Қазақ қоғамының құқығы болып әдет тұрды, яғни, қожайындық ететінтаптың мүдделеріне сәйкес келетін заңи әдеттер дің жиынтығы. Әдет тұрақтылығымен сипатталып, бірнеше ғасырлар ағысында маңызды өзгермеді десек болады. Оның құқық ретіндегі ерекшелігі төмендегідей:
- Консерватизммен бейнеленеді.
- Қанды кек әдетін, барымта институтын заңдастыру, самосуд, т.б. қалдық қағидалардың көпшілігін сақтауы.
- Қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылық ажыратылмауы.
- Саяси қылмыс институты түсінігінің жоқтығы (мысал, отанға опа- сыздық, дезертирство, қолбасшылырға бағынбау түсініктері)
- Жерге меншік құқығы жоқтығы (жайлымдарға), қауым мүшелерінің теңдігі мен бірдей ақсүйектердің артықшылықтары да сақталып қалуы (султан, би, қажы болу).
- Жеке меншік құқығын бұзу мен басқару органдарына қарсы қыл- мыстар үшін салыстырмалы адамгершілікпен қарау.
Қазақ әдет құқығының бас қайнар көздері- бұл ғасырлар бойы аузша қалыптасқан әдеттер. Құқықтың осы нысаны қазақтың көшпелі өмірсүруіне, халқының айтарлықтай жаппай сауатсыздығына сәйкес келген болатын. Әдет құқығы қайшылықтарға өте бай болып, феодалдық жоғарығаөзінің мүддесіне сай нормаларды табуға мүмкіндік берген. Дегенмен, халық бірігіп феодалдарға қарсы талап қойған жағдайда, ескі әдетте олардың да мүдделерін қорғайтын нормалар табылатын болған.
Әдетті жуйелеу, ақсүйектердің мүдделерін сай келтіру әрекеттер бір неше рет жасалды. Олардан ең танымалысы Тәукеханның (1680-1718)Жеті Жарғы жинағы. Ол жазбаша түрде шығарылып, әр бір би- судья, сондай-ақ ру ақсақалдары мен басшылары білуге тиіс ауызша мақалдардан тұрған. Бұл жинақта ортағасырлық қазақ қоғамының феодалдық құқығының принциптері мен нормалары бекітілген еді. Оны енгізудің мақсаты болып феодалдардың таптық мүдделерін білдіру еді.
Меншік құқығы: Қазақтың заңи елестері бойынша феодализм кезіндегі негізгі өндіріс құралына – жерге -Х1Х ғасырға дейін жеке меншік құқығы түсінігі болмаған. Формалды – заң жағыннан – жайлымдар, әдет бойынша рулар мен қауымдардың жалпы меншігі болып есептелген. Ал шындықта оларды билейтін билер мен басқа да феодалдареді.
Қыстауларболса ХҮШ ғасырдан бастап–ақ феодалдардың жеке меншігіне өте бастады. Жайлымдар, су қоймалары, қоныс туралы даулар әдет нормаларыменатақтырақ адамдар пайдасына шешіліп отырған. Қалған өндіріс құралдарына жеке меншік бар еді. Меншік құқығында барлық заттар2 топқа бөлініп – мал мен мүлікке – үстемдік біріншісіне берілген. Бұнымен малөсірушінің шаруасындағы малдың жайы ерекше екендігі атап көрсетілген. Малға айрықша таңба басылған . Мал ұрлау ең қауіпті қылмыс болып есептелген. Жеке меншіктің негізгі объектісі де мал болған. Егіншілік аудандарда– Сырдария жағалауында, Жетісуда – егін жерлерге, сусыз аудандарда – байлар мен феодалдардың құдықтарғажеке меншік құқығы қалыптасқанеді.
Міндеттемелер мен рулық көмек әдеттері:
Айырбастаудың дерлі дамымағаны мен халықтың жаппай сауатсыз-дылығына, қозғалмайтын мұлік болмауына байланысты қазақ әдет құқығы бойынша шарттар тек ауызша түзілген . Ең жиі кездесетін шарттар айырбастау , қарыз (займ), мал несиесі болды.
Айырбастай қазақтармен ортаазиялық және орыс халықтарыдан өздеріне қажет балта, пышақ, қаруды алу үшін ең кең қолданылатыншарт нысаны болыпбазармен ауылдарда откізілген айырбас тұрды.Айырбастаудыңбірлігі (өлшемі) болып мал тұрган. Мал несиесішарты бір жыл мерзімінен аспайтын мерзімге малды қарызға беру еді.Берілген мал өсімі-мен қайтарылуы тиіс болған.
