Үйсұн , қаңлы , ғұндардың әскери демократиясы:
Ежелгі Қазақстанның тарихында б.з.д. Ш ғ. – Ш ғасырға дейін қоныстаған үйсұн, қаңлы, сондай-ақб.з.д. П-1 ғасырларда Монголиядан Қазақстан ау- мағына бастырып кірген ғұндардың көшпелі тайпалары (түркі халықтардыңбастауы) өздерінің іздерін қалдырады. Оларда мемлекеттіліктің бастаулары байқалып тұрғанымен, қоғам ұйымдастырудың негізінде ру, тайпа, тайпалар одағы жатқан еді. Оларда ұйымдасқан әскери ұжым да ( әскери сияқты)жоқ еді. Әскери қүшінің негізін қаруланған халық құрайтын еді.
Қазақ, өзбек, түркпендержоғарыда айтылған үйсұн, қаңлыжәне басқа да түркі тайпалардың ұрпағы болады.
Қазақстан аумағындағы (У1 – УШ ғ.ғ. –дағы) батыс түркі қағанат:
Жайлымдарды жыл маусымдары бойынша дұрыс бөлудің біртұтас билік болмағаны, рулар мен тайпалар арасында тұрақты соғылысулар болуына, егіншілік халықпен дұрыс айырбастаудағықиыншылықтарғаәкеп соқты.
Сондықтан, тайпалардың тұрақты саяси одақтарға бірігуі жалпы халықтың мүддесіне қалай болса, артықшылығы бар әлеуметтік топтардың мүддесіне де солайсәйкес келді.Мұның нәтижесінде У1 ғасыр орталарында Түркі қағанат құрылды. Оның дамуы Байкал көлі мен Қара Теңіз арасындағы тайпалар, сондай-ақ Орта Азияның егіншілік аудандары қағанаттың құрамына қосылуына әкеп соғады. Мұншалық ірі бірлестік Орта Азиядағы көшпелі тайпалардың Қытай, Иран және Византиямен халықаралық экономикалық және мәдениеттік байланыстардың пайда болуына және дамуына әкеп соқты. Оның құрамына тек көшпелі малөсірушілер ғана емес, бәлкім Алтайдағы металл (темір), Жеті Судағы нан мен қолөнер өнімдерін шығаратын тайпалардакіреді. Олардың арасындағы айырбастау жеке меншіктің нығаюы, Орта Азия, Қытай, Жеті Су жерлерімен экономикалық,саяси жәнемәдени байланыстарының тұрақтылығын серттейді.
Халықтың басым бөлігін “ қара будун”дар құрайды. Жартылай тәу-елді “тат”тар, яғни, өзініңшаруашылығы жоқ адамдарда пайда бола бас- тайды. Олар байлардың – бектердің, тархандардың ) қолында қызметкер болады. Олардан басқа әскери тұтқындардан құлдар да бареді. Халықтанбөлініп тайпалық, рулық ақсуйектер шығады. Олардың ішінен сот қызметін орындайтын тархан, буруктар және көсемдер-бектер болып шықты. Қаған-ның нөкерлеріндей“оғландар” да ақсүйектерге жататын еді. Олар дербес әскери күштің негізін құрайтын еді.
Меншіктің қожайындық етуші нысаны болып малға отбасылық меншікеді. Отбасылар ұрыққа, ұрықтар тайпаларға бірлескен.Сол кезде ақсүйектермен қаралардың сословиелері пайда болады.
Қаған билігінің тіреуі болып әскери дружина (“оғландар”) тұратын еді. Олар қағанның жай халық үстіннен билігін өткізу құралы болып қалып-тасады.Жаулап алынған жерлерді басқаратын адамдар қаған мен тағайындалатын болып, оның туысқандарыннан тұрған (“ябғу”). Солай етіп,әскери дружиналардың (тұрақты негізде қызмет ететін),қызметтерішінеуніктердің қызметіндей болатын “ябғу” лауазымдар пайда болуы, қаға-нат аумағы “тудун”дармен(басқарушылармен) басқарылатын 6 округкебөлінуі, қағанатта мемлекеттіліктің нығаюы мен ру-тайпалық құрылыс ыдырауына әкеп соқты. Бұл ертефеодалдық мемлекет пайда болына негіз салды. Құқығында меншік, отбасылық, қылмыстық құқықтардың бастамалары қалыптасқан еді. Қағанат қөпсанды дара шаруашылық өмірін сүрген тайпалардан құрылуы оның ішкі және сыртқы әлсіздігін серттеді.
