Экономикалық тәрбие оқушыларда экономикалық біілм мен іскерліктерін дамытуды, тәртіптілік, коллектившілдік, ықыластылық, іскерлік, құнттылық, үнемшілдік сияқты қасиеттерді қалыптастыруды, еңбекке творчестволық саналы қатынаста болуды, жұмысқа ыждағаттылықты, еңбек адамына құрметті тәрбиелеуді өз ішіне алады.
Сонымен, мектепте экономикалық тәрбие берудің мақсаты оқушылардың экономикалық ойлауын дамыту, экономикалық қызмет барысындағы адамгершілік және іскерлік қасиетерін қалаптастыру,
Міне осыған байланысты, мектептегі экономикалық білім мен тәрбиенің негізгі міндеттері мыналар:
- оқушыларды қоғамның экономикалық даму заңдарымен, үкіметтің саяси экономикасымен қаруландыру;
- ортақтасып басқаруға қажетті қасиеттерге- құнттылыққа, іскерлікке, ықыластыққа, тәртіптілікке т.б. дағдыландыру;
- оқушыларды қоғам мен коллектив проблемаларын өз проблемасы ретінде қарауға, еңбекте білгенімен шектеліп қалмай, әрі қарай ізденуге үйрету;
- экономикалық есеп пен талдау жасау дағдыларын үйрету, еңбекті ғылым негіздерімен байланыстыра білуге көмектесу.
Мектепте алғашқы экономикалық білім экономикалық пәндер арқылы беріледі. Оған математика, дүниетану, еңбек т.б. жатады.
Халқымыз, үкіметіміздің жастараға экономикалық тәрбие және білім беру ісіне зор көңіл аударуда. Қазіргі халық шаруашылығына өз еркімен еңбектенетін, өз еңбегінің мәніне түсінетін, мақсатқа сәйкес экономикалық шешім қабылдай алатын, эканомикалық біліммен қаруланған құнтты, ыждығатты, шаруақор жас мамандар керек.
Осы тұрғыдан қарастырсақ, оқу мектепте экономикалық тәрбие мәселелеріне байланысты теориялық және практикалық біліммен оқушыларды таныстыру қажет. Ол үшін мынадай көрсеткіштер еске алынады:
— қазіргі кездегі мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі міндеттері мен бағыттары:
— жас ерекшелігіне сәйкес оқушылардың экономикалық түсініктерді, ережелерді, заңдарды меңгеру деңгейі;
— жұмысты жоспарлау, материалдарды, құралдарды, жабдықтарды тиімді пайдалану, жұмыс орнын тәртіпке келтіру, уақытты бағалай білу, өзінің және жолдастарының жұмыс процесін, оның нәтижесін талдай білу және сапасын көтерудің мүмкіндігін табу, еңбек өнімділігін арттыру.
Мұның бәрі оқушылардың ұқыптылық, ұйымдастырушылық, іскерлік, тәртіптілік, жауапгершілік сияқты қасиеттерін қалыптастырады.
Жалпы орта білім беретін мектептер жағдайында оқушыларға экономикалық тәрбие мен білім беруді ұйымдастырудың негізгі формалары; сабақ, факультатив, саяхат, үйдегі оқу тапсырмасы, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек, т.б. Экономикалық тәрбиенің оқудан тыс қолданылатын формалары да бар. Олар: қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек, әр түрлі пәндер үйірмелері, пікірталастар, конференциялар, сұрақ – жауап кештері.
Бұл ұйымдастыру формалары, әдетте, оқу және тәрбие саласында жиі қолданылады. Бірақ әрбір бағытта жүргізілетін іс-әрекеттердің маңызы мен мақсатының өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, экономикалық тәрбиенің көздейтін мақсаты нақты экономикалық мәселелермен оқушыларды таныстыру, қанағаттандыру. Осыған сәйкес экономикалық тәрбиеге байланысты тақырыптарды іріктеп алу және оларды орынды пайдалану мұғалімнен сауаттылықты, білімдарлықты талап етеді.