Отбасылық құқық:
Отбасыны бірнеше туысқан отбасылармен олардан тәуелді малшылардан, кедей туыстарыннан, құлдарынан құрылатын ауылдың бөлігі құрайтын болған. Қазақтың отбасысы шаруашылық жекелеген бөлімше болмай, туысқан отбасылармен байланысты болған. Туыстардың шеңбері 7-нші буынға дейн- гі туыстықпенбелгіленген . Отбасы басы әке, ер есептелінген, әйелдер мен қыздар, аналар да құқықтарында шектелген еді. Ер мен әке барлық мүлікке билік еткен (ру, отбасы, мүддесіне қайшы келмейтін жағдайда).
Неке әдет бойынша мүліктік шарттарға ұқсас нормалармен реттелген. Қыздарды ерге беру ата-анасының қолында болған, неке қалынмал төленгеннен кейін заңи деп есептелінген. Күйеу немесе келін өлсе неке шарты орындалудан босатылмаған : күйеу өлсе қыз оның аға-інісіне берілуі шарт еді, ал өлген қыз орнына оның сіңлісі немесе әпкесі берілуі шарт еді.
Қылмыстыққұқық : Х1Х ғасырдың басына дейін қазақтарда қылмыс түсінігі болмаған. Олар“жаман қылық” деп аталған. Басқа халықтың әдеттегілеріндей, қазақ әдетінде де қылмыс деп жәбірленушіге келтірілгенматериалды немесе моралды зия,н есептелген. Сондықтан, олардың құқықбұзушылықтардан айырмашылығы белгіленбеген еді. Қылмыс деп тек феодалдар ғана зиянды деп білген әрекет есептелген. Қазақстанның Ресейге қосылуы кезіне қалыптасқан жаза жуйесі төмендегілерден құралған еді: өлім жазасы; құн, айып салу; құлдыққа бері; мүлікті тәркілеу т.б.
Дінге қарсы қылмыстар әсіресе қатаң жазаланатын болған: алланың барына жария күмән білдірген адам тастармен ұрып өлтірілуге жатқан еді.
Қазақ хандығында сот билігін хандар, султандармен билер жүзеге асырып отырған. Хандар мен сұлтандареңмаңызды қылмыстықжәнеазаматтық істерді: руаралық және ауыларалық дауларды, жоғары “төре” және ақсүйектер өкілдерінің өлтірілуі туралы істерді қараған. Аса маңызды істерді хандардыңөздері билермен кеңесіп жария жағдайда шешкен. Адамды өлім жазасына тек хан-султантөрелігіндегі соттар ғана өкім ете алған.
Билер соты сот билігінің негізін қүраған. Судья –би болу үшін тек ру басшысы болу жетерлі емес еді. Одан басқа, ол қазақ әдетін жақсы білетін, объективті қарайтын адам болуы тиіс еді. Азаматтық және қылмыстық істерді қарайтын би қызметін көбінше сот істерін әділ шешуімен танымалы ру басшыларыатқаратын болған. Ол шығарған шешімін орындату үшін жетерлі билік пен беделге ие болуы тиіс еді. Сондықтан, би өзі ру басшысы, судья, жергілікті әкімшілік билік қызметтерін атқарған.
Билер сотының шешімі ауызша шығарылған. Би мен делдалдарға қойылған және қанағаттандырылған талаптың мөлшерінен оннан бір бөлігі шамасында ақы төленер еді. Сот қарауы ала жіпті бөлшектеумен аяқталатын: бұл дауды қайталаған адам осы жіптей бөлшектенеді мағынада, процестің аяқталуын, сондай-ақ іс шешімі өзгермеуін білдірген.
Билер соты шешімдерінің атқарылуы талап қоюшыға тікелеі жүктелгенімен, ол хандықтың бар күшімен қамтамасыз етілген. Шешім атқарылмауы үшін көпшілік пікірі жауапкердің өзін емес, бәлкім көбірек оның рубасшысын, туыстарын айыптаған. Дамыған мемлекеттік аппараты жүйесінің жоғынан сот шешімі көбінше айыптының өз еркіменорындалмаған. Сондықтан, ежелгі дәуірлерден қалған сот шешімін орындатудың тәсілі ретінде барымта институты пайда болды. Жауапты тарапсот өкімін орындаудан бас тартса, барымта айыптының немесе оның абыройлы туысының немесе ауылының малын айдап кетумен жүзеге асырылған. Малды айдап кету барымташының рубасшысы рұқсатымен, сондай-ақ қойылған талаптың мөлшеріне сәйкес болуы, ал айдап әкетілген мал талап қою қанағаттандырылығанынша сақталуы тиіс еді.