УШ ғасырдың басында, қағанаттың бір бөлігі шетелдік жаулап алушылардың қолына өткеннен кейін, басталған халық көтерілістердің нәтижесінде қағанат құлайды. Қазақстанның барлық аумағында билік жаңа- дан қалыптасқан тайпалық бірлестіктердің–тюргештер мен қарлұқтарақсүйектерінің қолына өтеді. Дегенмен, бұл кезеңде де отырықшы халық пен көшпелі тайпалар арасындағы экономикалық байланыстар нығаюімен сипатталады. Кәзіргі Қазақстанның оңтүстік аумақтарында егіншілік және қолөнер орталығы болған қалаларфеодалдық қатынастардың қалыптасуына негіз болады. Бұган жаңа ислам діні де өз үлесін қосады. Бұл дәуірдешаруашылық немесе мемлекеттік құрылыста айтарлық өзгерістерболмады.
УШ –Х1 ғасырларда Қазақстан аумағындағықимақ пен қыпшақ- тардың саяси одақтары:
Батыс түркі қағанат ыдырауыннан кейін түркі тайпалардың жаңа этносая-саттық одақтары пайда болады. Бұлардың бірі Ертіс өзеңі жағасында 7 тайпадан– қимақ, татар, қыпшақтарданқұрылған әскери–саяси одақ бо-лып қалыптасады. Бұл аумақта қала-бекіністер пайда болып, оларсауда мен қолөнердің, әкімшілік және экономикалық орталықтарына айналады. Қимақ мемлекеттілігінің ертефеодалдық нысаны солай қалыптасты. Елбасы 1Х –Х ғасырлар басында хақан (хан) деп атала бастады. Мемлекет 11 үлесті жерге бөлініп, әр бірі хақанмен тағайындалған (немесе онымен бекітілген) басқарушы басқарған. Бұл басшылардың негізгі қызметі болып әскери басшылық пен әкімшілік–сот қызметі тұрды.Олар салық есебінен тұрақты әскери бірліктерін ұстауы тиіс еді. Осы жолмен қалыптасқан қыпшақ одағының аумағы кеңейіп, Дешті- Қыпшақ жері деген атақ алды. Оларда егіншілікпен де, малшаруашылықпен де шұгылданатын халқы бар еді. Жер мен малға жеке меншік қалыптасты. Дегенмен, жайылымдар қоғамдық меншікте қалып,оларды бөлу, қарау құқығы тайпалық бектердің қолында болды.
Хан билігі атадан балаға мұра ретінде өтті.
Қараханидтердің феодалдық мемлекеті:
Х ғасыр орталарында Жетісу және Шығыс Түркістанда Қараханидтер мемлекеті пайда болады. Ол кәзіргі Қазақстанныңоңтүстік –шығысжәне оңтустік аудандарында орналасқан болып, халқы экстенсивті көшпелі және жартылай көшпелі малшаруашылығын жүргізді. Х1-ХП ғасырларда тайпа-лар егіншілікке, қала мәдениеттілігіне өте бастады. Мемлекет бұл процесті қолдай отырды, егіншілердің мәртебесін асырып, қолайлықтар жасап отырды.
Мемлекет басқару жуйесі әскери күшті негізге ала құрылған еді. Хан өзінің туыстары мен жақындарына отырықшы жер халқынан салық жинау құқығын беріп, оның шақыруына оларды әскери қызметке өз адамдарымен (атты, қаруланған адамдарымен) жетіп келуінміндетті еткен еді. Осы құқық пен міндетке ие адамдар “ иктидар” атағын алды. Жерлерін өз қолын-дағы шаруаларға жалға берілуі қалыптасты. Бас қолбасшылық хан қолында болғанымен, оның билігі жергілікті ірі бектермен шектелетін еді. Осы бектер өз аумағында әкімшілік, сот және әскери билікті жүзеге асыратын еді.Жалпы айтқанда, Қараханидтер мемлекетінің негізі феодалдық құрылысболған еді.