Экономикалық тәрбие мен білімнің өзіне тән әдістері бар. Білімді бекіту, іскерлікті қалыптастыру үшін мынадай әдісті қолдануға болады.
1.Жаттықтыру. Бұл әр түрлі іс-әрекеттерін істей білуге машықтандыру, жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру, уақыт және өндіру номаларын анықтау, материалдарды, электроэнергияны, суды, газды үнемді пайдалану т.б.
2.Практикалық жұмыстар және эксперимент. Бұл әдістерді оқушылардың өндірістік бригадасында, оқу өндірістік кооперативте, үйелмендік мердігерлікте немесе үйелмендік сүт фермаларда, мектептерде шағын мал, құс фермаларында қолдануға болады. Практикалық және экспримент жұмыстарының мақсаты- оқушыларды өнімді бағалай білу, бизнес ақша мен пайда сияқты ұғымдарды өнірде қолдана білуге дағдыландыру.
- Экономикаға байланысты есептер шығару – еңбек ақыны, уақыт және өндіру нормаларын есептей білу, рентабельдік, пайда, өзіндік құн және басқа да экономикалық ұғымдар жайлы есептер шығаруға оқушыларды үйрету, жаттықтыру.
- Сандық материалдарды талдау әдісі – саяхат кездерінде жиналған мәліметтердің негізінде кестелер, диаграммалар жасау, қандай болса да экономикалық шаруалардың тиімділігін анықтау үшін цифрлы материалдарды талдау т.б.
- Ғылыми – техникалық, экономикалық әдебиеттермен жұмыс.
- Экономикалық сөздік жасау, рыноктық экономика терминдерін қазақ тіліне аудару. Сөздік пайдалана білуге оқушыларды үйрету, олардың сөздік қорын молайту.
Қазіргі кезеңде болып жатқан жаңа әлеуметтік – экономикалық, қоғамдық саяси өзгерістер жағдайында еліміздің әрбір азаматы, әсіресе жас түлектер өмірдің дамуынан қалыспай өзінің Отандық парызын еш уақытта естен шығармауы керек. Әрине, бұл өте жауапты жұмыс. Сондықтан нарықтық экономикаға байланысты оқушыларға тәрбие және білім беру ісін басқару,оны жетілдірудің жолдарын іздестіру және ұтымды қолдану мектеп педагогикалық ұжымдарының төл ісі.
Күнделікті тұрмыста бұқаралық ақпарат құралдары қолданылып, тілге сіңіп, үйреншікті болып кеткен сөздер мен сөз тіркестері термин ретінде ресми бекітілді. Осындай терминдер ғылымның әрбір саласында қолданысқа енуіне және тұрақты болуына баса назар аударылуда. Мәселен, эканомика саласына байланысты бастауыш мектептегі математика оқулықтарында мынадай терминдер кездеседі. Олар: ақша, баға, құн, сан, шығын және т. б.
Басты мәселе осы терминдер білдіретін ұғымдар жайында оқушылардың түсінігін қалыптастыру. Терминдердің қазіргі кездегі қолдану нормасын түсіну үшін, олардың әрқайсысының мағыналарына қысқаша анықтама беріледі. Терминге берілетін анықтама әрі қысқа, анық, тұжырымды, сонымен бірге сол мағынаны толық ашатындай дәрежеде берілуі қажет.
Осы ретте біз қазіргі күні бастауыш мектеп тәжрибесіне енгізілген жаңа буын математика оқулықтарына талдау жасай келе, онда жоғарыда айтылған терминдермен байланысты жаттығулардың қамтылғанын байқадық. Енді сол жаттығулардың кейбіреулерін көрсетіп өтейік.
Мысалы, 3- сыныптарға арналған математика оқулығында (авторлар: Т.Қ. Оспанов және т. б. Алматы. “Атамұра”, 1999 ж.) мына тәрізді жаттығулар берілген.
