Сабақ үстінде қолданатын сергіту сәттері

Оқушылардың оқуды өте жеңіл және мазмұнды қабылдаудың көптеген әдістері бар. Соның бірі тапсырманы орындаған кезде оқушыларды белсенді дем алуға үйрету.

Белсенді дем алыстың ең тиімді түрі: қысқаша дене жаттығуларын жасау.

Олар денешынықтыруда сергіту сәттері деп аталады.

Бұл жөнінде не білі керек. Ұзақ уақыт жұмыс істеп немесе жазу жазған жағдайда оқушы тез шаршау салдарынан жұмыс қабілеті төмендейді.

Сонымен қатар бұлшық ет шаршауы күшейеді, дене бітімі қисаяды, бас кеудеге түсіп, иық бүгіліп арқа бүкірейеді [1, б.2].

Ұзақ отырып жұмыс жасап, жазу жазып немесе ұйқыдан тұрғанда тұлға өзгерістері пайда болады, қан айналу қан айналу жұмысы нашарлайды, соның салдарынан ағзаның басқада қызметі төмендейді.

Баланың денсаулығы үлкен өзгерістерге тап болады.

Оны болдырмау – белсенді демалыс, ой жұмысын дене жаттығуларымен ұштастыру арқылы іске асырылады.

Сонымен қатар көптеген бұлшық ет топтарына (қол, аяқ, дене) тиімді жаттығулар іріктелініп алынады.

Олар қан айналымының қызметін, дем алуды жақсартады.

Олар қозғалыс белсенділігі, бойды сергіту, көзді дем алдыру арқылы жүзеге асады.

Дененің жетіліп, мүшенің дұрыс қалыптасуы үшін күнделікті жаттығуларды неден бастау керек.

Ұйқыдан оянғаннан кейінгі тіршіліктің алғашқы бастамасы – таңертеңгі бой жазу жаттығуларды орындау болып табылады. Бұл жаттығуларды қанша уақыт ішінде орындап шығуға болатының кесіп айту қиын. Бірі оны 20 – минутта орындалса, бірі одан аз не көп уақыт жұмсауы мүмкін [2, б.2].

Дегенмен, таңертеңгі жаттығуларға бөлінетін уақыт 15 – 20 минуттан аз болмағаны жөн.

Мүмкін болса, таңертеңгі бой жазу жаттығуларын далада, таза ауада өткізген абзал. Әр сабақтан кейінгі үзілісте оқушылардың аулаға шыққысы келеді. Оның себебі – дененің биологиялық қажеттіліктерін қамтамасыз ету болып табылады.

Сондықтан көздің қызметінің жұмысы төмендеуі мүмкін. Сол себептерді болдырмас үшін сабақ үстінде 1 – ден, 3 – минуттық уақытты бөліп сергіту жаттығуларын орындаған жөн [3, б.2].

Бұл — қысқа белсенді – сергіту сәттері деп аталады. Жаттығу әдетте керіліп – созылудан басталады, күрделілеу жаттығулар орындалады. Жаттығулар орындықта отырып, орындықтың жанында орташа немесе баяу екпінде орындалады. Ол пайдалы төзімді жүріс – сабақтың негізгі мазмұны болып табылатын қысқаша дене жаттығуларын ұсынамын.

Көзге арналған жаттығулар: Егер көздің шаршағаны байқалса онда бірнеше жаттығулар жасау түрлерін ұсынамын [4, б.2].

  1. Қас пен көздің арасын дөңгелете отырып бір қалыпты күйде массаж жасау қажет;
  2. Көзді жұмып 20 – секундтай отыру қажет;

Қысқаша дене жаттығуларының түрлері:

  1. Денені дұрыс жағдайда бір қалыпта ұстау;
  2. Қолды иыққа қойып аяқтың үшымен жүру;
  3. Қол екі жақта, денені оңға, солға бұру және артқа алдыға еңкейту;
  4. Қол екі жақта, денені оңға, солға бұру 5 – 6 рет қайталау;
  5. Қолды алға, артқа қою, отырып – тұру 5 – 6 рет қайталау. Босаңсу аяқты сілкілеу 5 – рет қайталау;
  6. Тік тұру, денені оңға, солға бұру 5 – 6 рет қайталау;
  7. Еркін тұру. Қолдың бұлшық етін сілку 1 – 20 секунд;
  8. Тік тұру 30 секунд;
  9. Аяқтың ұшымен тік тұру. Қол жанда, жоғары тарту, Б.Ж. келу 4 – 8 рет қайталау;
  10. Қолды алдыға, артқа айқастыра айналдыру 5 – 6 рет;
  11. Отырып тұру, 5 – 6 рет қайталау;
  12. Еңкею, саусақтың үшын еденге жеткізу, 5 – 6 рет қайталау;
  13. Жартылай отырып, бір аяқпен 2 – 4 секунд аралықта тұру;
  14. Тік тұру аяқты созу бүгіп отыру, велосипед тебу еркін [5, б.2].

Жаттығу қысқа және нақты болуы тиіс. Осы жаттығуларды сабақ үстінде жасатып біз тапсырмаларымызды төзімділікке, шыдамдылыққа сабаққа деген көз қарасын арттырамыз деген ойдамыз.

Резюме

Очень много способов, по которым ученики могут очень легко усваивают учебу. Один из способов, это учить учеников правильно дышать во время выполнения задании. Самый лучший способ правильно дышать: делать простые упражнения.Это в физкультуре называется физ минутка.

Summary

Go to read Students methods, increased that to accept very easy and maintenance. In that time, when first executed task, students actively tobreathe That to teach.Active breathing distant same advantageous kind: to do that a body exercise short.Moments of them bolstering up courage on денешынықтыруда named talk.

Пайдаланған әдебиеттер

1.Егорова И.М. / / «Денсаулық зор байлық» МН: ВЭВЭР, 2006. – 160 бет.

2.Кирилла И / / Энциклопедия жинағы және электрондық нұсқа.

3.Поляков В.А. / / Психология М: РНАУМПКЛ, 2006. – 327 бет.

4.Ұ.Ж. Мухаметжанов.,// Денешынықтыру және спорт 2006. – 78 бе