінің қызметін дабырлап марапаттамаудан көрінеді. Ондай адамның сөзі ұстамды келеді, өзінің сезімін басқаларға білдіруге асықпайды, қарым — қатынасында тұрақтылық басым болып, аума төкпелікке жол бермейді. Бірақ мұның барлығы қандай жағдайда да өз пікірін ашық айтуға кедергі келтірмейді. Өйткені ол өзіне де, өзгеге де жоғары талап қояды, ол әдептіліктің нәтижесі. Бастауыш сыныптан сезу әдептіліктің негізгі мінез-құлықта болатындығын байқату тәрбиенің ықпалынан. Жас ұрпаққа біліммен тәрбие беру арқылы білімді, парасатты ояту әдепті болашағымызды дамыту, Отанын, елін, ұлтын сүйетін, ата-ананы қадірлейтін, кішіге ертең қамқор болатын, ұлттық намысы бар, ұлтжанды азамат тәрбиелеу.

«Жақсы адам болып қалыптасу үшін жаратылысынан гөрі жаттығудың рөлі зор» — деген ежелгі грек философы Демокрит тәрбие, үлгі өнеге әдептілікке жеткізгенді толықтыру мақсатын көздейді.» — деп Аристотель — әлемнің бірінші ұстазы, ойшыл даналығын білеміз[2,39-б.]. Адамшылық және әдеп адамның жоғары қасиеті белгілі деп халқымыз түйіндеме жасаған, сондықтан ұлттық салт-дәстүрді жастардың ойына сіңіруді жүйелі жүргізуді ұсынған. Адамгершілікті, парасаттылықты, саналы мінез құлықты балаларды әдептілікке тәрбиелеуді жасаған. Этиканы дамыту, моральды, ожданды ұғу, бағалау қалыптасуы берік қаланса, берік сонда, іргетасқа қалыпты тәрбие берілетін болса, әдептілік жоғары сатыға шығады.

Ұлы халқымыз:

«Әдепті бала — арлы бала

Әдепсіз бала сорлы бала» — деп орынды өмір тәжірибесінен біздерге, ұрпаққа арлы болуымызды үндейді. Сонымен бірге халқымыздың ұлылығы

-әдептілік ар-ұят, тұрпайы мінез — деген ойынан алып беруімізге негіздеме жасап, бағыт бергендігін көреміз.

Сонымен, педагогикалық әдеп- ол адамзаттың ең үлгілі, өнегелі істерді қабылдау, адамның жан дүниесі — оның ісі дейді. Сондықтан баланы негізінен әдептілікке үйрету, баулу — абыройлы іс. Олай болса кіші жастағы оқушылардың этикеті — ол оның өмірінің көрінісі, мінез құлқының іс-жүзінде жүзеге асырылуы. Мемлекетіміздің басшысы Н.Ә.Назарбаев: «Адамдарға ақыл-парасат өз өмірін жақсарту үшін берілген» — деп көрегенділікпенайтқан.Даналылықтыңбелгісі — түйіндеп айтқанда: әдепті болуға ақыл – парасат, ар-ұят қажет екендігін өмір тәжірибесі дәлелдейді[3 ,2-б.].

Резюме

В статье рассматриваются вопросы педагогической этики и этикета, указывается пути и некоторые способы и методы их формирования.

Summary

In clause the questions of pedagogical ethics are considered, it is underlined to ways both some manners and methods of their formation.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Назарбаев Н.Ә. «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына».- «Егемен Қазақстан», 2006 жыл, 27 мамыр
  2. Асылов Ұ., Нұсқабайұлы Ж. «Әдеп инабаттылық дәрістері», -Алматы: «Рауан»1993.
  3. Асылов Ұ., Нұсқабайұлы Ж. Әдептану,-Алматы: «Мектеп»2001.
  4. Бейсенбаев Ж. Ар өлшемі. –Алматы: «Жалын» 2007
  5. Табылдиев Ә.К. Тағылым. –Алматы: «Рауан» 1995
  6. Современный этикет /Соловьева Э.С.- Москва: «Санкт-Петербург» 2001
  7. Абдумаев М. «Баланың ақыл-ойы мен парасатын тәрбиелеу». –Алматы. 2000.