1) Ахмет бағасы бірдей 3 қарындаш сатып алды да, оған барлығы 6 теңге төледі. Бірақ әр қарындаш қанша тұрады?
Бір заттың бағасы | Заттың саны | Заттың құны |
? | 3 | 6 теңге |
2) Бір дәптер 5 теңге тұрса, 3 дәптер неше теңге тұрады? 4 дәптер ше?
Бір заттың бағасы | Заттың саны | Заттың құны |
5 теңге | 3 | ? |
5 теңге | 4 | ? |
3) 3 қалам 96 теңге тұрады. Осындай екі қалам қанша тұрады?
Бір заттың бағасы | Заттың саны | Заттың құны |
? | 3 | 96 теңге |
32 теңге | 2 | ? |
Сондай – ақ, 4- сыныптарға арналған математика оқулығындағы
(авторлары: Т. Қ. Оспанов және т. б. Алматы. “Атамұра”, 2000 ж.) жаттығуларға назар салайық.
- Тігінші дүкеннен бірдей бағамен 7 м ақ шыт және 3 м қызыл шыт сатып алады. Барлық матаға ол 1800 теңге төледі. Тігінші маталардың әр түріне қанша ақша төледі?
Бір заттың бағасы | Заттың саны | Заттың құны |
? | 7 | 1800 теңге |
? | 3 | ? |
2) 4 кг картоп 64 теңге тұрады. Осындай бағамен 40 кг картоп қанша тұрады?
Бір заттың бағасы | Заттың саны | Заттың құны |
? | 4 | 64 теңге |
16 теңге | 40 | ? |
3) Бағалары бірдей 6 қасық пен 12 шанышқы 540 теңге тұрады. Бір қасық қанша тұрады? Бір шанышқы ше? Барлық қасық неше теңге тұрады? Барлық шанышқы ше?
Бір заттың бағасы | Заттың саны | Заттың құны |
? | 6 | 540 теңге |
? | 12 | |
30 теңге | 6 | ? |
30 теңге | 12 | ? |
Экономикалық мазмұндағы жаттығуларды қарастыру арқылы оқушылардың экономикалық түсініктерін қалыптастыруға және осының негізінде оларды өмірге бейімдеп, экономикалық ой- өрісі жоғары, іскер азаматтарды тәрбиелеуге бет бұру қажет.
Математикалық жаттығулардың материалы ретінде математикалық тақырыптардағы есептерді пайдаланудың өзі-ақ тұлғаның бірқатар мінездері қалыптасуының педагогикалық міндеттерін орындауды міндетті түрде қамтамасыз етеді деп санау қалыптасқан (үнемшілік, есепқорлық, ұқыптылық және т. б.). Осыған байланысты “Экономикалық есептерді үйлесімді қоюлар немесе пайдалану көмегімен осы есептермен шұғылданудың тәрбиелік тиімділігін жоспарлаумен нақты басқару мүмкіндіктеріне қалай қол жеткізуге болады?”
Теоретикалық зерттеу мен оған жүргізілген тәжірибелік тексеру бізге осындай екі мүмкіндікті анықтауға жол ашты. Бірінші — оқушыларды танымдық бағалау әрекетіне тарту. Екіншісі – оқушылардың сезімдік көңіл – күйін өзектендіру. Осылардың әрқайсысының жан- жақты мінездемесіне тоқталамыз.
Математикалық есептің тәрбиелік тиімділігі тағы басқа оқытуды ұйымдастыру формасы немесе әдісі сияқты оқушыларды қандай мөлшерде танымдық әрекетіне қосыла алатындықтарына және оқылатын фактілер мен құбылыстарға, жеке дара қалыптасуына көмектесулеріне әрекет етеді.
Оқушыларды танымдық- бағалау әрекетіне тікелей қатыстыру мақсатында біз математикалық есептерді шығару үрдісінде келесі тәсілдерді пайдаланға болатынын анықтадық.
1.Сандық мәліметтер немесе олар бейнелейтін фактілер оқушының эмпирикалық деңгейіндегі сандық мәліметтермен және фактілермен салыстырылды және теңестірілді.
Оқушы үшін оңай және қолайлы фактілермен жұмыс істеу танымдық және бағалау тәжірибесінің баюына жол ашты, оқушыларды осы фактілерді жақын қабылдауға және терең игеруге міндеттей отырып, олардың ой- өрістері мен сезімдеріне әсер етеді.
- Есептермен жұмыс істеуге шығармашылық элементтерін енгізуге белсенді ойлау әрекеттерін ұйымдастыру жолымен оқушылардың назарын материалды фактілерге аудару.
3.Есептің сауалдары оқушылардың назарын қажетті құбылысқа шоғырландыратындай, қаралатын проблемаға қатынасы өз ойын айту қажеттілігін арттыратындай, ойына қортынды жасайтындай етіп қойылады.
Біз асханадан 1 теңгеге сатып алатын нан тілімнің салмағы 80 гр, егер сендердің әрқайсың күн сайын сондай тілімнің ¼- ін тастайтын болсаңдар , онда сендердің сыныптарыңдағы оқушылар бір жыл ішінде қанша нанды ысырапсыз жоғалтады? Сендер күн сайын пайдаланатын нан салмағының қанша пайызы қалдыққа кетеді?
Мұндай есепті шығару бағдарламалық материалды білумен бірге күнделікті тірлікте кездесетін біршама сандық деректерді (сыныптағы оқушылар саны, жылдағы күндер саны, тәулікте нақты желінетін нан) пайдалануды талап етеді. Ең бастысы сауалға жауап беру, есептерді шығару кезінде балалар барлық құндылықтардың өлшемі және аса маңызды азық- түлік ретінде нанға үнемділік қажеттілігін терең сезінеді. Мұндай есептердің негізгі педагогикалық құндылығы қарастырылып отырған проблемаға жеке көңіл- күйлік қатынастың жасалуына қолайлы жағдай тудырды. Бұл оқушылардың тұлғалығын қалыптастыруға нақты тәрбиелік әсер етеді. Оқытудың барлық кезеңінде осы тұрғыдағы есепті пайдалану мен математиканың оқу пәні ретінде оқушылардың бойындағы өз байлығын үнемді, саналы қарауға қажетті әдеттер мен адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына бағытталған жаңа мүмкіндіктер береді.
Әлеуметтік тәжірибе мен білімнің жетіспеушілігі салдарынан балалар барлық кезде өздері қатынасын жасайтын істердің маңыздылығын өз беттерінше бағалай алмайды. Сондықтан математика сабақтарында үнемшілдік тақырыптарындағы есептерді қарастыруда педагогикалық араласуды қажет етпей-ақ, өз “қызметін” орындауға қажетті көңіл- күй атмосферасын жасайды. Оқушының сезімдік жағдайын түрлі күштермен маңыздандыра алатын түрлі әдістер мен құралдар бар. Біздер жүргізген зерттеулер тиісті тақырыптардағы математикалық есептерді пайдалану оқушылардың іске қатысуларына нақты ынта тудыруына жол ашады. Олардың әрекеттеріндегі қоғамға маңызды себептерді қалыптастыратын оқушылардың көңіл – күйі жағдайын өзектендіретін тиімді құрал болып табылады. Осылайша, математикалық есептерді шығару барысында математиканы оқытудағы басты мақсаттарға қол жеткізіледі (математикалық білім беру, іс- жүзінде қолданылатын дағдылар мен ептіліктерді қалыптастыру, дүниетанымдық принціптің қалыптасуына өз үлестерін қостыру, оқушыларды ізгіліктің жоғарғы рухында тәрбиелеу).